Өндірістегі лизингті дамыту жолдарының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 01:04, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру.

Содержание

Кіріспе
Өндірістегі лизингті дамыту жолдарының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасы лизингтің даму болашағы және перспективалары
Қазақстан Республикасында лизингтің қазіргі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

лизинг реферат.docx

— 290.32 Кб (Скачать)
">      в) Лизингтік келісім мерзімі – лизинг кезеңі деп лизингтік келісімнің мерзімін айтады. Лизинг ұзақ мерзімді аренданың ерекше формасы болғандықтан, объектілердің жоғары құны мен қызмет ету мерзімі лизинг кезеңінің уақыт шегін анықтайды.

      Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде  лизинг беруші мен алушы келесі жағдайларды  ескереді:

     Жабдықтың қызмет ету мерзімі, ол жабдықтың  техникалық – экономикалық  жағдайымен анықталады. Лизингтік келісім шарт мерзімі жабдықтың пайдалану  мерзімінен аспауы тиіс.

     Жабдықтың амортизация кезеңін – үкімет органдары орнатады. Қаржы лизингіне  әдетте келісім шарт мерзімі амортизация  кезеңімен сай келеді.

     Инфляциялық процесс динамикасы. Лизинг беруші үшін инфляция қарқыны тез өсіп отырған  жағдайда ұзақ мерзімге тіркелген аренда төлемдері бар аренда тиімсіз  және керісінше, бағаның төмендеуі  жағдайында лизинг беруші ұзақ мерзімге беруге тырысады.

     г) Лизингтік төлемдері – лизингтік операциялар жобасындағы күрделі сәттің бірі лизинг берушіге тиесілі лизингтік (арендалық) төлемдердің сомасын анықтау болып табылады. Қысқа және ұзақ мерзімді арендада арендалық төлемдердің сомасы белгілі бір деңгейде  арендаға берілетін тауарлардың нарықтық конъюктурасымен анықталады.

     Ұзақ  мерзімді арендада (лизингте) лизингтік  төлемдерді есептеудің негізінде әдістемелік  жағынан негізделген есептеулер алынады, ол есептеу объектісінің құны мен лизингтік келісім шарттың  ұзақтығына байланысты болады.

     Кез келген лизингтік  төлем құрамына келесі негізгі элементтер кіреді:

  • амортизация;
  • келісімді жүзеге асыру үшін, лизинг беруші алатын ресурстардың  төлемі;
  • лизингтік маржа, лизинг берушінің табысы;
  • тәуекелділік сыйақы, оның деңгейі әртүрлілік тәүекелділік деңгейіне

    байланысты.

     Ресурстарға төлем, лизингтік маржа және тәуекел  премиясы – лизингтік процесті құрайды.

     Аренда  төлем сомасына қаржы лизингі  бойынша есептеу үшін аннуитет формуласы  қолданылады (нақты заем бойынша  жыл сайынғы төлемдері ):

           Лизингтік қызметтің қазіргі кездегі нарығы лизингтің көптеген нысандарымен, лизингтік келісім үлгілерімен және лизингтік операцияларды реттейтін нормаларымен сипатталады.

      Әр  түрлі белгілерге қарай лизингтік  операцияларды төмендегідей  етіп топтастыруға болады:

І.   Қатысушылар құрамы бойынша:

    -  тікелей лизинг, мұнда мүлік иесі  өз бетінше объектіні лизингке  өткізеді (екі жақты лизинг );

    - жанама  лизинг, мұнда мүлікті делдал  арқылы лизингке береді (үш жақты  немесе көп жақты  лизинг);

II    Мүлік түрі бойынша:

  • қозғалмайтын  мүлік  лизингі;
  • қозғалатын мүлік лизингі;
  • бұрын пайдалануға болғаны жабдықтың лизингі.

III.  Өзін - өзі ақтау деңгейі бойынша:

  • толық өзін - өзі ақтайтын лизинг, мұнда бір келісім шарт шегінде мүліктің құны толығымен төленеді;
  • толық емес өзін - өзі өтеу, мұнда лизинг барысында арендаға берілген мүліктің құны жартылай өтеледі.

ІҮ.   Амортизация шарты бойынша:

  • толық амортизацияланған лизинг;
  • толық емес амортизацияланған лизинг;

Ү.   Өзін-өзі ақтау деңгейі мен  амортизация жағдайына байланысты:

    - қаржы  лизингі, яғни лизинг туралы  келісім мерзімінде арендатор  аренда берушіге арендаға алынған  мүліктің бүкіл құнын төлейді  (толық амортизациясын).Қаржы лизингі  үлкен көлемді күрделі салымдарды  талап етеді және банктермен  бірлесе жүзеге асырылады. 

