Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 10:47, реферат

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру......................................................................5
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру............................................5
1.2Қаржылық жоспарлаудың мәні...................................................................10
ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы..............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................24
Корытынды......................................................................................................28
Колданылған әдебиеттер...............................................................................31

Работа содержит 1 файл

ҚР қаржы жүйесі және инфляция саясаты. 43.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

      Қаржылық  жоспарлаудың әдістемелігі аса  маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

      Орталықтандарылған  және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің  үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының  жасағанда екі негіздің (бастаудың)  орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы  басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

      Биліктің  жергілікті органдары бюджеттерінің  олардың аумағында орналасқан  шаруашылық жүргізуші субъектілер  қызметінің нәтижесіне тәуелділігінің  белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің  негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың  экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;

      Бірлік  қағидаты қаржылық жоспарлаудың  экономикалық және әлеуметтік  жоспарлаумен тығыз өзара байланысы  мен өзара тәуелділігінде көрініп  білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде  экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

      Жоспарлаудың  үздіксіздік қағидаты перспективалық  және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық  жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет  жасау:

    - жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.

    -  бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;

    - бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

     Қаржыны  жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің  көмегімен жүзеге асырылады, олардың  қатарына жататын ең маңыздылары  мыналар:

  1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :

 

      - мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке  алмайды;

      -   материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
  2. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
  3. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
  4. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

      Объективті  талаптарға жауап беретін қаржылық  жоспарлауды ұйымдастыру оның  негізгі қағидаттарын саналы  есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

      Қаржылық  жоспарлауда тарихи мына ұйымдық  қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

     Нарықтық  қатынастар жағдайында аумақтық  және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

      Қаржылық  жоспарлаудағы предметтік мақсатты  қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

      Қаржы  жоспарларын жасау негізінен  үш  кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде  есеп беріліп отырылған мезгілдің  қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.

      Екінші  кезеңде әлеуметтік және экономикалық  даму жоспарлары мен бағдарламаларының  көрсеткіштері негізінде кірістер  мен шығыстардың нақтылы түрлерінің  есеп қисаптары жасалады.

     Үшінші  кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері

 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe сәйкес жүзеге  асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:

      • Қазынашылық комитеті;
      • Кедендiк бақылау комитетi;
      • Салық комитетi;
      • Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
      • Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
      • Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

ҚР Қаржы  министрлігінің негізгі міндеттері: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету; 
       Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болыптабылады                       
       

Министрлiктiң функциялары мен құқықтары  

Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен: 
           1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды: 
      тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды; 
      мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды; 
      бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды; 
      заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды); 
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi; 
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды: 
      республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi; 
      түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi, өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi; 
      ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi; 
      келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды; 
      мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзудi; 
      республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi; 
      үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды дайындауды; 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iрiктеудi; 
      уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi; 
      түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит келiсiмдердiң жобаларын дайындауды; 
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердiң берiлуiн, қызмет көрсетілуiн және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың есебiн, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етудi; 
      республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды; 
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi жасауды; 
      бюджет есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi; 
      бюджет жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi дамытуды және жетілдiрудi; 
      қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есептілiк нысандарын, оны жасау мен берудiң тәртiбiн әзiрлеудi; 
      бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы, оның iшiнде өз құзыретi шегінде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласындағы функцияларды орындауды; 
      мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiрудi және мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етудi; 
      салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi; 
      этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының мемлекеттік реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi; 
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі есеп пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына баға беру, гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi; 
      республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды; 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды және бекiтілуiн қамтамасыз етудi; 
      Қазақстан Республикасында кеден iсінің басшылығын жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасының кеден және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудi; 
      банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды, соттан тыс рәсiмде дәрменсiз борышкердi таратуды, сондай-ақ дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз етудi; 
      мемлекеттік меншіктi басқару және жекешелендiру жүйесiн ұйымдастыруды; 
      мемлекеттiк кiрiстер бойынша мемлекеттік есептілік алымының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiрудi; 
      өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмыстары мен мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз етудi; 
      Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларының орындалуын үйлестіру мен қамтамасыз етудi жүзеге асырады. Министрлiктiң: 
      мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға; 
      өз құзыретi шегінде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға; 
      Министрлiктiң қарамағындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесiмдердi жоюға немесе тоқтата тұруға; 
      акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық меншiктегi басқа да мүлiкке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық кесiмдермен және Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген жағдайларда билiк етуге; 
      Министрлiктiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға; 
      бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуды және қаржыландыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге; 
      жергілікті атқарушы органдардан облыстың, Астана және Алматы қалаларының бекiтілген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден - шығыстар сметаларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға; 
      республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептерiне баға, сондай-ақ бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тиiмділiгi мен орындылығына баға беруге; 
      Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.

ҚР Қаржы  Министрлігінің мамандандырылған комитеттері 

Салық комитеті

 Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады. 
      Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету; 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру; 
      Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 
      Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету; 
      Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 
      Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
     Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 

Комитеттің функциялары мен құқықтары      

 Комитет заңнамада  белгiленген тәртiппен мыналарды  жүзеге асырады: 
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: 
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу; 
      салық төлеушiлердi, салық салу объектілерiн және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және жүргiзу; 
      салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау; 
      этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру; 
      салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, мұнай өнiмдерiн өндірушілердiң, мұнайды жеткiзушілердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекi өнiмдерiн өндiретін тұлғалардың қызметіне мониторинг; 
      өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң түсуi мәселелерi бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастық; 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетi (әрекетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң кесiмдерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау; 
      салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау; 
     

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты