Мемлекеттік бағалы қағаз

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:50, реферат

Описание работы

ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.
1-шi, жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.
2-шi, инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.
3-шi, қаржылық тұрақтылықты және экономикалық өсудi, нарықтық экономиканың субъектiлерiн қамтамасыз ету;
4-шi, экономиканың қаржы саласындағы айналыстағы артық ақшаларды азайту немесе экономика салаларына қолма-қол ақша қажеттiгi туындағанда керiсiнше бағалы қағаздарды сату немесе эмиссиялау.

Содержание

Кіріспе
1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2 Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Реферат Мемлекеттик бағалы кагаз.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

Республикада БҚН қалыптасып, даму шағында. Оның даму жолында алғашқы iс-шаралар жүргiзiлуде. Бюджеттiң кемшiлiгiн толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгiлерiн шығармай, оның орнына мемлекеттiк бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттiк қысқа мерзiмдi вексельдi шығаруда. Алайда БҚН-ның дамуы жолында шешуiн талап ететiн экономикалық және әлеуметтiк-психологиялық мәселелер туындап отыр.

Экономикалық мәселелерге:

      Нарықты реттейтiн механизмнiң жоқтығы;

      Бағалы қағаздар рыногын дамытатын бiрыңғай экономикалық жүйенiң ендi қалыптасып келе жатуы;

      Заңдардың мүлтiксiз орындалмауы;

      Салымдарды тiркеу жүйесiнiң жоқтығы.

      БҚН-ның материалды-техникалық негiзiнiң аздығы

      Нарық инфрақұрылымы өсу деңгейiнiң төмендiгi.

      Бағалы қағаздар бойынша инвестициялардың негiзiнен өндiрiстiң шикiзат саласына салынуы;

 

 

 

 

 

 

 

2 Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы

 

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

      Акциялар;

      Облигациялар;

      Депозиттік және жинақ сертификаттары;

      Ипотекалық куәліктер;

      Депозитарлық қолхаттар.  /8,  58 б/

Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң 2007 жылғы 1 сәуiрiндегi деректерi бойынша мемлекеттiк құнды қағаздардың алғашқы рыногында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ноталары (53919 млн. теңге), МЕҚҚАМ-6 (1452 млн.теңге), МЕҚҚАМ-12 (2937 млн.теңге), МЕОҚАМ-84 (997 млн. теңге), МЕОҚАМ-24 (13404 млн.теңге) айналысқа шығарылды және экономика салаларында орналастырылды. Мемлекеттiк мiндеттемелердiң айналысқа шығарылғандарының тиiмдi жылдық кiрiстiлiгi 5,04%, 4,95%, 5,11%, 5,88% және 6,19% болды.

Еліміздегі айналыста жүрген қысқа мерзiмдiк 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлiгi өткен 2005 жылғы желтоқсан айында толық өтедi. Нәтижесiнде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2006 жылдың соңында қысқа мерзiмдi МЕКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 айдан 10 айға дейiн) жалпы көлемiнiң 9,2%-ын, орта мерзiмдi МЕОКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 жылдан 10 жылға дейiн) – 89,6%-ын және орта мерзiмдi МЕИКАМ-дар (айналыс мерзiмi 3 жылдан 7 жылға дейiн) – 1,2%-ын құрады. /13/

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару 2006 жылдың 4-ші кварталында 1144,9 млрд. теңгені құрады, оның 527,2 млрд. теңгесі акциясының үлесіне тиді. Ал облигацияның мемлекеттік емес жалпы көлемі 0,8%-ды (8,9 млрд. теңге) құрап отыр.  /11, 2 б/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-2 – Мемлекеттік бағалы қағаздардың орналасуы

 

Еліміздің бағалы қағаздар рыногының статистикалық деректемелеріне тоқталатын болсақ, жалпы экономиканың дамуымен қатар және еліміздің қаржы рыногының толық қанды дамуына байланысты бағалы қағаздар көлемі жылдан жылға кеңейіп, дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өткен жылға қорытынды жасасақ 2006 жылы 126,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастырды, бұл көрсеткiш  2003 жылмен салыстырғанда 20,1%-ға артық. Жалпы орналастыру көлемiндегi қысқа мерзiмдi қағаздар 40,4%, орта мерзiмдi қағаздар 59,6 %-ды құрады. Қаржы министрлiгi мемлекттiк бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеудi қоса алғанда 2006 жылы 71,7 млрд. теңге болды. Қазақстанда Қаржы министрлiгiнiң айналыстағы бағалы қағаздарының көлемi 2006 жылғы желтоқсанның соңында 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 229,5 млрд. теңгеге дейiн 41,1%-ға ұлғайды.

