Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 18:43, курсовая работа
Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.
Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.
Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:
Қаржыландыру түрлері:
Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.
Субвенция
– жергілікті өкімет орындарына немесе
шараушылықтың жекелеген
Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.
Ақшалық
қорларды пайдалануды ұйымдастыру
тәсілдері:
Қаржылық
қызметтің жүргізілуінің
І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;
ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.
ІІІ.
Екі жақты қаржылы-құқықты
ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.
Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:
ҚАРЖЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Қаржы (“қолма –
қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн
орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia”
сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен
шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi
сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып,
тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының
жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы
және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және
өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ
ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта
қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң
дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар
- ақша айырбасы жағдайында пайда болып,
дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық
өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық
қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар
– ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы
сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика
жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз
болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын
бейнелеп көрсетедi.
Қаржы ғылыми ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық
өмiрде сан алуан нысандарда пайда болатын
қызметтермен ассоциацияланады және мiндеттi
түрде ақша қатынастарының қозғалысымен
қосарлана жүредi.
Бүгiнде қаржы терминiн күнделiктi қолданысқа
енгiзген авторды атау қиын. Бұл терминiң
авторлығын 1577 жылы “Республика туралы
алты кiтап” деген жұмысын бастырып шығарған
француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының
кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт
(б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.
Аристотельдiң (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы
көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк
құрылысы ” атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары,
тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы
мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi
рөлi қоғамның экономикалық құрылсымен,
мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Түрлi қоғамдық – экономикалық формациялар
қаржысының айырмашылығы мына себептерге
байланысты:
• әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның
өзiне меншiктi таптық құрылымы сай келедi.
Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң
пайдасына қайта бөлудi ұйымдастыра отырып,
оны бөлудiң қатынастарын есепке алады;
• кезкелген қоғамдық – экономикалық
формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн
қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне
бағынады;
• өндiрiстiң жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың
жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен, құл иеленушi
және феодалдық формацияларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының
қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистiк шаруашылық тауар
– ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше
мемлекеттiң табысы да ақша нысанында
қалыптасады;
• егер мемлекет басқару органы ретiнде
қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың
ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне
қызмет ететiн болса, онда бұл мiндеттерге
қаржы да қызмет етедi.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi
қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар
қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар
бетiнде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма
– қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп
айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа
иеленушiге беруi болып табылады. Алайда,
кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы
операциясына жата бермейдi, өйткенi ақша
түрлi құндық экономикалық категориялардың
– бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының
кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық
өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып,
жүзеге асырады. Тiкелей қаржы операцияларына
мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма
– қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары;
негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық
соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу
және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық
арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн
аудару; қайырымдылық қорларына қаражат
төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн кеден
баждарын төлеу және басқа операциялар.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз
бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi
қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi
арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес,
тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi,
сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай
орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты
жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде
қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi
пайдалануға жiберiлетiн материалдық ресурстар
бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкiл
сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас
едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы
мемлекеттiң, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң,
сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың
мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары
жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек
ақша қорларының, атап айтқанда табыстар
мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты
болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен
шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына,
мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай
есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген
өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды
калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау,
ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша
айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi.
Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып
алу және сату (тiптi мемлекет бөлше сауда
бағаларын реттеп отырған жағдайда да)
кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын
да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi
мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын
азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады.
Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң
теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi
тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан
болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын
ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық
емес өзгешелiгi болады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да,
функциялары жағынан да айырмашылығы
бар.
Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетiн
жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы
iшкi өнiм мен ұлттық табысты бөлудiң және
қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша
қроларын жасау мен пайдалануға бақылау
жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және
тұтынуға ықпал жасайды және объективтi
сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың
белгiлi бiр сферасын бiлдiредi және базистiк
категорияға жатажы.
Қаржыны экономикалық категорилардың
қатарынан бөлiп алу үшiн қаржы құбылысын
қарастырудан оның мәнiн – зат болмысының
барлық әр алуан нысандарының бiрлiгiн
бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын зерттеуге
көшу қажет.
Қаржының
мәні болу қатынастарының ерекше саласы
ретінде бөлу функциясымен айқындалады.
Осы функция арқылы қаржының қоғамдық
мақсаты жүзеге асырылып және әрбір
шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті
к.аржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
Қаржының бөлу функциясының қызмет ету
объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны,
сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын
ұлттық байлықтың бөлігі.
Қаржылық бөлудің субъектілері болып
ұдайы өндіріс үдерісінің қатынасушылары
және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары
бар заңды және жеке түлғалар (мемлекет,
кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар)
табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материальдық
өндіріс, айналыс және тұтыну салалары
тәрізді қоғам өмірінің барлык саласында
жүреді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы
басқарудың, жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті
деңгейін қамтиды. Қаржылық бөлуге шаруашылық
ішілік, салаішілік, салааралық, аумақаралық
бөлудің әр түрін тудыратын көпсатылық.
Қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты.
Каржылар ұдайы өндіріс үдерісінің, жалпы
және жекеленген фазаларын сандық түрде
көрсету қасиетіне ие. Қаржы олардың қоғамдық
ұдайы өндірісте алатын орны туралы мәселемен
алмастырылады, себебі бұлар әр турлі
мәселелер болса да, бір-бірімен өзара
өте тығыз байланысты. Әрине, қаржылар
коғамдык ұдайы өндірісте елеулі рөлге
ие, олардың көмегімен өндіріс факторларын
тиімді пайдалану арқылы құндылык пропорциялар
реттелуі мүмкін және т.б. Бірақ қаржының
бөлгіштік қасиетін жақтаушылар қаржыны
ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңіне
қызмет ету барысында пайда болады дәл
есептемейді, керісінше оларды қаржының
арнайы қоғамдық белгіленуімен байланыстырады.
Және қаржыға үш функция тән деп есептейді:
ақша қорларын қалыптастыру, ақша қорларын
пайдалану және бақылау. Бірақ алғашқы
екеуі бөлгіштік функциясының жүзеге
асырылу механизмі ретінде айқындалады.
Даулы мәселелердің туындауы қаржының
функциясының мәні туралы теориялық мәселелерді
шешуді міндеттейді. Қаржының экономикалық
табиғаты мен оларға тән қасиеттерін тереңірек
игеру оны практикада ең тиімді жолдармен
колдануға, экономиканы қаржылық сауықтыруға
және қаржылық байланыс жуйесін жетілдіруге
бағытталған шараларды ғылыми түрде негіздеуге
мүмкіндік береді.