Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:16, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды дүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді.

Содержание

Кіріспе
1. Аудит және оның түрлері..................................................................................4
1.1. Аудиттің мәні мен мақсаттары...........................................................................4
1.2. Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі...................................8
1.3. Аудиттің көптеген түрлері мен нұсқаларын жіктеу........................................10
2. Нарықтық экономика жағдайындағы аудит..............................................14
2.1. Нарықтық экономика жағдайында есептік-талдамалық ғылымының
мәні........................................................................................................................14
2.2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі аудиттің дамуының
және ұйымдастыру ерекшелігі..........................................................................15
2.3. Іскерлік ақпарат көздерін жіктеудің негізгі белгілері....................................19
3. Аудиротлық ұйымдардың халықаралық тәжірибелері...........................21
3.1. Аудиторлық қызметті ұйымның халықаралық тәжірибелері.........................21
3.2. Аудиторлық фирмалардың консалтингтік қызметі.........................................23
Қорытынды
Пайдалған әдебиет тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс аудит.doc

— 162.00 Кб (Скачать)

Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.

Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ  БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

Үшінші тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерешеклігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең сперктрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтрдің шоғырлануы және икемділігін, клиентпен тікелей байланысудың, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстан аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК «Центраудит – Казахстан», ЖШС «Ержановтар және Ко», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жатқызуға болады.

Ұйымдастыру Формасының бесінші типі – жеке дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салаларындағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.

Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталарды аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруға кеңес берушілк-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемеларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам меңгеруге мүмкіндік береді.

1993 жылдың 18-ші қазанның Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6- мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау-аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

-                     шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдерін;

-                     біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;

-                     акционерлік қоғамдар мен компаниялар;

-                     шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;

-                     жеке-дара аудит және кеңес беру.


Қорытынды

 

Мен бұл курстық жұмыста өзіме берілген  «Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні мен маңызы» тақырыбын ашатындай керекті де, түсінікті материалдарды кеңінен қолдандым. Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында аудиттің өзіндік орны бөлек. Осы жалпы қазіргі кезде, яғни бүгінгі таңда нарықтық экономика жағдайында аудиттің рөлі ерекше және зор болып табылады.

Курстық жұмыс негізгі 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім, яғни «Аудит және оның түрлері» бөлімінде жалпы түсінігі, түрлері, нысандары жайлы және аудит қандай жұмыс атқаратындығы жайлы жазылған, яғни осы бөлімді жақсы меңгердім деп ойлаймын.

Екінші бөлімде «Нарықтық экономика жағдайындағы аудит» туралы жазылған, мұнда менің меңгергенім нарықтық экономика жағдайында аудиттің дамып-өзгеруі, пайда болған жаңа бағыттары, Қазақстан Республикасындағы алған орны болып табылады.

Үшінші бөлім «Аудиротлық ұйымдардың халықаралық тәжірибелері» бөлімінде халықаралық тәжірибе, аудиторлық фирмалардың консалтингтік қызметі жайлы талдау жүргізілді.

Жалпы осы тақырыпты жазған кезімде жан-жақты қарастырдым.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік экономиканың циклдық дамуының төмендеу үрдісі кезеңіне аяқ басты, бұл жағдайлар экономикалық саясаттың түзетілуін қажет етеді. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны мен сапасы, экономикалық саясат бағыты оны мемлекеттік қолдау керектігін көрсетеді. Қаржы дағдарыстары әсерінен болған экономиканы қалпына келтіруді, шығындардың азаюын қажет ететін қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан оны басқара отырып түзету жүйесін құру болжанды. Республикалық бюджетті қалыптастыру, шығыстарын, жоспарлау нәтижелеріне бағдарланған бюджеттеуді енгізуде көздейтін мемлекеттік жаңаша жоспарлаудың жаңа жүйесін қалыптастырып, іске асырудың уақыты келді демекпін.

Осы жалпы курстық жұмысты қорытындылайтын болсақ, теориялық жағынан және тәжірибе жағынан жақсы меңгеріп және осы берілген курстық тақырыбымды ашып, жан-жақты қарастырдым деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.                       «Аудит негіздері» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2005 жыл авт.: Абленов Д. О.

2.                       «Аудит» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2010 жыл,            авт.: Шарипов А.Қ.

3.                       «Қаржылық аудит және талдау» - Алматы қаласы, «Экономика» баспасы - 2010 жыл авт.: Абленов Д. О.

4

 



Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мазмұны