Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 10:47, реферат

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру......................................................................5
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру............................................5
1.2Қаржылық жоспарлаудың мәні...................................................................10
ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы..............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................24
Корытынды......................................................................................................28
Колданылған әдебиеттер...............................................................................31

Работа содержит 1 файл

ҚР қаржы жүйесі және инфляция саясаты. 43.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

Борышқа қызмет көрсету                                                       15 563,8

III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК  КРЕДИТ БЕРУ                         57 879,7

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР                                              60 146,4

Ауыл, су, орман, балық  шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар  дүниесін қорғау, жер қатынастары                                                                            60 000,0

Басқалар                                                                                 146,4

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ  ӨТЕУ                                      2 266,7

Бюджеттік кредиттерді  өтеу                                                2 266,7

IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН  БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША  САЛЬДО                                                                    1 808,8

ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ                            1 904,9

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк  қызметтер                               146,6

Басқалар                                                                               1 758,3

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР                                                                                    96,1

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер   96,1

V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ  (ПРОФИЦИТІ)                13 962,6

VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)                                               13 962,6

ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ                                             119 305,6

Қарыздар түсімі                                                                 119 305,6

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ                                                         24 274,7

Қарыздарды өтеу                                                                   24 274,7

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ                                                                                                108 993,5

 

 

 

 

 

                                                      Қорытынды

 

Сонымен, жоғарыда баяндалған мәселелелерді қорыта келе, мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды деп айта аламыз.

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына  байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттің қаржылық жүйедегі қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі мақсаты: қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау, ал міндеттеріне қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған  мақсат – міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.

Қаржылық жоспарлау  обьектісі ақшалай қор болып  табылды. Ал ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын  құрайды.

Бірсыпыра   шет  ел  мамандарының  пікірінше   Қазақстанда  жеңіл  өнеркәсіп  және  туризмді  дамытуда  инфляция  салдарын  баяулатуға  болады.Сондықтан  бұл  салалардың   дамуына  айырықша  көңіл  бөлінуі  керек. Сыртқы  сауда  мен  айналысатын  кәсіпорындарды  толық   өзін - өзі   валюталық ақтауға кешіру, ұлттық  ақша  теңгені ендіру  толық қажет .Сонымен инфляцияның халықтың  әл – ауқатының деңгейіне теріс әсер  ететін  нәтижелерін азайту  керек.

         ″  Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  банкі  туралы" Заңға  енгізілген  және  1 қаңтардан  басатп  күшіне  енген  соңғы  өзгерістерге  сәйкес, Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. Сондықтан  қазіргі  уақытта  Ұлттық  банк  инфляция  бойынша  бағдарларды белгілейді.Тиісінше,Ұлттық  банк  теңгенің  айырбас бағамы  бойынша бағдарларды белгілемейді  және  ішкі  валюта  рыногында теңгенің  айырбас бағамының алыпсатарлық  секірістерінің  алдын алу қажет болғанда  ғана  барынша аз  қатысатыны  болмаса, оны  қалыптастыруға  араласпайды.

Адам өмірі  өне  бойы  қозғалыста  болғандықтан, ондағы  қоғамдық  қатынастар  өзгеріп, жаңарып  отырады.

      Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен  салыстырғанда  құнының  төмендеп  кетуімен  туады  да, товарлар  бағасының  көтерілуіне  әкеп  соғады.Экономика  ілімінің  дүниеге  келуі  адамзат  қоғамының  аяқтан  тұруымен  қатар жүрді.

      Республикада  осы  өтпелі  кезеңде  ауыр  да  қарама-қайшы  процестер   болып  отыр.Соның  бірі  инфляция  болып  отыр.

      Бүгінде   адамзат  өмірі  қай  жағынан   алып  қарасаңыз  да  әр  түрлі   мәселелермен  бетпе – бет   келіп  отыр,оның  бірі  экономиикалық   жағдайлар.Қазірде  жер  бетінде   сол  сауалдар  мен  жағдайлар   көп  ескерілуде.

      Шынын   айтсақ, ұлттық  валюта  енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің  еліміз  үшін  өте қиын  жылдар  болды. Жалпы  экономикалық  сипаттағы  объективті  қиындықтар  ( бағларды  ырықтандыруға  және  өндірістің  құлдырауына  байланысты  инфляцияның  жоғарғы  деңгейі, импорт  тауарларының  қанағаттандырмайтын  сұраныстың  едәуір )  шет  ел  валютасына  сұраныстың  өсуіне, ал  ізінше, бағамның  өсуіне  әкеп  соқты.Теңгені  енгізуге  қатысты  есеп  айырысу  жүргізген  кезде  ұлттық  валютаның  тұрақтылығына  ықпал  ете  алатын  барлық  негізгі  факторлар  есепке  алынған. Алғашқы  кезде  теңге  бағамы  төмендейді деп  күтілген  болатын.Алайда ,мысалы  1994  жылы  кәсіпорындардың  сәтсіз  жүргізілген  өзара  шаруашылық  есеп  беруі  сияқты  өтінішті   экономикалық  жаңсақтықтар   алғашқы  айларда   теңге  айналысының  жағдайын   біршама  қиындатты. Енгізіген  кезден  бастап  алғашқы  жеті  айда  8  есе  құнсызданды.

     Ия, шынында   теңгені  енгізгеннен  кейінгі   екі  үш  жылда  оның  бағамы  тұрақсыз  болды, инфляция  қарқыны  көбейгендігі  белгілі. Мұны  теңге  енгізілген  кезде  болжамдаған  болатын. Бірақ, міне  біз  өзіміз  көріп  отырғанымыздай  теңге  нарықта  тұрақтанды. Мүмкін  оның  алғашқыда  құлдырау  себебі,  біздің  елде  КСРО  құлағаннан  кейінгі  қаржы  жүйесінің  біршама  сақталынуы  және  өз  ұлттық  валютамызды  бірінші  рет  нарық  сахнасына енгізуінде, теңгеге  нарықтың  әсері  болуы  шығар. Алайда,енді  біз  сеніммен  теңгенің    аяғына  тік  тұрып   тұрақтанғанын 

     Қазіргі   кезде  біздің  елде  қаржы  саясаты   тұрақтанды  деп  айтуға  болады.Жоғарыда  айтылғандай  ұлттық  банк  бағдарды  инфляция  бойынша  ғана  белгілейтін   болады. Тағы  да  осы  тақырып  бойынша  айтатын  жаңалық  ол  2004  жылы  27   қаңтарда  Президентіміздің  ұлттық  банк  төрағасы  етіп  Сайденов А.Г  мырзаны   тағайындауы. Ол  ұлттық  банк  қызметінің  тікелей  ауысуына  байланысты  болар.Ендігі  кезде  бүкіл   халық, Президентіміз  жаңа  ұлттық  банк  төрағасына  сеніп ,әрі  қарай  еліміздің  экономикасына  тұрақтандыруға  сенуде.Халқымыз  үмітпен  " Іске сәт ″ демек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер   тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
  2. «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников;
  3. «Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ.
  4. www.minfin.kz
  5. www.egov.kz
  6. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты.
  7. Амрекулов Н. “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi”

 

 

          

 

 

 

 

 

      

         

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты