Корпоративтік қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 12:07, курсовая работа

Описание работы

«Корпоративтік қаржы» Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жоғары квалификациялы мамандар дайындауға қажетті пәндердің негізгілерінің бірі. Бұл пәнде меншікті қаржы ресурстарының пайда болуы, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, олардың бөлу мен пайдалануда сонымен қатар өндірістік негізгі қорлармен айналым қаражаттарының қалыптасуымен өнімді процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар, және дамыған елдердегі экономиканы реттеудің әр түрлі формалары мен әдістерінің қолдану тәжірбиесі көрсетіледі.

Содержание

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………………….3
I Корпорациялар қаржысы
1.1 Ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны...........................................................................................…………….4

II Корпорацияның негізгі капиталы
2.1 Корпорацияның айналым капиталы ………………………………………..11
III Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі…………………….27
Қорытынды ………………………………………………………………………..24
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………25

Работа содержит 1 файл

корпоративтк каржы курсавой.doc

— 192.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Болашақ университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Корпоративтік қаржы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Орындаған: ЗФ-10-8 тобының студенті

                                                                                           Мырзахметов. Ж А

                                                     Қабылдаған: Коорпоративтік қаржы    

                                                  пәнінің оқытушысы Кадырова Г.А.

 

 

Қарағанды

2012

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ………………………………………………………………………….3

I Корпорациялар қаржысы 
1.1 Ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны...........................................................................................…………….4 

 

II Корпорацияның негізгі капиталы

2.1 Корпорацияның айналым капиталы ………………………………………..11 

III Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі…………………….27

Қорытынды ………………………………………………………………………..24

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………25 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

«Корпоративтік қаржы» Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жоғары квалификациялы мамандар дайындауға қажетті пәндердің негізгілерінің бірі. Бұл пәнде меншікті қаржы ресурстарының пайда болуы, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, олардың бөлу мен пайдалануда сонымен қатар өндірістік негізгі қорлармен айналым қаражаттарының қалыптасуымен өнімді процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар, және дамыған елдердегі экономиканы реттеудің әр түрлі формалары мен әдістерінің қолдану тәжірбиесі көрсетіледі.

СОӨЖ және СОЖ тапсырмалар  жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру  және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды, ақша теориясының көздерін орналастырып, жаңалықтарға баға беріп, терминдермен түсініктерді қолдануға бағытталған.

«Корпоративтік қаржы» – курсының мазмұны- меншікті қаржы ресурстарының пайда болуы, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, олардың бөлу мен пайдалануда сонымен қатар өндірістік негізгі қорлармен айналым қаражаттарының қалыптасуымен өнімді процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар.

«Корпоративтік қаржы» курсының мәселесі - Корпорациялар  қаржысын ұйымдастырудың теориялық  және тәжірбелік негіздерін зерттеу  мен қаржылық, пайданы оптимизациялауға жету мақсаттарында тиімді басқару  болып табылады.

«Корпоративтік қаржы» пәні оқу нәтижесінде студент мына жетістікке жету керек:

    • нарық қатынастарында корпорация қаржылық қатынастарының теориясы мен тәжірибесіне ие болу керек, сонымен қатар, түрлі меншіктік және шаруашылық нысандағы кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктерін игеру қажет;
    • корпорацияның қаржылық жағдайын бағалап, қаражылық жоспар мен болжамдар құруы керек;
    • экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызымет ететін түрлі салаларында дұрыс қаржылық шешеімдер қабылдау қабілетіне ие болу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Корпорациялар қаржысы 
1.1 Ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны

 

 

Корпорация – бұл заңды тұлға, өз иелерінен жеке және ерекше құқығы бар, заңды тұлғалардың міндеттері мен артықшылықтары. Корпорация – қарыз алуына және меншікті иемденуіне, сонымен қатар олар талапкер және жауапкерде бола алады, келісімшарт жүргізе алады.

Бұл бизнес ұйымының негізгі ерекшелігі – корпорацияның жекеменшіктерінен тәуелсіз өмір сүруі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық қатынастарын келесі бағыттарда топтастыруға болады:

  • құрылтайшылар арасында туындайтын кәсіпорынды құру кезінде және оның жарғылық капиталының құрылуы;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында өнімді сату және өндіру кезінде;
  • кәсіпорын және оның бөлімшелері арасында айналым құралдары, табысты бөлу және қайта бөлу барысында;
  • кәсіпорын және оның қызметкерлері арасында айналым құралдары, табысты бөлу және қайта бөлу барысында.

Қаржылық  математикалық  жалпы түсінігін білу келесі материалды түсінуге өте қажет. Мұндай түсініктердің  неггізгісі –проценттік (пайыздар) ақша болып табылады. Оларды анықтағанда қаржылық есептеулердің көбінің мәні құрылады.

