Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 20:19, лекция
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.
Әлеуметтік саясат
Әлеуметтік саясат не үшін керек?
Әлемдік
даму аренасына қадам басқан кез
келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің
барлық қажеттіліктерін
Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы. [1]
Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның» 22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .
Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар
«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». [2] Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.
Т.Гоббс, И.Кант, Ф.Гегель және т.б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В.фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» [4] мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.
И.Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді [5].
О.Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қоғалуы тиіс» [6].
Т.И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т.И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар [7].
«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р.Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат – индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі» [8].
Әлеуметтік статус теориясы – әлеуметтік стратификация концепциясының құрамды бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г.Д.Мейн және адан кейін жалғастырғанда Р.Линтон, Ф.Мерилл. Әлеуметтік статус тұлғаның қоғамдағы жасы, жынысы, шығу тегі бойынша алатын орнын білдіреді. Статус туылғаннан (әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілген (білімі және біліктілігі) болып екіге бөлінеді. Осы тұста әлеуметтік саясат қоғамда адамдардың түрлі статустарға ие болуы мен өсіп дамуына, ең бастысы әлеуметтену үрдісінің белсенді жүруіне ат салысып, қамтамасыз етуі керек.
Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды. Себебі қоғамның өзі – әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады. Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар – М.Вебер, Т.Парсонс, П.Сорокин. М.Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды.
«Әлеуметтік ұғымы» бізідің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.
Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірбиесі
Әлем елдері тарихында өзін әлеуметтік мемлекет ретінде ең алғаш 1949 ГФР, 1958 жылы Франция, 1978 жылы Испания, 1990 жылы КСРО, 1995 жылы Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан, Қазақстан жариялады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған қызметті қамтылаған мемлекеттің бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Классикалық үлгіде әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік сақтандыру мен қоғам мүшелерінің әлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге деген әлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып жүр. Әлеуметтік қызметтер жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлау, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады. Әлемдік тәжірбиеде бұдан да басқа халықты әлеуметік қорғаудың қалыптасқан үлгілері көп. Әлеуметтік саясат жүргізу үлгілерін әртүрлі классификациялайды. Олардың көпшілігі әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және жекелей азаматтардың қатысу деңгейі мен алатын роліне байланысты принциптерге негізделген. Геосаяси аспектіде қарастыратын болсақ, скандинавиялық, континенталды және американ-британдық әлеуметтік саясат үлгілерін көрсетуге болады [9].
Скандинавиялық үлгіні – социал-демократиялық, континенталдыны – социал-нарықтық, ал американ-британдықты – либералды үлгі деп атайды.
Бұл үлгілердің ерекшелігі мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесіне қандай формада қатысуына байланысты байқалады. Мәселен Скандинавия мен континенталды үлгіні ұстанған Европа мемлекеттерінде әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет тарапынан, ал Оңтүстік Европа елдерінде үкіметтік емес ұйымдар мен агенттіктер, шіркеулер, кәсіподақтар, әр түрлі әлеуметтік топтарды қосатын мүдделі ұйымдар мен қайырымдылық қорлары арқылы ұсынылады. Католиктік елдерде мемлекеттің көпшілік әлеуметтік міндеттерін шіркеулер өз мойнына алады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың скандинавиялық үлгісі
Әлеуметтік
саясат жүргізудің бұл типінде әлеуметтік
қажеттіліктерге деген
Халықты әлеуметтік қорғаудың континенталды үлгісі
Әлеуметтік саясат жүргізудің континеталды үлгісінде мемлекет тек қана әлеуметтік төлемдер төлеумен ғана айналысалы, ал әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырмайды. Мұнда мемлекет бюджетінен және жұмысшылар мен жұмыс берушілердің әлеуметтің шараларға бөлетін қаражаты бірдей мөлшерде, және негізгі қаражат көзі мемлекеттік және жеке әлеуметтік-сақтандыру қорлары болып табылады. Бұл үлгіні ұстанатындар – Германия, Франция, Австрия, Бельгия. Осы елдердің ішінде Германияның әлеуметтік саясатыны тоқталып өтсек, ең алдымен Германияда 1946 Альфред Мюллер-Армак жылы «нарық еркіндігі» мен «әлеуметтік теңестіру» принциптерін біріктіретін және экономикалық саясатты анықтайтын «әлеуметтік нарықтық қатынас» ұғымын енгізді. Мұндай саясаттың мақсаты экономикалық сферада қоғамның әрбір мүшесінің өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасайтын әлеуметтік саясат болып табылады. Бұл үшін индивидтердің шаруашылық қызметін реттейтін институционалды жағдайлар керек. Бірінші кезекте табысты бюджет арқылы қайта бөлу немес швециялық үлгідегідей тегін әлеуметтік қызметтер емес, ал әлеуметтік қорғау бағытталған еңбекке қабілетті халыққа экономикалық жағдай жасау тұр. Сонымен қатар Германияда әлеуметтік сақтандырудың төрт түрі бар: зейнетақылық, медициналық, жұмыссыздыққа және күтілмеген жағдайға қатысты. Әлеуметтік сақтандыру жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы есебінен қаржыландырып, қызмет түріне байланысты дифференциацияланып төленеді. Әлеуметтік сақтандыру принципі белгілі бір қорларына төлемдер төлеген болса, онда төлеген адамға қызметтер алуына құқық береді. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекет есебінен төленетін балаларға жәрдемақы (бала туылғанда берілетін, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларға), босқындарға көмек, білім алуға жәрдемақы, жастарға көмек, емделуге жәрдемақы, зейнеткерлік субсидиялары, соғыс құрбандарына көмек, мүгедектер мен қоғамның басқа да кедей, әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Германияның мемлекеттік әлеуметтік саясатының аясында денсаулық сақтау жүйесінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі орындалады. Нәтижесінде халықтың 90 пайызы міндетті сақтандырумен, 8 пайызы жекеменшік , ал 2 пайыз халықтың бөлігіне мемлекет өзі төлейді. 1990 жылдары Германия өзінің экономикалық әлеуметтік даму бағытының шыңына жетті, уақыт және нарық өзгеріп отырғандықтан Германияның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі модеренизацияны талап етеді.
Халықты әлеуметтік қорғаудың американ-британдық үлгісі