Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:43, реферат
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығыстар. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
1. Мемлекет шығыстары туралы жалпы түсінік.
2. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру және ондағы қағидаттар.
3. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы.
4. Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар.
5. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.
6. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары.
7. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар.
8. Қолданылған әдебиеттер.
нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың қажетті шарты болып табылады.
Мемлекеттік
резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары
есебінен жасалынады.
Әлеуметтік-мәдени
шараларға жұмсалатын
шығыстар.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу ағартуға, ақпарттық қызмет көрсетуге ( баспасөз, радио хабарын таратуға және теледидар), мәдениетке, өерге, денсаулық сақтатуға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) Мәдениет, өнер, спот және бұқаралық ақпарат құралдары;
3) Денсаулық сақтау;
4)
Мемлекеттік әлеуметтік
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарына, кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді.
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филиалдарды, сазгерлік ұйымдарды, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Дене
шынықтыру мен спортқа
жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары, кәіподақ ұйымдарының қаражаттары,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кірістері, спорт қоғамдарының меншікті
қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына
жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт
ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу
жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін
қаражаттар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Халықты
әлеуметтік қорғау шығыстары
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады.
Әлеуметтік мұқтаждықтарды қаражаттандыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың 3 әдісін бөліп көруге болады.
1) Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді..
2) Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатыныңмақсаттарымен анықталатын деңгейде беріледі.
3) Қайырымдылық жарналары ( қайыр көрсету) әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандыруға құқы бар азаматтар заңнамады көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі орталыөтан, Жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты ( жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға т.б.) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік
жөніндегі, асыраушысынан айырылғандығы
және жас мөлшері бойынша оларды алуға
мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылған
азаматтарға ақша қаражаттарын мемлекеттің
мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.
Қорғанысқа
және басқаруға жұмсалатын
шығыстар
Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін сақтап отыруы тиіс, ол аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерін, елін сыртықы күштердер қорғай алатын мемлекетті ғана тәуелсіз деп тануға болады, осының өзі Қазақстанның төл армиясының құрылуына ұйытқы болды, соған сәйкес әскери доктарина қабылданып, өзінің қалыптасу кезеңінен өтті. Қарулы күштер дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады.
Басшылық пен басқаруды ҚР-ның Қорғаныс министрлігінде орталықтандыру қорғанысқа бағытталған қаржы ресурстарын тиісінше орталықтандыруды талап етеді. Сондықтан қорғанысқа жұмсалатын шығыстар көбінесе республикалық бюджеттен (80% жуығы) қаржыландырылады. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналарды кіріктіреді:
арналардың өнімдерін әзірлеуге, өндеруге және сатып алуға
жұмсалатын шығындар;
құрылысы;
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды үкімет республикалық бюджет
құрамында қарайды, ал Парламент тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылдайды, оған қорғанысқа жұмсалатын шығыстар жеке функциялық топпен бекітіледі.
Мемлекет
шығыстарының құрылымында шаруашылық
құрылыста, әлеуметтік және экономикалық
саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын
басқарудың мемлекеттік аппаратына жұмсалатын
шығыстар шамалы орын алады. Басқару органдарының
көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылық
және мәдени өміріне басшылықты жүзеге
асырады.
Қолданылған
әдебиеттер.
«Қаржы» кітабы.