Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:44, реферат
Қазіргі кезде ғылыми әдебитеттерде салық ауыртпалығы бір неше түрге бөлініп қарастырылады: экономиканың (мемлекеттік тұрғыдан) салық ауыртпалығы, халықтың салық ауыртпалығы және жұмысшы мен кәсіпорындардың салық ауыртпалығы. Осылай бөлу арқылы қалыптасқан иерархияны ұстана отырып, салық ауыртпалығын екі аспектіде қарастыруға болады: макродеңгей, яғни салық салу ауыртпалығының тұтастай бір елге (экономикаға және тұтастай халыққа тигізетін әсерін қарастыратын болса), микродеңгей – аталған ауыртпалықтың әлеуметтік топтарды құрайтын жұмысшының және қандай да бір кәсіпорындардың көтеретін салық ауыртпалығын қарастырады.
Кәсіпорынның салық
ауыртпалығын есептеу
тәртібі (әдістері)
Кез-келген салық жүйесінің шешуші түрдегі сапалық сипатын көрсетететін және оны әлеуметтік тұрғыдан бағалаудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – оның ауыртпалығы, яғни қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріне салықтардың түсіретін қысымының мөлшері.
Қазіргі кезде ғылыми
Салық ауыртпалығын салық жүйесінің сапалық көрсеткіші ретінде де қарастыруға болады, өйткені, дұрыс жолға қойылған салық жүйесі мемлекеттің қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, салық төлеушілердің ынтасын төмендетпеуі, әлеуметтік жағдайын әлсіретпеуі керек және оларды шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың жолын іздестіріп отыруға міндеттеуі тиіс.
Заңды тұлға немесе жеке тұлға үшін макродеңгейдегі жалпы салық ауыртпалығының маңыздылығы шамалы, өйткені, бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға төленетін салық сомасы оның табысынан алынады, сондықтан салық ауыртпалығын сипаттайтын басқа көрсеткіш қажет.
Халықтың
салық ауыртпалығын экономист - ғалымдар
түрлі жолдармен анықтауды ұсынады.
Атап айтсақ, тәжірибеде жиі кездесетін
әдістердің бірі халықтың жан басына
шаққандағы төлеген барлық салықтарының
сомасының жан басына шаққандағы табысқа
қатынасы. Оны, келесі формула арқылы
есептеуге болады.
мұндағы: K – халықтың салық ауыртпалығы;
S -
жанама салықтарды қоса
T - халықтың табысы.
N
– халық саны.
Жұмысшының
салық ауыртпалығы табысқа
Келесі кезекте кәсіпорындардың салық ауыртпалығын қарастыратын болсақ, экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардағы салық ауыртпалығын анықтаудың түрлі жолдары кездеседі және бүгінге дейін оны анықтаудың бірыңғай көрсеткіші жоқ. Шаруашылық жүргізуші субъектлердің салық ауыртпалығына кешенді түрде баға беру, олардың экономикалық белсенділігіне салық ауыртпалығының қалай әсер ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, нақты бір кәсіпорынның салық ауыртпалығын анықтау әдісі макродеңгейдегі сияқты, салық төлеушінің төлеген салық сомасының оның табысына қатынасына тең.
Әлемдік
тәжірибеде келтірілген көрсеткіштердің
бір-бірінен айырмашылығы шаруашылық
жүргізуші субъектлердің
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің салық ауыртпалығын анықтау әдістерінің бірі төленген барлық салық сомасының сатудан түскен табысқа қатынасы.
мұндағы: K- кәсіпорындардың салық ауыртпалығы;
S – жеке табыс салығын
Tс – кәсіпорынның негізгі
қызметінен, яғни тауарларды (қызмет,
жұмыс) сатудан түскен табысы.
Аталған көрсеткіш негізінде сатудан алынатын түсімдегі салықтың үлесі анықталады. Аталған әдістің кемшілігі сол, сатудан түскен түсім барлық салықтардың төлем көзі болып табылмайды. Дегенмен, жалпы табыстағы салықтардың үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, төленген
Аталған салық ауыртпалығын
есептеудің қандай
да бір әдісін қолдану кезінде, олардың
ешқайсысының да таза күйінде шаруашылық
жүргізуші субъектлердің салықтық ауыртпалығын
нақты түрде көрсетпейтінін байқауға
болады (әрқайсысының өзіне тән кемшіліктері
бар). Бірақ, салық салудың әлеуметтік
салдарын анықтау үшін олардың табыстағы
атқаратын рөлін көрсету біздің зерттеуіміз
үшін жеткілікті. Ол, салық жүйесіне салық
мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату,
салық жеңілдіктерін белгілеу және т.б.с.с.
өзгерістер енгізген кезде пайда болатын
салдарлардың алдын алуға мүмкіндік береді
және есептеудің ең қарапайым түрі.
Тікелей
– салық ауыртпалығының өсу деңгейі
мен халықтың табысы немесе олардың
тұрмыс деңгейінің өсу қарқынының салыстырмалы
көрсеткіші, яғни, халықтың табысының
өсу қарқыны салық ауыртпалығының өсу
қарқынынан жоғары болса салық салу салдары
жағымды, керісінше болған жағдайда тиімсіз;
жанама – бюджеттен бөлінетін әлеуметтік
шығындардың өсу қарқыны мен халықтың
салық ауыртпалығының салыстырмалы өсу
деңгейі, сәйкесінше, әлеуметтік шығындардың
өсу қарқыны салық ауыртпалығының өсуінен
жоғары болса, салық салудың жанама салдары
жағымды, ал, салық ауыртпалығының өсу
қарқыны әлеуметтік шығындардың өсу қарқынынан
басым болса, аталған салдарды жағымсыз
деуге негіз бар: мұнда салық ауыртпалығы
жоғарылап, ал, одан көретін халықтың пайдасы
төмендейді.