Елiмiздегi бағалы қағаздар рыногының қазiргi жағдайына тоқталатын болсақ, бағалы қағаздардың бiрiншi нарығыннда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң 2007 жылғы 1 сәуiрiндегi деректерi бойынша мемлекеттiк құнды қағаздардың алғашқы рыногында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ноталары (53919 млн. теңге), МЕҚҚАМ-6 (1452 млн.теңге), МЕҚҚАМ-12 (2937 млн.теңге), МЕОҚАМ-84 (997 млн. теңге), МЕОҚАМ-24 (13404 млн.теңге) айналысқа шығарылды және экономика салаларында орналастырылды. Мемлекеттiк мiндеттемелердiң айналысқа шығарылғандарының тиiмдi жылдық кiрiстiлiгi 5,04%, 4,95%, 5,11%, 5,88% және 6,19% болды.  /11, 3 б/

Еліміздегі айналыста жүрген қысқа мерзiмдiк 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлiгi 2006 жылғы желтоқсан айында толық өтедi. Нәтижесiнде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2006 жылдың соңында қысқа мерзiмдi МЕКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 айдан 10 айға дейiн) жалпы көлемiнiң 9,2%-ын, орта мерзiмдi МЕОКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 жылдан 10 жылға дейiн) – 89,6%-ын және орта мерзiмдi МЕИКАМ-дар (айналыс мерзiмi 3 жылдан 7 жылға дейiн) – 1,2%-ын құрады.

2006 жылғы санақ бойынша ең жоғары көрсеткiшке жеткен ашық акционерлiк қоғам «Банк Туран Алем»  БҚ-дар айналысы 25% өткен жылға қарағанда өскен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 8 қыркүйектегi №941 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудiң және өтеудiң ережесiне сәйкес, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қазынашылдық мiндеттемелердiң мынадай түрлерi және айналыс мерзiмдерi белгiленген. Оларға:

      Айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi айлық қысқа мерзiмдi қазынащылдық мiндеттемелер (МЕККАМ);

      Айналыс мерзiмi бiр жылдан астам толық бес жылға дейiнгi орташа мерзiмдi қазынашылдық мiндеттемелер (МЕОКАМ);

      Айналыс мерзiмi бес жылдам астам ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МЕУКАМ);

      Айналыс мерзiмi бiр жылдан астам және толық бес жылға дейiнгi орташа мерзiмдi индекстелген қазынашылдық мiндеттемелер (МОИКАМ);

      Айналыс мерзiмi бес жылдам астам ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылдық мiндеттемелерi (МУИКАМ);   /15/

Корпоративтік бағалы қағаздар рыногында қолданыстағы шығарылымдары бар акционерлік қоғамдар саны 2006 жылғы 1 тамызда 2006 жылғы 1 маусымдағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 25-ке азайып 2389 болды.

1 тамыздағы жағдай бойынша 2619 қолданыстағы акциялар шығарылымы және жиынтық номиналдық құны 554,9 млрд. теңге болатын 138 мемлекеттік емес қолданыстағы облигациялар шығарылымы айналыста болды.

2007 жылы шілде айында Агенттік Басқармасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың мәселелері жөнінде келесідей құқықтық актілерді қабылдады:

      «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындылары туралы есепті бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

      «Акционерлік қоғамның аффиилирленген тұлғалары туралы мәліметтер беру туралы»;

      «Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялау қызмет ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсанындағы №373 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы;

      «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы;  /8, 97 б/

Ұлттық банктiң 2006 жылғы деректерi бойынша муниципалдық мемлекеттiк бағалы қағаздарды есепке алғанда мемлекеттiк құнды қағаздар бойынша мәмiле көлемi бағалы қағаздардың екiншi рыногында 442 млрд. теңге болып, ағымдағы жылдың өткен айындағы деректермен салыстырғанда 10,2%-ға өстi.

Елiмiздегi бағалы қағаздардың қолданыстағы түрiне байланысты құрылымын келесi графиктен көре аламыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-3 – Елiмiздегi бағлы қағаздардың қолданыстағы үлес салмағы

 

              Бұл суреттен көріп отырғанымыздай бағалы қағаздардың қайталама нарығының өзінде олардың басым бөлігі мемлекеттік басқаруда болып отыр. Оның үлесі 55% шамасында,  сондай-ақ қаржылық емес секторда 15%, қаржылық секторда 13%, ал жеке тұлғалдың қолында бағалы қағаздардың тек қана 4% ғана болып отыр. Ал қаржы саласы дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары, яғни 10-20% шамасында болып табылады. Бұл аталған елдердің жеке тұлғалары да бағалы қағаздар нарығына белсенді қатысып, жалпы қаржы саласында елеулі орын алады. Сондықтан Қазақстан үшін алдағы жылдары ұлттық қор биржасын дамытып, ел тұрғындары арасында бағалы қағаздар нарығы туралы және оған қатысудың тиімділігі туралы кеңестер мен жарнамалар жүргізуіміз керек.

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, қаржы нарығының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар – мүлiктiк құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелерi қарызының қатысы.  Өз кезегiнде бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi. 

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектiлерiнiң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi.

Қазақстан Республикасында рынотық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады. Олар: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемi тығыз байланыста болады.

Бағалы қғаздар рыногы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады.

ҚР-ның өтпелi экономикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.

      бағалы қағаздарды жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.

      инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.

Информация о работе Мемлекеттік бағалы қағаз