    - жедел  лизинг. Келісім 2 жылдан 5жылға дейін  жасалады.Мұндай лизинг объектісіне  әдетте моральдық тозуының қарқыны  жоғары жабдықтар жатады.

VI.   Қызмет көрсету көлемі бойынша:

  • таза лизинг. Егер бұл жағдайда берілетін жабдықтың қызметінің барлығын лизинг алушы өзіне жүктейді.
  • қызметтердің толық жиынтығы бар лизинг – объектіге қызметті лизинг беруші көрсетеді.
  • жартылай қызмет жиынтығы – аренда беруші жартылай қызмет көрсетеді.

VII.   Операциялар өтетін нарық секторына байланысты:

  • ішкі лизинг – келісімге  қатысушылар бір елден болады

         -  халықаралық лизинг – келісімге   қатысушылардың бірі бір елден,  қалғандары басқа елден. Әр  түрлі белгілеріне қарай лизингтік  операцияларды келесі тәртіппен  топтастыруға болады. Қатысушылар  құрамына қарай мынадай болып  бөлінеді:

  • тура  лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
  • жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг ), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

         Тура  лизингтің жиі кездесетін  түрі – қайтымды лизинг,  лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай  бөлуге болады:

  • жылжымалы мүлік лизингі;
  • жылжымайтын мүлік лизингі;
  • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.

Өтеу  деңгейіне қарай  былай бөлуге болады:

  • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
  • толық өтелмейтін лизинг.

Қызмет  объектісіне қарай  былай бөледі:

  • егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
  • толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
  • жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.

    Операция  өткізілетін  нарық  секторында  ішкі  және  сыртқы   (халықаралық) лизингті қарастырады. 

      Сыртқы  лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

     Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды  қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал – жабдықты  пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу  мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

      Қаржылық  лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы  өтелетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі –  лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

      Қаржылық  лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал  болып табылады, оның шартының құрамында  келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

      - меншік  құқығының жал мерзімі  аяқталуына қарай көшу:

      - келісімшартты  бәсекелес саудадан  мүлікті сатып алу құқын ұсынады:

    - жал бойынша жалға берушіге  ең аз төленетін келтірілген  құн жабдықтың  нарықтық   құнының 90%-на тең немесе  одан  жоғары болу керек.

      Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие  бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға  алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

      - жалға алушының ең аз төлемі  – жал  бойынша жылдық төлем:

      - ең жоғары төлем-жалға алынған  мүлікті сатып алу кезіндегі  төлем:

      - келтірілген құн-ағымдағы жылға  келтірілген болашақ жылдың ақша  ағымының құны.

      Егер  жал келісімшарты жоғарыда аталған  қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым  болып саналады.

      “Қаржылық лизинг”туралы Қазақстан Республикасының  заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық  қызмет түрі ретінде анықталады, бұл  кезде:

      - лизинг беруші – лизинг  шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизиг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

      - Лизинг алушы – лизинг  келісімене сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтіруімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдері төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай аалмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

      Лизинг  затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер  учаскілері және басқа да тұтынылатын  заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету  мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін  мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен  бастап, лизинг алушыға лизингтік  затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

      Экономикалық  қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық  және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде  түсінсек, онда оны негізгі қорға  салынған тауарлық несие ретінде  қарастыруға болады.  Сондықтан, кейде лизингті “несие – жал” (фр.”credit-pail”) деп атайды.

      Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан  сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы,  лизинг кезінде жалға  деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны  уақытша қолдануға ғана құқық  ала алады.

       Өндірістік циклде жойылмайтын  материялдық құндылықтардың кез  келген түрі лизингтік қызмет  объектісі болып табылады. Жалға  берілетін объект табиғаты бойынша  жылжымалы және жылжымайтын мүлік  лизингі қарастырылады.

       Мәміле  объектісіне тікелей қатысы  бар тараптар  лизинг  субъектісі болып

саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің  капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының  негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік  несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде  шығуы жатады.

      Лизинг  кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг – ұзақ мерзімді жалдаудың  негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет обектілерінің әрекет ету  мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің  уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік  келісім мерзімін анықтау кезінде  лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді:  құрал-жабдықтың  қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда  болу циклдерін, инфляциялық үрдіс  динамикасын, қарыз капиталы нарығының  жағдаятын (конъюктурасын ) және оны  дамыту беталысын (тенденцияларын).

      Лизинг  берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының  неғұрлым күрделі тәртібі болып  табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

      Төлемдерді  кезеңдеріне қарай былай бөледі:

    • кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;
    • бір мерзімдік төлемдер – егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

Информация о работе Өндірістегі лизингті дамыту жолдарының теориялық негіздері