Сурет 3
- Салық салудың әлеуметтік салдарларын
анықтау критерийлері
Қазіргі
кезде елімізде қолданылып отырған
салық механизмнің әлеуметтік проблемаларды
шешуге тигізетін ықпалын, сол арқылы
оның әлеуметтік салдарларының қаншалықты
екендігін салыстырмалы түрде қарастыру
арқылы баға бере аламыз.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, экономиканың тиімділігіне табыстардың бөліну теңсіздігін төмендетуге және қоғамдағы әлеуметтік ымыраға жеткізетін адам капиталына және прогрессивті әлеуметтік шаралар жүйесіне мемлекет тарапынан аумақты инвестиция салу арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Соңғы
жылдары бюджеттің кіріс
Салық жүйесінің әлеуметтік сипатына баға беру үшін, салықтың әлеуметтік салдарын салмақтаудың тікелей критерийлерінің бірі – халықтың табысындағы салық ауыртпалығының деңгейін қарастырамыз. Халықтың табысының 90 пайызы өндірістік тауарлар мен азық - түлік сатып алуға кететіндігін ескеретін болсақ, олар төлейтін салықтардың басым бөлігі жанама салықтардан құралады, ал, оны анықтаудың біз үшін мүмкіндігі аз болғандықтан, бюджетке түскен жан басына шаққандағы жанама салықтар және жеке тұлғалар төлейтін салықтардың сомасы мен жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерін салыстырамыз.
2002
жылдан бастап мемлекеттік
Жан басына шаққанда төленген салықтар сомасы (жанама салықтарды қоса алғанда) жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің шамамен 9% құрайды, ал ЖІӨ- дегі жан басына шаққандағы әлеуметтік шығыстардың үлесі 10-11% құрайды. Соңғы жылдары, әсіресе 2004-2006 жылдардың аралығында жан басына шаққандағы ЖІӨ -нің жоғарылауы салық саясатының да дұрыс жолға қойылғандығынан хабардар етеді.
Салық
ауыртпалығын микродеңгейде анықтау
әдісінің бірі - азаматтардың төлейтін
негізгі салығы – жеке табыс салығының
ауыртпалығын есептеу. Бұл көрсеткіш
бізге жеке тұлғалардың материалдық
жағдайына табыс салығының
Сурет 5 - 2000-2007 жылдар аралығындағы орташа жалақы мен табыс салығы ауыртпалығының салыстырмалы өсу серпіні
Суреттен байқап отырғанымыздай соңғы 2005 – 2007 жылдардағы салық ауыртпалығының өсу деңгейі олардың орташа жалақысының өсу деңгейінен жоғары.
Бұл, сәйкесінше аталған салық салудан жағымсыз әлеуметтік салдардың пайда болғанын білдіреді. Оған себеп, біріншіден, халықтың өмір сүру деңгейінің қолданыстағы салық салу жүйесіне сәйкес келмейтіндігі. Соңғы жылдары орташа жалақының өсу деңгейі, салық ауыртпалығының өсу деңгейінен қарағанда 2004 жылы - 3,2 пайызға, 2005 жылы – 5,6%, 2006 жылы – 14%-ға төмендеу үрдісіне ие. Ал, Президенттің 2006 жылғы наурыз айындағы Халыққа жолдауында атап өткеніндей, 2007 жылдан бастап бірыңғай 10 пайыздық мөлшерлеме енгізілді, байқап отырғанымыздай, үстіміздегі жылы салық ауыртпалығының өсу деңгейі базалық жылмен салыстырғанда 117 % -ға жоғарылаған. Сондықтан, аталған мөлшерлеменің әлеуметтік тұрғыдан ұтымдылығы күмән тудыратын мәселе.
Сонымен
қатар, енгізілетін салық
Кесте 2 - 2000-2007 жылдар аралығындағы жеке тұлғалардың табыс салығының ауыртпалығы коэффициентінің өсу серпіні
Табыс мөлшері, теңге | 2000ж | 2001ж | 2002ж | 2003ж | 2004ж | 2005ж | 2006ж | 2007ж |
15000 | 4,9 | 4,6 | 4,3 | 4,2 | 4,2 | 4,2 | 4,1 | 2,9 |
25000 | 6,5 | 6,4 | 6,2 | 6,0 | 5,2 | 5,0 | 5,2 | 5,3 |
35000 | 9,8 | 9,2 | 7 | 6,9 | 5,8 | 5,7 | 5,7 | 6,3 |
45000 | 11,6 | 11,2 | 8,9 | 8,4 | 6,4 | 6,1 | 6,0 | 6,9 |
55000 | 13 | 12,4 | 10,5 | 10,1 | 7,4 | 7,1 | 6,9 | 7,3 |
65000 | 15,2 | 14,4 | 11,7 | 11,4 | 8,0 | 7,8 | 7,7 | 7,6 |
75000 | 16,8 | 16 | 12,5 | 12,2 | 8,5 | 8,4 | 8,2 | 7,8 |
Ескерту - Автормен есептелді |
Информация о работе Кәсіпорынның салық ауыртпалығын есептеу тәртібі (әдістері)