Пайыздар-әр түрлі формада қарызға берілген капиталдан түскен табыс (несиелер,

Ссудалық пайыздардың  жай қойылымдары. Ссудалық пайыздардың жай қойылымдары әдетте қысқа мерзімді қаржылық операциялар кезінде қолданылады. Онда есептеу аралығы есеп айырысу кезеңімен сәйкес келеді немесе әр есептеу аралығынан кейін кредиторға пайыздар төленеді:  Әрине ссудалық пайыздардың жай қойылымдары қатысушылардың екіжақты келісімдері бойынша басқада жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Ссудалық пайыздардың  күрделі қойылымдары.(декурсивті әдіс). Егер есептеу аралығынан кейін кіріс (табыс)  есептелмей (берілмей), ақша сомасына қосылса, алынған соманы анықтау  үшін күрделі пайыз формуласымен анықтайды. Күрделі ссудалық пайыздар әр түрлі қаржылық операцияларды қолданғанда болатын кен таралған түрі.

Қарапайым есептік қойылмдар  –антисипатиптік әдіс бойынша пайыздарды есептеуде алынатын табыстар сомасы есеп айырысу кезеңінде түскен сомадан  есептелінеді: Бұл сома алынатын кредиттің көлемі болып саналады. Осылайша пайыздар әр аралықтың басында есептелінеді. Мұндай операцияны есеп қойылымы бойынша дисконттық, сондай-ақ коммерциялық және банктік есептік болып табылады.

Осы мақсатты жету үшін келесі міндеттері орындалу керек:

  • корпорация қаржысының қызметін, ұйымдастыру негіздерін, мәнін, мемлекеттің қаржы жүйесіндегі рөлін, кәсіпорындардын қаржылық қатынастарын теореилық түсіндіру;
  • қаржы ресурстарының корпорация активтері мен олардың пайда болу көздерінің оңтайлы құрамы мен құрылымын мәнін ашу;
  • қаржылық есептеулер әдістері туралы түсінік беріп тәжірибелік біліктілікті арттыру;
  • қаржылық жоспарлаудың әдістерін, қағидаларын, құрылымы мен мазмұнын түсіндіру;
  • корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын, қаржылық дәрменсіздік және банкроттықты болдырмауды қарастыру;
  • қаржылық құралдарды стратегиялық және ағымды қаржылық жоспарлауда қаржылық-шаруашылық қызметті талдауда, нақты экономикалық жағдайларда кәсіпорындардың инвестициялық және қаржылық саясатянда басқару шешімдерін қабылдауда қолдану мүмкіндігі үшін талдаулық ойлау қабілетін дамыту.
  • Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны, оның функциялары, Корпорациялардың қаржы механизмі, компанияның қаржылық құрылымы.
  • Корпорация қаржысының ұйымдастыру принциптері және рөлі: олардың мазмұны және кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне әсері.
  • Корпорациялардың қаржылық службасының міндеттері. Компания қызмет етуінің сыртқы ортасы. Компанияның капитал нарығындағы қызметі. Бюджетпен, коммерциялық банктермен, сақтандыру және басқа компаниялар мен ұйымдармен қаржылық қатынастардың сипаты.
  • Ақшаның уақыттық құндылығының түсінігі, компания капиталының (қәзіргі) және болашақтағы құны. Дисконттау және компандентеу. Саудалық пайыздардың жай және күрднлі ставклары жай және күрделі есептеу ставкалары.
  • Түрлі типтегі проценттік ставкалардың эквиваленттілігі. Қаржылық шешімдер қабылдауда ақшаның инфляциялық құнсыдауының есебі.
  • Аннуитеттер бағалы қағаздар бойынша дивиденттер мен проценттер бағалы қағаздармен операциялардың табыстылығы. Қаржылық құралдарды бағалау акция мен облигациялар. Таза келтірілген құн.
  • Негізгі капитал түсінігі, оның құрылымы және корпорация қаржысын ұйымдастырудағы рөлі. Негізгі құралдардын материалдық емес активтердің, аяқталмаған капиталды құрылыстың, ұзақ мерзімді инвестициялардың экономикалық табиғаты құрамы және құрылымы. Негізгі капиталды бағалау әдістер. Бастапқы, қалпына келу, жойылу және қалдық құндар негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні.
  • Амортизация, оның аударылуы және негізгі капиталды жаңартудағы рөлі. Амортизацияны аудару әдістері. Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері.
  • Корпорацияның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері, жинақтардың мәні және инвестициялар мен инвестициялық қызметтің экономикалық мазмұны. Қазқстандағы қәзіргі кезде корпорациялардың инвестициялық саясатының ерешеліктері. Капиталсалымдарды негезгі капиталды ұдайы өндіру тәсілі ретінде. Инвестициялар түрлері: тікелей, портфельдік және венчурлық инвестициялар. Негізгі қорларды жөндеуді қаржыландыру инвестицияларды негізгі қорларға және материалдық емес активтерді қаржыландыру көздері.
  • Айналым капиталының экономикалық мазмұны және жіктелуі. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері, олрдың құрамы мен құрылымы.
  • Компания өндірістік запастары: запастағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз: оның көлемінің деңгейі және басқару. Компанияның қаражаттар, олардың түсі мен жұмсалу арналры. ақша қаражаттары ағымын болжамдау. Қолмақол ақшаны басқару моделі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар тез өтімді бағалы қағаздардың портфелінің ерекшелігі мен құрылу принциптері.
  • Компанияның айналым капиталының құрылу көздері, кредиторлық қарыз; оның айналым капиталының құрылуындағы қажеттілігі.
  • Меншікті айналым капиталы. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері. Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, оның пайда болу себебі. Толысу көздері. Ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді үлгілеу.
  • Айналым капиталын қолданудың экономикалық тиімділігі, оның компанияның қаржылық жағдайына әсері және жоғарылату жолдары.
  • Корпорация шығындарының экономикалық жіктелуі. Баптарымен элементтер бойынша өнім, жұмыс, қызмет көрсетулердің өз құнының құрылымы. Өзіндік құнның құрамы мен құрылымының салалық ерешеліктері.

