Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:50, реферат
ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.
1-шi, жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.
2-шi, инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.
3-шi, қаржылық тұрақтылықты және экономикалық өсудi, нарықтық экономиканың субъектiлерiн қамтамасыз ету;
4-шi, экономиканың қаржы саласындағы айналыстағы артық ақшаларды азайту немесе экономика салаларына қолма-қол ақша қажеттiгi туындағанда керiсiнше бағалы қағаздарды сату немесе эмиссиялау.
Кіріспе
1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2 Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2 Мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемi байланыста болады.
Бағалы қағаздар нарығы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады.
ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.
1-шi, жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.
2-шi, инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.
3-шi, қаржылық тұрақтылықты және экономикалық өсудi, нарықтық экономиканың субъектiлерiн қамтамасыз ету;
4-шi, экономиканың қаржы саласындағы айналыстағы артық ақшаларды азайту немесе экономика салаларына қолма-қол ақша қажеттiгi туындағанда керiсiнше бағалы қағаздарды сату немесе эмиссиялау.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
Сонымен қатар бағалы қағаздар қаржы айналымы ретінде ол қаржы жүйесінің негізі ретінде оны мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мемлекет үшін маңызы зор болып тағылады.
1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық қатынастардың толық қанды дамып отырған ұлттық экономикада мемлекеттің экономиканы реттеу саясаттары мен шараларын жүргізуде олардың басты әсер ету құралы қаржы көздері мен тұтқалары жатады. Осындай мемлекеттің реттеу шарасындағы қаржылық реттеудің бірі бағалы қағаздар бойынша жүргізетін операциялары болып табылады.
Бүгінгі таңда мемлекет қаржы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиялайды және бағалы қағаздарды сатып алу процесіне де қатысады. Яғни, мемлекет бағалы қағаздар нарығына қатысуы арқылы экономикадағы бос ақша қаражаттары мен инвестицияларды экономиканың қаржыға мұқтаж және ұлттық экономика үшін маңызды салаларын қаржыландыруды жүзеге асырады.
Қазiргi егемен Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негiзiнде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшiн оның құрамдас бөлiктерi болуы қажет. Олар:
Сұраныс пен ұсыныс;
Делдалдар мен басқа қатысушылар;
Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.б.
Нарықты реттейтiн және өзiн-өзi реттейтiн жүйе.
Нарықтың осы құрамдас бөлiктерi қазiргi уақытта негiзiнен құрылып болды. Бұл жөнiнде елiмiзде экономикалық жүйенi реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекетiк меншiктi жекешелендiру ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негiзгi субъектiлерi – акционерлiк қоғамдардың құрылуын тездетуде шешушi роль атқарады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды БҚН болуы мүмкiн емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейi көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебi бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуi – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының басты шарты болып табылады. /8, 117 б/
Елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай деген сұраққа келесiдей жауап беруге болады:
Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай БҚ-дың ең көлемдiсi және ең өтiмдiсi мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi (МҚМ). МҚМ нарығының ерекшелiгi оған қатысушыларға байланысты:
Бiрiншiден, мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi – Қаржы Министрлiгi;
Екiншiден, Ұлттық банк – оның (Қаржы Министрлiгiнiң) Қаржы агентi (уәкiлi), сонымен бiрге мемлекеттiк бағалы қағаздарының дилерi. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсiру шартарын анықтаушылар. Мемлекеттiк бағалы қағаздар:
мемлекеттiк қазыналық векселдер;
мемлекеттiк қазыналық облигациялар;
Қазақстан Ұлттық банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары;
жекешелендiру купондары. /9, 352 б/
Мемлекеттiк қазыналық векселдер мен мемлекеттiк қазыналық облигацияларды iшкi мемлекеттiк қарыз мөлшерiнде мемлекеттiк бюджеттi қаржыландыру мақсатында Қаржы Министiрлiгi шығарады. Ал қысқа мерзiмдi ноталарды банк жүйесiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыз ететiн қаржы қорын толтыру мақсатында ұлттық банк шығарады. Жекеменшiктендiру купондары аукцион арқылы сақталған мемлекеттiк кәсiпорындарды жекеменшiктендiруге пайданалынды, ал оның көптеген мөлшерi жеке адамдар қолында осы күнге дейiн сақталуда. Кәсiп орындар банкротқа ұшырап, жұмыс iстемей тұрған қазiргi кезде жекеменшiктендiру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушiлерге әлi дивденд (пайда) түсiре қойған жоқ.
