Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:43, реферат
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығыстар. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
1. Мемлекет шығыстары туралы жалпы түсінік.
2. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру және ондағы қағидаттар.
3. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы.
4. Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар.
5. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.
6. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары.
7. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар.
8. Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«Ақтөбе
ауылшаруашылық колледжі»
МКҚК
Тақырыбы: ________
_____________
Орындаған:Сембаева Ф. 523-топ
Тексерген:
Туркпеналина А. А.
Ақтөбе
қаласы – 2008
Жоспар
1.
Мемлекет шығыстары туралы
2. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру және ондағы қағидаттар.
3.
Мемлекет шығыстарының
4. Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар.
5. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.
6. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары.
7. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар.
8.
Қолданылған әдебиеттер.
Мемлекет
шығыстары туралы жалпы
түсінік.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығыстар. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырымаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттің сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Мемлекет шығыстарының құрамына: мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордыың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1)
өндірістік, шаруашылық пайдалану
қызметімен байланысты
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске ( негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4)
көтермелеу және ынталандыру
қорларына аударылатын
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдырдың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорыдар бойынша мемлекеттік шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Мемлекет
өндіріс құралдарының иесі болып табылады,
өндірістік процестердің ұйымдастырушысы
болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға
және бөлуге қатысады. Сонымен қатар өзінің
функциялары мен міндеттеріне сәйкес
мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы
қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. «Мемлекет шығыстары»
категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды
қамтып көрсетеді және келешекте өзінің
маңызын сақтайды.
Мемлект шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды: әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнім мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлар мен қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары
мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың
барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет
шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет
шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің
бюджетте орталықтандырылған немесе мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағында болатын
қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі.
Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына
кіріктірілетін амортизация сомасымен
өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың
өндірістік капиталдарын көбейту үшін
қарастырылатын күрделі жұмсалымдарға
бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір
бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары
есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын
қаржыландыру үшін негізгі өндірістік
капиталдарды көбейту және жетілдіру
мақсатында және кейін кәсіпорындардың
табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ
мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекет
шығыстарын ұйымдастыру
және ондағы қағидаттар.
Мемлекет шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаржыландыруды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекет шығыстарын
ұйымдастыру қағидаттарының бірі – жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеумік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аударымдар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.мемлекет шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі – баланстық әдіс болып табылады.
Мелекттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылық және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаражаттардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды ( кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістермен қатар қолданылады (мысалы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры).
Даму жоспарларының ( болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шаралады экономикалық әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді. Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау – мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты. Ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдеріне мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды пайдалануға бағытталаған.
Мемлекеттің
шығыстарын ұйымдастырудың қажетті
қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит
және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесімі
болып табылады.
Мемлекет
шығыстарының сыныптамасы.
Мелекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді:
1)
Материалдық өндіріспен
2)
Қызметтің өндірістік емес
3) Мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табыстыжасаумен байланысты;
Мелекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераларға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу, ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Шығыстардың үшінші тобы – мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде өндірістік, сондай-ақ өнірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауармен қамтамасыз етуге арналған.
Предметтік ( мақсатты) белгісі бойынша мемлекет шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығындар болып бөлінеді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектіңнысаны – бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары бар:
Демеу қаржылары кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен
бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді.
Субвенциялар – халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражатты қайтаруға жатады.
Субсидиялар – үлестік негізде белгілі бір шаралары қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды.
Трансферттер
– бюджеттек және бюджеттек тыс қорларды
белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру
үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде
оларды өтеусіз және қайтарусызберу.Әдеттегідей,
бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру
бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша,
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет
және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
Экономиканы
қаржыландыруға жұмсалатын
шығыстар.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар – бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға
жұмсалатын шығыстарда басты орынды
күрделі жұмсалымдар –
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) Құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) Жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) Өзге күрделі жұмыстар мен шығындар
4)
Жаңа салынып жатқан
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1)
Шаруашылық жүргізуші
2)
Банктердің ұзақ мерзімді
3) Халықтың жинақ ақшасы ( тұрғын үй құрылысына)
4) Бюджеттен қаржы бөлу.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындары кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің өзіндік құнына