Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:49, доклад

Описание работы

Кандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Работа содержит 1 файл

диана маликова.doc

— 283.00 Кб (Скачать)

Тозуды есептегенде 4330 «Қосымша шығындар» бөлікшесіне өндірістік шоттары, 4345 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» қолданылады.

Тозуды есетегенде:

Дт 4345«Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық активтер амортизациясы» дебеті.

   Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 4214 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.

Тозуды есептегенде:

Дт  4214- 

Кт1251-Есеп беретін сомалар бойынша берешек

Өткізілетін орындарда  тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 4212 «Тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.

Негізгі құралдар өндіріс  процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Тозу –бұл физикалық  және моралдық сипаттамаларын жоғалту  процесі.

Негізгі құралдардың  физикалық тозуы олар пайдаланылған  кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын ( физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың  моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі  және жаңаруымен байланысты. Техника  мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктерінің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдард одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.

Негізгі құралдарды моральды тоздыратын фактор:

1.Өндірістегі жабдықтар  мен жабдықтардың жаңаруы (ескі  машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне  ауыстыру);

2.Технологиялық процестің  жетілуі (жаңа технология кезінде  қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды  пайдалану мүмкін емес);

3.Шығарылатын өнім  номенклатурасының жаңаруы мен  өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар  мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға  жарамсыз);

4. Тауар өндіуге арналған  машиналар мен жабдықтардың санын  азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің, блікті  қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,  өндірістің географиялық орналасуындағы  өзгерістер.

Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;

6.Өнеркәсіптің өңдеуші  салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі.   Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральді тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральді тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральді тозуға бейім.

2.2 Құнды бірқалыпты және жылдамдатып есептен шығару әдісі

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі- бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бірқалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құнмен қалдық құнның айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Мысалы: станоктың бастапқы құны 1000000 теңге ал қалдық құны 100000 теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес жыл деп аталып осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол 180000 теңгені құрайды. Яғни

1000000-100000=900000

900000/5=180000

 Бұл -станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құнымен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл стоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20 пайыз деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.

                                           900000 х 20 % =180000

Төмендегі  кестеден үш жағдайды көруге болады:

  • Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);
  • Жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
  • Негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.

Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен  шығару әдісі (өндірістік әдіс)

Бұл- әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген.

 

9-кесте. Станокқа амортизациялық аударым сомасының

бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады.

 

Мерзімдері

Станоктың бастапқы құны (теңге)

Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге)

Жинақтаған тозу сомасы (теңге)

Станоктың қалдық құны (теңге)

Сатып  алынған кездегі

1000000

------------------

----------------

1000000

жылдың соңында

1000000

180000

180000

820000

2-жылдың соңында

1000000

180000

360000

640000

3-жылдың соңында

1000000

180000

540000

460000

4-жылдың соңында

1000000

180000

720000

280000

5-жылдың соңында

1000000

180000

900000

100000


 

 

Егер жоғарыда, яғни алдыңғы  әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 миллион дана өнімді жасауға  негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Бастапқы құны-қалдық құны       Х           әр жылдағы өндірілген =

_____________________________________________________

жалпы өндірілуге тиісті өнім саны                      өнім саны

 

1000000-100000     Х  әр жылдағы өндірілген өнім  саны = 0,09 теңге  х

___________________________

10000000

әр жылдағы өндірілген өнім саны.

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша  жоғарыда табылғандай 0,09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.

Егер станок

бірінші жылы 3 миллион

екінші жылы 3 миллион

үшінші жылы 2 миллион

төртінші жылы 1 миллион

бесінші жылы 1 миллион

өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері 

бірінші жылы 270000тг = 3 миллион  х 0,09= 270000

екінші жылы 270000 тг = 3 миллион х 0,09 = 270000

үшінші жылы 180000 тг = 2 миллион х 0,09 = 180000

төртінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0,09 = 90000

бесінші жылы 90000 тг = 1 миллион  х 0,09 = 90000 сомаларына тең болады.