Шығындар деңгейінің көрсеткіштері, олардың төмендету жолдары мен резервтері. Өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды жоспарлау. Өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды бағылау бюджеттеу. Өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды қаржыландыру шығындар ққұрылымының компания қызметінің түпкі нәтіжелеріне әсері.

               Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.  Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

  1. капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;
  2. капитал, кіріс жэне ақша қорын пайдалану;
  3. бақылау функциясы.

Бірінші функция ұдайы  өндіріс процесінің үздіксіздігін  қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады. Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік қүжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған жәңе есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі.Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру  
принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.     

Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
  2. өзін-өзі өтеушілік жэне өзін-өзі қаржыландыру;
  3. айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік жэне қарыз бойынша бөлу;
  4. қаржы резервінің болуы.

 

   Өзін-өзі  реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияғa) қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.Кәсіпорын (корпорация) өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге (қызметке ) сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді (қызметті) тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға (келісімшартарға) негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда (бизнес-жоспарда) қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс. Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. Өзін-өзі қаржыландыру принципінде кәсіпорынның (корпорацияның) шартты міндеттемелерді, кредит-есеп айырысу және салық тәртібін сақтау үшін материалдық жауапкершілігі күшейтіледі. Кәсіпорын шаруашылық шарттарды бұзу үшін басқа ұйымдарға айыппұл санкциясын төлеп, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуде (тұтынушының келісімінсіз) өнім (жұмыс, қызмет) жеткізу міндеттемелерін орындауға міндетті.      

 Бюджет операциялық  және қаржылық бюджетке бөлінеді.   

 Операциялық  бюджетінің құрамына мыналар кіреді: сату бюджеті; өндіріс бюджеті; өндірістік запас бюджеті; материал мен энергия шығынының бюджеті; еңбекақы шығынының бюджеті; амортизациялық аударым бюджеті; жалпы өндірістік шығын бюджеті; коммерциялық шығын бюджеті; басқарушылық шығын бюджеті.

Қаржы бюджеті:

  • кіріс пен шығыс бюджеті (пайда мен залал есебінің болжамы);
  • ақшалай қаражат қозғалысының бюджеті;
  • баланстық парақ бюджеті (актив пен пассивтің болжамды балансы);
  • айналым активі мен оны қаржыландыру көздерін қалыптастыру бюджеті;
  • күрделі қаржы (инвестициялық) бюджеті.

 

   Бюджет сондай-ақ келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:

  • жасалу кезеңділігі бойынша - кезеңі және тұрақты;
  • көрсеткішті есептеу тәсілі бойынша - өткен кезеңнің деректеріне негізделетін және басынан бастап әзірленетін;
  • өзгерістің ықпалын есептеу бойынша - тіркелетін, өзгеретін және көпнүсқалы.

Бюджетті әзірлеу  үшін келесі ақпарат пайдаланылады:

  1. өнімді (жүмысты, қызметі) сатудан алынатын түсім жөніндегі болжамды деректер;
  2. өндірістік шығынның ауыспалылары жөніндегі әрбір тауар тобы бойынша деректер;
  3. тұрақты ауыспалы жөніндегі қорытындыланған, жеке түрлерге бөлінген деректер, бұлар жеке бұйымдардың табыстылығын негізді бағалауға мүмкіндік береді;
  4. өнім сатудан алынатын түсімнің жалпы мөлшеріндегі баспа-бас айырбастың, өзара есепке жатқызудың өзіндік салмағы туралы болжамдық деректер;
  5. салық төлеміне, мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға жарнаға, банк кредитіне және оларды өтеу мүмкіндіктеріне қатысты төленетін болжамдар;
  6. кәсіпорынның өндірістік әлеуеті (негізгі құрал-жабдықтың құрамы мен құрылымы, олардың ескіру мен тозу деңгейі, істен шығу мен жаңару, қор қайтарымы мен табыстылығының коэффициенті);

 

   7) күрделі салым мен  оларды қаржыландыру көзі мөлшерінің  болжамы;

    1. айналым активінің құрамы мен құрылымының, олардың өсу және қаржыландыру көзінің мөлшерін айналымдылық және айналым активінің кірістілік көрсеткішінің болжамы және т.б.

Бюджетті басқаруға  көшу үшін бірінші кезекте орындалатын  іс-әрекет:

Информация о работе Корпоративтік қаржы