Мемлекеттiк БҚ-дар келесi мақсаттар үшiн шығарылады: ағымдық бюджет тапшылығын қаржыландыру, бұрын орын тепкен заемдардың орнын толтыру, коммерциялық банкiлер мен басқа да инвесторларды ликвидтiк, резервтiк активтерiмен қамтамасыз ету, әлеуметтiк маңызы бар мекемелермен ұйымдарды қолдауды атқарушы өкiметтiң органдары атқаратын мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру.
Қазiргi кезеңде әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу. Қазақстанның бюджетi қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиiмдiрек әдiсiне – iшкi инвесторлардың мемлекеттiк БҚ-ры (МБҚ) шығару және олардың арасына жайғастыру арқылы бос қаражатын тарту. Мұнда, бiрiншiден, айналымда ақша массасы көлемi ұлғаймалы, екiншiден, инвесторлардың бос ақша қаражаттары байланысады да экономикада елiмiздiң ақша жүйесiнде инфляциялық процестер туындамайды. /8, 124 б/
Қазақстанда 94-шi жылдан берi заңды және жеке тұлғаларға арналған мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер (МҚМ) шығарылып, оларды инвесторлар белсендi түрде сатып алуда. Осы уақытқа дейiн МҚМ нарығы тиiмдiлiгiн көрсеттi. Өйткенi, МҚМ-дi сатып алу бағасы (олар жеңiлдiкпен сатылады) және тиiсiнше сол бойынша кiрiстiлiгi аукциондық негiзде немесе нарық жолымен анықталады.
Қ-да МҚМ-дi шығарғандағы маңызды мақсаттардың бiрi – коммерциялық банктер мен басқа да инвесторларды бос қаражаттарды салудың жоғары ликвидтi объектiлерiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан үкiметiнiң жүргiзiп отырған экономикалық реформалаоры және ұлттық банкiнiң инфляция қарқынын төмендету шараларын мемлекетке ұзақ мерзiмдiк негiзде iштей қарыз алу саясатын жүргiзуде де және МҚМ нарығын олардың айналым мерзiмi бойынша түрлендiрумен бiрге осы нарықтық туындыларын кеңейтуiне мүмкiндiк бередi.
ҚР-сы үкiметi мемлекеттiк iшкi жинақ заем бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттiң ағымдық тапшылығын қаржыландыруға арналған ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығару iске асты.
ҰЖО-ның ерекшелiгi кiрiстiң проценттiк мөлшерлемесi құбылмалы және де үш айлық айналым мерзiмдерiндегi МҚМ-дiң кiрiсiне байланысты тағайындалады.
ҰЖО-ның тағы бiр ерекшелiгi – оның айналымдылығы. ҰЖО-ның белгiлi бiр ликвидтiгiн қолданған кезде инвесторлар кез-келген уақытта өздерiнiң облигацияларын кез-келген заңды және жеке тұлғаны нарықтық баға бойынша сатып жiберуiне және өзiнiң кепiлдiк кiрiсiн алуына болады. /13/
БҚН реттеу мемлекеттiң ең маңызды мiндетi. Ондағы мақсаты – БҚ-мен келiсiмге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы инстуттарының iсiң бағыттау мен реттеу мемелекеттiк органдарға жүктелген.
Республикада ондай органдар болып бағалы қағаздар жөнiдегi ұлттық комисия (БҚЖҰК), Қаржы Министрлiгi, Ұлттық банк, Мүлiктi басқару жөнiндегi Мемелекеттiк комитет саналады. Осы БҚН реттейтiн мемлекеттiк органдардың ең негiзгiсi – Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуiрдiң 21-дегi Республика Президентiнiң «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметi және өкiлеттiгi бекiтiлдi.
БҚЖҰК оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерiнен құрылады. Олар республика заңдарымен мiндеттелген жауапкершiлiкпен толық өкiлеттiлiктi атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерiн Премьер-Министрдiң ұсынуымен 5 жыл мерзiмге республика президентi бекiтедi. Комиссияның тұрақты қызметiн қамтамасыз ету үшiн оның атқрушы аппараты құрылған.
Дүние жүзiлiк тәжiрибеде БҚ-дар нарығын мемлекеттiк реттеу екi түрлi жолмен жүргiзiледi: мемлекеттiк органдар уәкiлi қатысумен тiкелей араласу, сонымен қатар iс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. БҚН өзiмен бiрге барлық ұйымдасқан механизмдердi қамтиды. «Рынок» пен «биржа» екеуiнiң ұқсастығы сұраныс пен ұсыныса қа байланысты товар шығарады, ал айырмашылығы ор биржасының товары бұл бағалы қағаз. Қ-да 1991 жылы үш қор биржасы, яғни: Алматы, Қазақ және Қостанай биржалары болды. 1994 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақ қор биржалары бiрiгiп, нәтижесiнде Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) құрылды. ҚР-сы заң актiлерi бойынша биржа мүшелерi жеке немесе заңды тұлға бола алады. /15, 21 б/
ОАҚБ-ның мүшелерiн төрт категорияға жiктеуге болады. Бiрiншi категория бұл компаниялар, негiзгi БҚ-мен операция жүргiзедi. Компания деректерi ҚР-сы бойынша тiркеледi. Екiншi категория бiрлескен кәсiпорындардан тұрады, бұлар БҚН-на делдалдық мақсатта құрылады. үшiншi категория ҚР-да тiркелген, бiрақ шетелдiк меншiк болып табылатын компаниялар. Төртiншi категория шетелдiк компаниялардан тұрады, яғни шетелде құылған және тiркелген. Қор нарығын мемлекеттiк реттеудiң қажеттiгiн әлемдiк тәжiрибеде көрсетiп бердi. Ол әр елдегi өзiндiк ерекшелiктерге қарай ескерiлетiн жағдайда, мемлекеттiк реттеудiң формалары мен әдiстерiнiң ортақ үлгiсiн жасайды.
Қазақстанда ендi қалыптасқан қор нарығы әзiрге жеткiлiксiз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткiзу үшiн инвесторлардың мүддесiн қорғайтын және БҚН-ның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн заңдылықтарды тез арада одан әрi дамыту керек. Қор биржасы БҚН-на бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың iс-әрекеттерiн реттейтiн бiртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Қазiргi кезде Қазақстанда екi қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта қор биржасы (KASE) және Орталық Азия қор биржасы жұмыс iстейдi. /15/
Қазiргi кезде республикада БҚН қалыптасып, даму шағында. Оның даму жолында алғашқы iс-шаралар жүргiзiлуде. Бюджеттiң кемшiлiгiн толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгiлерiн шығармай, оның орнына мемлекеттiк бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттiк қысқа мерзiмдi вексельдi шығаруда. Алайда БҚН-ның дамуы жолында шешуiн талап ететiн экономикалық және әлеуметтiк-психологиялық мәселелер көп.
Экономикалық мәселелерге:
Нарықты реттейтiн механизмнiң жоқтығы;
БҚН дамытатын бiрыңғай көзқарас жүйесiнiң жоқтығы;
Заңдардың мүлтiксiз орындалмауы;
Салымдарды тiркеу жүйесiнiң жоқтығы.
БҚН-ның материалды-техникалық негiзiнiң аздығы
Нарық инфрақұрылымы өсу деңгейiнiң төмендiгi. /14, 29 б/
Ал, әлеуметтiк-психологиялық мәселелерге БҚН-да маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсендiлiгiнiң төмен деңгейлiгi жатады.
БҚН-на мамандарды бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық Комиссияның осы iспен шұғылдануғы рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестiрiп отырады. Аттестациялық комиссияның құрамына ұлттық комиссияның бiр мүшесi оның басқармасы болып, ал мүшелерi және қатшысы болып, БҚН реттейтiн Бас басқарманың мамандары кiредi. Қазiргi уақытта оқуды табысты бiтiрiп, мамандық туралы бiрiншi санатта куәлiк алған 5000-дай адам брокерлiк, дилерлiк iспен айналысуға құқық алды.
Бағалы қағаздар рыногының құқықтық ережелермен қамтамасыз ету деген мемлекеттiк органдардың бағалы қағаздардар айналымы тиiмдi және мағыналы болуы үшiн белгiлi-бiр жағдай жасайтын заңдар шығару және сол шығарылған заңдардың мемлекет мүддесi мен халық керегiн қанағаттандырып, нарық қатынастарына бет алған қоғамның объективтi экономикалық заңдарына сай келуi. Қазiргi кезде Қ-ның мемлекеттiк заңдарына мемлекетiмiздiң егемендiк алғаннан бергi шыққан заңдар. Президенттiң жарлықтары және үкiметтiң қаулылары, сонымен қатар БҚ-дар жөнiндегi ұлттық комиссияның құқықтық актiлерi жатады. Бағалы қағаздар рыногының құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесiне ақшалы қарыз мiндеттемелерiнiң айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгiлi-бiр ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектiлерiн басқару мен олардың меншiгiне қатынасу құқығы кiредi.
Қазақстанда ендi қалыптасқан қор нарығы әзiрге жеткiлiксiз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткiзу үшiн инвесторлардың мүддесiн қорғайтын және БҚН-ның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн заңдылықтарды тез арада одан әрi дамыту керек. Қор биржасы БҚН-на бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың iс-әрекеттерiн реттейтiн бiртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Қазiргi кезде Қазақстанда екi қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта қор биржасы (KASE) және Орталық Азия қор биржасы жұмыс iстейдi. /15, 22 б/