Әлеуметтік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 20:19, лекция

Описание работы

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік саясат.docx

— 89.75 Кб (Скачать)

Сілтемелер:

  1. Жұматай И. Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты // САЯСАТ-POLICY. 2007. № 12. 71 б.
  2. Платон. Собр. соч. 6 4 томах. Т. 3.
  3. Аристотель. Собр. соч. в 4 томах. Т. 4.
  4. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. — М 1985.
  5. Фихте О. соч. в 2-х. томах т.2-СПб/ 1993г.
  6. Хеффе О. Политика. Право. Справедливость/ Основоположения критической философии права и государства.Москва/1994.
  7. Социальные ориентиры обновления: общество и человек / Под ред. Т.И. Заславской. – М.: Политиздат, 1990.
  8. Барнер Р. Словарь социальной работы /Пер. с анг. – М., 1994.
  9. Социальная политика государства: понятный фрагмент А.И. Стребков Homo philosophans. Сборник к 60-летию профессора К.А. Сергеева. Серия «Мыслители», выпуск 12. СПб.: Санкт-Петербургское философское общество, 2002. С.396-403.
  10. «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылы 17 шілде.
  11. «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылєы 13 сәуідегі N 39 Заңы.
  12. www.gfss.kz / БАСТАПҚЫ БЕТ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
  13. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы.
  14. http://www.parlam.kz «2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  15. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. «Адам әлеуетінің дамуы – тәуелсіздіктің басты құндылығы». Егемен Қазақстан. 2007 жыл 16 желтоқсан.
 
 

ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.  
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды. 
Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті. «Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде: 
халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту;  
кедейшілікті жою; 
халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 
мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру; 
мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;  
ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.  
Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары осы маңызды құжаттардың логикалық жалғасы болып табылады, Жолдаулардың барлығы да әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен ел халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, елдің болашақ дамуында өзіндік орны бар бұл Жолдауларда қоғамның әлеуметтік жаңғыруындағы өмір сапасының стандарттары мен адам капиталының сапасын арттыруға ерекше мән берілуі кездейсоқ емес. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына көрінуді міндеттей отырып, елдің ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің бір өлшемі – халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары көрсеткіші, тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы деп қарастырып, әлеуметтік қоғам құру стратегиясын айқындап отыр. Әлеуметттік тұрақтылық – мемлекетіміздің үздіксіз дамуының, қоғамның алаңсыз өсіп өркендеуінің маңызды кепілі. Сонымен, республикамыздың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін атағанда, мемлекеттік бюджет кірістерінің жоғарылауы елдегі ірі әлеуметтік бағдарламаларды өз деңгейінде іске асыруға мүмкіндік беретіні. Бұл бағдарламада ауылды дамыту, ауылды өркендету, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту сияқты мәселелер қаралған.  
Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамай, біршама даму бағдарламаларды қаржыландыру тоқтатылса да, әлеуметтік бағдарламалардың ешбір кедергісіз жүзеге асырылатынын Елбасыныңың өзі міндеттеуі – әлеуметтік саясат басты бағыт екенін көрсетеді. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.  
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды. 
Әлемдегі рыноктық шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді ол, мемлекет қарттар мен мүгедектерге көмектесуі керек. Бірақ еркін экономикалық және қоғамдық құрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі өмірдің қиындығын жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: "Сен, мемлекет, маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес” деп емес, "Мен өзімді қорғауға күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал, сен, мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса”деуі керек, дейді ол.  
Осы орайда, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат саласында "халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек” деген қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кездейсоқтық емес. "Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес бағыттау керек”, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек беру саясаты "әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен” емес, жұмыс істейтіндердің қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды дайындаумен айналысады. Сөйтіп, мемлекеттік қолдау жүйесі азаматтардың оқып, жаңа мамандық алуына көмектесіп, соған ынталануына жағдай жасайтын болады. Бұл ұсыныс Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында да көрініс тапты. Елбасы халық алдында мемлекет міндеттерін сақтауға ерекше көңіл бөлді, бұлар: әлеуметтік төлемдер, бюджеттегілерге еңбекақы төлеу.  
Экономиканы әрі қарай жаңғыртудың және елдің дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамтамсыз ету стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Жолдауды іске асыру мақсатында қосымша жұмыс орындарын құру, кадрларды қайта даярлау, іскерлік белсенділікті дамыту арқылы еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қамтитын 60-тармақтан тұратын «Жол картасы» әзірленіп, ондағы іс-шаралар өз кезегінде уақытылы орындалуда. 
Ғаламдық экономикалық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізуіне тікелей байланысты. Тіпті, тәуелді десек те болады. Ал Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы басым бағыт – аймақтық экономикалық саясатты жетілдіру. Қарапайым халықтың мүддесін көздеген уақытта ғана ұлттық экономика халыққа қызмет етеді. 
Әлемдік экономикалық тәжірибе жүргізілетін реформалардың табысты болуы тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді. Қоғамдағы бойда тұмшаланған белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сол ғана күшті серпін беретіні сөзсіз.

 

Информация о работе Әлеуметтік саясат