 

10-кесте.Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі

 

 

Станоктың бастапқы құны (теңге)

Өндірілген өнім көлемі (дана)

Бір жылдық аморт-лық  аударым сомасы (теңге)

Жинақталған тозу сомасы (теңге)

Станоктың қалдық құны (теңге)

Сатып  алынған кездегі

1000000

--------------

--------------

-------------

1000000

1-жылдың соңында

1000000

3000000

270000

270000

130000

2-жылдың соңында

1000000

3000000

270000

540000

4600001

3-жылдың соңында

1000000

2000000

180000

720000

280000

4-жылдың соңында

1000000

1001000

100

810000

190000

5-жылдың соңында

1000000

1000000

90000

900000

100000


 

Бұл -әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының расында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қодану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне , өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Құнды жылдамдатып  есептен шығару әдісі - жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құраларды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұ әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым (едәуір) асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабіеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізі құрадарды жаңа өнімділігі жоғары басқа д жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелнген жағдай негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негігі құралдарға жылдадатып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдардың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде, яғни бірдей шамада болып қалады.

 

 

2.3 Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы

 

Есепке алу практикасында  кейде амортизация есептеу нәтижесінде  негігі құралдардың баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негігі құралдары өздерінің техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Бұл бөлімде сондай жағдайлардың салдарлары қаралған және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістері келтіріген.

Бухгалтерлік стандарттар  тұрғысынан қаржы есептілігінде  жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланылатын негізгі құрадардың баланстық құнының болмауын дұрыс  деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланғанға дейін (1997 ж.) мұндай жағдайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттары қабылданғаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларда тіпті қаралмаған. Еске сала кетсек, 1997 жылға дейін, мысалы, мемлекет иелігінен алу шеңберлерінде жекешелендірілетін кәсіпорындар үшін толық тозған негізгі құралдарды олардың бастапқы құнының 10 пайызы мөлшерінде бағалау ұсынылды. Кейін ондай негізгі құралдар амортизациялауға жатпады.

Қаржы есептілігінің  халықаралық стандарттарыда (ҚЕХС) мұндай ауытқулар тікелей қаралмаған, алайда салдарлар, егер олар іргелі сипатта болса, ҚЕХС бойынша қаржы есептілігіне түзету енгізілуін қажет етеді.

Қолданыстағы негізгі  құралдарға амортизацияның толық сомасы есептелген болса, бұл жағдайды қаржы есетілігінің дұрыстығына оның салдарларының әсерін ескере қарау қажет. Амортизаия калькуляторларға, принтерлерге, телефон аппараттарына және т.т. толық есептелген жағдай бір басқа да, тозу негізгі құралдар объектілеріне (ғимараттар, станоктар, жадық және т.т.) толық есептелген жағдай бір басқа. Бірінші жағдайда бұл қаржы есептілігі үшін елеусіз екені түсінікті, екінші жағдайда, аталған негізгі құралдар өндіріске тікелей қатысатынын ескерсек, ондай ауытқулар өнімінің өзіндік құнының қалыптастырылуына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін. Нәтиже- өнімнің өзіндік құнының бұрмалануы және , тиісінше, кіріс пен шығыс туралы есеп деректерінің дәлме-дәл болмауы.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында  аталған жағдайлар  ашып көрсетілмеген, бірақ олардың пайда болуының мүмкін екені жоққа шығарылмаған, ашып көрсету қажет екені атап көрсетілген. Жеке-дара айтылған жерді 6 - «Негізгі құралдарды есепке алу» БЕС-ның 31 тармағында кездестіруге болады, онда есепті кезеңнің аяқ кезінде «пайдаланудағы, амортизация толық есептелген негізгі құралдардың бастапқы және ағымдағы құны» туралы ақпаратты ашып көрсету керек екені ескертілген. Бұл ереже бухгалтерлік есептің жалпы идеологиясымен немесе тұжырымдамалық негіздерімен байланыстырылмаған, оның үстіне 6-БЕС-на әдістемелік ұсыныстарда амортизация нормаларын анықтау тәртіі мен негізгі құралдардың пайдалы қызметі мен оны қайта қарау мерзімі туралы жеткілікті түрде айқын ұғым берілген.

Информация о работе Негізгі құралдар