Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:16, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды дүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді.

Содержание

Кіріспе
1. Аудит және оның түрлері..................................................................................4
1.1. Аудиттің мәні мен мақсаттары...........................................................................4
1.2. Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі...................................8
1.3. Аудиттің көптеген түрлері мен нұсқаларын жіктеу........................................10
2. Нарықтық экономика жағдайындағы аудит..............................................14
2.1. Нарықтық экономика жағдайында есептік-талдамалық ғылымының
мәні........................................................................................................................14
2.2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі аудиттің дамуының
және ұйымдастыру ерекшелігі..........................................................................15
2.3. Іскерлік ақпарат көздерін жіктеудің негізгі белгілері....................................19
3. Аудиротлық ұйымдардың халықаралық тәжірибелері...........................21
3.1. Аудиторлық қызметті ұйымның халықаралық тәжірибелері.........................21
3.2. Аудиторлық фирмалардың консалтингтік қызметі.........................................23
Қорытынды
Пайдалған әдебиет тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс аудит.doc

— 162.00 Кб (Скачать)

Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:

- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;

- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;

- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;

- кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны" сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.

Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.

Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.

Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету, екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу, үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу.

 

2.3. Іскерлік ақпарат көздерін жіктеудің негізгі белгілері.

Қаржылық, кешендік және операуциондық аудиттердің ақпараттық базаларының құрылымы олардың мазмұнымен және басқарудағы міндеттеріне байланысты. Бизнес жағдайы туралы мәліметтерді аудиттеу алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қарай мынадай негізгі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

1) функционалдық белгілеумен – жоспарлы, нормативті, есептік, есеп берушілік, есептен тыс және талдамалы

2) көздері және өңдеу деңгейлері – бастапқы, аралық, нәтижелі деректі, көзбен бақылау

3) қажетті мағлұматтардың мөлшерімен – кешшенді, тақырыптық және жеке

4) мазмұндылығы және пайыздылық – жеткілікті, жеткіліксіз, артық, пайдалы және пайдасыз

5) бейнелеу тәсілмен – мәтіндік, сандық, алфавиттік, алфавиттік-сандық, шартты және графикалық

6) өзгеру деңгейлерімен – тұрақты, шартты-тұрақты, өзгермелі және сәттік

7) ұсыну формаларымен – ауызша, жазбаша, телефондық, машиналық, машиналық емес, магнит таспалары мен дискілер, дыбыс жазу және бейне жазу таспалары және т.б.

Есептік ақпарат экономикалық объектінің нақты жағдайын көрсетеді, болып өткен фактілер мен оқиғаларды сипаттайды. Оның көмегімен қызметтің ұйымдастырылу жағдайы мен оны басқару жүйесінің арасындағы кері байланысқа қол жеткізуге болады. Мұндай ақпарат басқарудың басқа міндетті істерін, атап айтқанда, жоспарлауды, ұйымдастыруды, ұйымдастыруды, талдауды, бақылау мен реттеуді жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады. Есептік ақпараттың толық әрі уақтылы болуы, анықтығы қабылданатын шешімдердің пәрменділігі мен негізділігіне себепші болады.


3. Аудиротлық ұйымдардың халықаралық тәжірибелері.

3.1. Аудиторлық қызметті ұйымның халықаралық тәжірибелері

Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда -шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерде - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б. деп атайды.

Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты.

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лаузымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен жэне аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары бар. Дайындау және біліктілік емтиханы сияқты міндеттері бар осындай жалпыға бірдей ассоциациялармен қатар америкалық кәсіби ұйымдар жағымды тәжірибелерді жалпылауға, журнал арқылы әйгілеуге, аудит саласындағы монографиялық әдебиеттерді басып шығаруға және ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл бөледі. Олар ғылыми зерттеу күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешумен ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал мәселелерді де анықтаумен айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін табуға алдын ала әзірлік ерте бастан жүргізеді.

Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институы, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы Ұлыбританиядағы ассоциацияға тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше болып қана қоймай, сонымен бірге британдық доминион, колониялар мен мандаттық аумақтардың (территориялардың) өкілдері де оған кірді. Одан әрі бұл елдердегі ұлт-азаттық қозғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық ұйымдары құрыла бастады.

Палестинадағы бұрынғы британ территориясында 1948 жылы Израиль мемлекеті пайда болғаннан кейін ол жерде сол кездің өзінде әр түрлі британдық кәсіби қоғамдардың мүшелері болып табылатын шамамен 100 бухгалтерлер-аудиторлар болған. Британдық үлгі бойынша және Израиль Әділет министрлігінің басшылығымен бухгалтер-аудитор атағын алуға тілек білдірушілерді емтиханға қабылдау және оларға (емтиханды сәтті тапсырғандарға) осы атақты беру жөнінде арнайы Кеңес құрылған болатын. 1955 жылы Израиль Парламенті атақ берудің шарттарын, кәсіби қызметке байланысты оларға қойылатын талаптарды қарастыратын бухгалтер-аудитор туралы ережені бекітті. Аудитордың британдық тәжірибиесінің ықпалымен Британдық ұлттар ынтымақтастығының құрамына кіретін басқа елдер де осы кәсіптің түрі қалыптасуын бастан кешірді.

Франциядағы аудиторлық қызмет 1969 жылдың 12-ші тамызындағы Декретке және 1994 жылдың 24-ші қаңтарындағы Үкімет қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит саласындағы негізгі жұмысты жалпы мемлекеттік деңгейде кәсіби ұйым – Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы жүргізеді. Аудиторлық қызметті аймақтық деңгейде шамамен 30 аймақтық компаниялар реттейді. Тұтастай алғанда, Францияда аудиторлық қызметті басқарудың жеткілікті дәрежеде қатаң түрде орталықтандырылған жүйесі қалыптасқан.

Франция Есепшот бойынша комисарлардың ұлттық компаниясы тізілімге енгізілген барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды біріктіреді.

Ресейде «аудит» сөзі I Петр (1689-1725 жж.) патшалығы тұсында пайда болды. Аудитор лауазымы арнайы әскери қызметкерлер мүлікке қатысты дау-таласты тергеумен айналысатын армияға енгізілді. Бұрынғы КСРО территориясында Аудит институтын құруға талпыныс 1889, 1912 жэне 1928 жж. болды. Алайда бұл талпыныс-әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшырады, өйткені самодержавия (патшалық немесе императорлық) және әкімшілік-әміршіл жүйе тұсында тәуелсіз қаржылық бақылау органдарына деген қажеттіліқ бола қойған жоқ. Оның үстіне, бұл проблемалар тек қандай да бір елдің нақты жағдайындағы тәуелсіз қаржылық бақылау органдарының әрекет ету тетіктерін ашатын теориялық терең зерттеулер арқылы шешіледі. Аудитті ұйымдастырудың халықаралық озық тәжірибесін зерделеп, қабылдау қысқа мерзім ішінде ТМД елдеріндегі оның жылдам дамуының саяси-экономикалық жағдайын, әдістік, этикалық және нормативті-құқықтық негіздерін жасайды.

 

3.2. Аудиторлық фирмалардың консалтингтік қызметі.

«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымында Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіріледі және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (басқару-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

ҚР «Аудиторлық қызметтер туралы» заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық-құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.

Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өліктері кіреді.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мазмұны