Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:44, реферат
Қазіргі кезде ғылыми әдебитеттерде салық ауыртпалығы бір неше түрге бөлініп қарастырылады: экономиканың (мемлекеттік тұрғыдан) салық ауыртпалығы, халықтың салық ауыртпалығы және жұмысшы мен кәсіпорындардың салық ауыртпалығы. Осылай бөлу арқылы қалыптасқан иерархияны ұстана отырып, салық ауыртпалығын екі аспектіде қарастыруға болады: макродеңгей, яғни салық салу ауыртпалығының тұтастай бір елге (экономикаға және тұтастай халыққа тигізетін әсерін қарастыратын болса), микродеңгей – аталған ауыртпалықтың әлеуметтік топтарды құрайтын жұмысшының және қандай да бір кәсіпорындардың көтеретін салық ауыртпалығын қарастырады.
2005-2009 жылдар аралығында жалпы салық ауыртпалығы коэффициентінің төмендеп келгенін байқауға болады. Мұндай өзгеріс 2004 жылдың нәтижесі бойынша өзгеше байқалады. 2001 жылдан кейінгі салық мөлшерлемесіне өзеріс 2003 жылы енгізіліп, келесі жылы күшіне енген болатын, яғни салық мөлшерлемесінің шәкілінің ең жоғарғы мөлшерлемесі 30% 20%-ға дейін төмендеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылдың қаңтар айынан бастап енгізілген салық мөлшерлемесі 15 мыңға дейін (олардың құрамы 4 пайыз) және 65 мыңнан жоғары табыс табатындарға ғана ыңғайлы, яғни, бірінші табыс бойынша салық ауыртпалығы 1,2 пайызға, екінші жағдай бойынша 0,1-0,4 пайызға дейін төмендеп отыр. Ал, орташа табыс табатын халықтың 70 пайызын құрайтын бөлігіне ол аса тиімді емес.
Сондықтан, халықтың әл – ауқатын әлі де болса көтеру және демографиялық проблеманы дұрыс жолға қою үшін салық ауыртпалығын оңтайландыру керек.
Жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша 2007 жылы енгізілген бірыңғай 10% -дық салық мөлшерлемесінің төлем қабілеттілігі қағидасына аса сәйкес келмейді, 2008 жылдан бастап тәжірибеге жалпыға бірдей табыстың декларациялану мәселесінің көтерілетіндігін ескере отырып, салық мөлшерлемесін төмендету қажет.
Қазірге кездегі отандық экономикалық реформалардың ішіндегі маңызды міндет өндіріске салынатын инвестицияның өсімі, өндірістің тиімділігі, экономиканың әртараптануы. Сондықтан, экономиканың түрлі салаларындағы салық ауыртапалығын анықтау маңызды.
Салық
ауыртпалығының деңгейін түрлі салада
қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар
деңгейінде қарастыратын болсақ, онда
олардың табысындағы жалпы салықтардың
үлесі жыл өткен сайын жоғарылағаны көрінеді
(кесте 3).
Кесте
3 – 2004-2008 жылдар аралығындағы экономика
салаларының табысындағы төленген салықтар
үлесінің өсу серпіні
(%) | |||||||
Экономика салалары | 2000ж | 2001ж | 2002ж | 2003ж | 2004ж | 2005ж | 2006ж |
Салалардың
барлығы бойынша,
оның ішінде: |
10,8 | 11,38 | 12,1 | 12,5 | 13,1 | 15,8 | 16,8 |
Ауыл шаруашылығы | 3,7 | 4,8 | 3,3 | 2,35 | 4,3 | 4,9 | 4,7 |
Өнеркәсіп | 13,5 | 15,0 | 15,8 | 16,0 | 16,4 | 19,8 | 20,6 |
Құрылыс | 6,4 | 7,5 | 6,4 | 5,5 | 4,6 | 4,5 | 9,7 |
Сауда: автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды жөндеу | 4,7 | 6,1 | 5,7 | 6,1 | 6,1 | 5,8 | 5,6 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар | 8,1 | 9,93 | 10,2 | 9,8 | 8,2 | 9,3 | 9,2 |
Көлік және байланыс | 11,9 | 11,6 | 11,9 | 12,6 | 8,5 | 7,9 | 9,8 |
Қаржылық қызмет | 4,1 | 12,6 | 9,4 | 4,8 | 7,1 | 4,7 | 2,0 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру | 14,1 | 11,8 | 16,1 | 14,2 | 12,8 | 14,1 | 14,5 |
Коммуналдық, әлеуметтік және басқа да қызметтер көрсету | 8,3 | 9,64 | 10,3 | 8,6 | 7,8 | 9,1 | 8,5 |
Ескерту - ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері пайдаланыла отырып, автормен есептелді |
Салықтық төлемдердің құрылымын қарайтын болсақ, ол әрбір кәсіпорында әртүрлі. Көбінесе ол, кәсіпорындардың қаржылық – экономикалық жағдайына байланысты. Бір ғана нәрсе ортақ, яғни, салықтардың басым бөлігін ірі салықтар: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтік салық береді.
Корпорациялық табыс салығының кәсіпорындар төлеген салықтардағы үлесі тау- кен өндірісінде 50-59 пайызға дейін құрайды, ал, өңдеу өнеркәсібінде соңғы екі жылда 37-41% құраған. Ал, аталған салықтың ең төменгі үлесі ауыл шаруашылығы саласында – 2000 жылдан бастап 5% -дан 8% -ға дейін көтерілген, коммуналды және әлеуметтік қызмет саласында, қонақүй және мейрамхана, сауда, құрылыс саласында 10-15 пайызды құрайды. Көлік және байланыс, қаржылық қызмет, жылжымайтын мүліктермен операция жасау саласында 20-30% құрайды.
Ал, ең ірі салықтардың бірі қосылған құнға салынатын салықтың салыстырмалы түрдегі жоғарғы үлесі (50-60%) қызмет көрсету, сауда мен құрылыс саласында. Тау – кен өндірісінде соңғы жылдары 3 пайызға дейін, өңдеу өнеркәсібінде 15% -дан 10% -ға дейін төмендеген. Оған қосылған құн салығы бойынша салық мөлшерлемесінің 16% -дан 15%-ға дейін төмендеуі, салық салынатын айналымның ең төменгі мөлшерінің 12000-нан 15000 айлық есептік көрсеткішке дейін жоғарылауы сияқты оң өзгерістер өз септігін тигізді. Әлеуметтік салықтың үлесі салалар арасында 10-20%-ға дейін сараланады. Меншікке салынатын салықтардың үлесі барлық салада бір шамалас 1,5-3 пайызды құрайды.
Байқап отырғанымыздай, ауыл шаруашылығы саласында корпорациялық табыс салығының төмендеуіне салық заңнамасы негізінде оларға берілген жеңілдіктердің әсері бар екені байқалады, ал өндіріс саласында табыс салығы ауыртпалығының жыл сайын өсіп отырғандығы қазіргі жағдайда түйінді мәселенің бірі деуге болады.
Информация о работе Кәсіпорынның салық ауыртпалығын есептеу тәртібі (әдістері)