Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 12:46, реферат

Описание работы

«Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияты мәселелер қарастырылады.

Содержание

Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері
Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдасчтыру принциптері
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Корпорациялардың қаржы саясаты
Капиталдың құны

Работа содержит 1 файл

СРС.docx

— 57.46 Кб (Скачать)

Жоспар:

  1. Корпорациялардың  қаржысы: олардың  қаржы ортасын  ұйымдастыру және ұстау негіздері
  2. Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдасчтыру принциптері 
  3. Корпорация  капиталының құны мен құрылымы
  4. Корпорациялардың қаржы саясаты
  5. Капиталдың құны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Корпорациялардың  қаржысы: олардың  қаржы ортасын  ұйымдастыру және ұстау негіздері

 

Корпорациялар қаржысы  –  бұл корпорацияның  негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда  болатын қаржы немесе ақша қатынастары.

«Корпоративтік қаржы» пәні бұл  корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің  қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда  корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның  қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс  қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы  сияты мәселелер қарастырылады.

Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі – бұл корпорацияның   қаржылық  міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.

Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне  байланысты меншікті, қатыстырылған  және қарыз деп бөлінеді.

Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер  жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке  ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Корпорациялардың  қаржысы ұсыну негіздері

  1. Қаржы  құн санаты ретінде  қаржы функциялары
  2. Корпоративтік  қаржыны ұйымдастыру  принциптері
  3. Корпоративтік  құрылымды ұйымдастыру  нысандары және  олардың артықшылығы
  4. Корпорацияның  қаржы саясаты
  5. Корпорацияның  қаржы қызметінің  міндеттері 

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылдық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастароының жүйесі болып табылады.

Капитал активтің  пайда болатын  көзі.

Кіріс тауар сатудан  алынатын және өзге операциялық және сатудан тыс алынған  түсімнің нысаны болып  табылады.

Ақша қоры тұтыну, жинақтау және  резерв қорына  бөлінеді. Ақша қоры-көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық  жүргізуші субьектінің  ақшалай қаражатының  жеке бөлігі. Ақша  қоры кәсіпорын  айналымындағы ақшалай  қаражаттың тек  бөлігін ғана құрайды.

Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.

Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына  қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:

  • корпорацияны  құру сәтінде жарғылық  капиталды құрумен  байланысты құрылтайшылар  арасында пайда  болатын қатынастар;
  • өнімді (тауарды, жұмысты  және қызметті) өндірумен  байланысты корпорация  мен ұйымдар арасындағы  қатынастар; 
  • корпорация  мен оның бөлімшелері  арасындағы қатынастар;
  • табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды  шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т.с.с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы  қатынастар;
  • корпорация мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның мүшелік ететін одақтар  мен ассоцияциялар  арасындағы қатынастар;
  • корпорация мен мемлекеттің қаржы жүйесі арасындағы қатынас-тар;
  • корпорация  мен банк жүйесінің  арасындағы қатынастар;
  • корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қаты-настар;
  • корпорация мен инвестициялық институттар расындағы қатынас-тар.

 

      

Корпорация  қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен  айқындалады. Корпорациялар  қаржысы келесідей  қызметтерді орындайды:

  • ұдайы  өндірістік;
  • бөлу;
  • бақылау.

 

2.Кәсіпорын мен  корпорацияның қаржысын  ұйымдасчтыру принциптері

 

Кәсіпорын мен  корпорацияның қаржысын  ұйымдасчтыру принциптері  оның қызметінің  мақсаттарымен және  міндеттерімен тығыз  байланысты.

Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері  не төмендегілерді  жатқызуға болады:

  • шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;
  • өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру,
  • айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;
  • қаржы резервтерінің болуы.

 

    Өзін-өзі реттеу  принципінде  –корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.    

 Өзін-өзі өтеу  принципі - коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат корпорацияға тиесіліменшік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Өзін-өзі қаржыландыруда  жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше,кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарывн, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қара-жатқа бөлу - шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын. Қалыптастыруда қарыз көздерініғң үлесі артуда.Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.

Қаржы резервін құру нарық жағдайы ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан  жағдайда корпорацияның  тұрақты жұмыс  істеуін қамтамасыз  ету үшін қажет. Акционерлік  қоғамда қаржы  резерві корпорацияның  жарғысына сәйкес  таза пайдадан  қалыптастырады. 

Бизнесті ұйымдастырудың  басқа нысандарымен  салыстырғанда өзінің  меншік иелерінен  дербес тіршілік  ететін оның негізгі  ерекщелігі болып  табылады.Корпоративтік  шаруашылық жүргізуі  келесі экономикалық  нысанда ұйымдастырылуы  мүмкін.

Корпоративтік шаруашылық  жүргізуі келесі  экономикалық нысанда  ұйымдастырылуы мүмкін. 

- деңгейлес корпорациялау;  

- сатылас корпорациялау;  

- әртарптандырылған  карпорацйиялау.

Деңгейлес корпорациялау - бір тектес өнім нарғында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады.Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып,саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады.Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылқ ретінде қарастырылады.Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны;инновациялық әлнуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін :сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызхмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет.

Сатылас корпорациялау-  шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңестікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді.Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылшыми –техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жеткізген үздіксіз өндірісте артады.

Әртараптандырылған  корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен қалыптастырылады.Коропрациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік қызметттің тәуекелді,сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынане тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі,жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылыққа, сондай-ақ сфйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келекшекте жоғары пайда алады.

Қаржы саясаты қаржын корпорацияның құрылтай құжатында белгіленгенстратегиялық  және тактикалық  міндеттерге, тауар  нарығында жайғасымды  күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және  баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің  әл - ауқатын арттыру  сияқты мақсаттарға  қол жеткізу үшін  орынды пайдалануды  қарастырады.

Корпорациядағы қары жұмысын арнайы қызметі немесе бухалтерия жүзе-ге  асыраы.  

 Қаржы қызметіне  мына міндеттер  жүктеледі:

    • өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурстарымен,яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның баланысын өтімділікпен қамтамасызх ету;
    • активтің меншік капиал мен сатудың кірістілігіәнің өсуін қамтамасыз ету;
    • есеп айыврысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің алдындағы қаржы міндетттемесін орындау;
    • жедел және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын әзірлеу;
    • ақша ресурстарының ұтымды қозғалысын бақылау.

Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негігі бағытта жүзеге асы-рылады:

  1. Қаржыны жоспарлау.
  2. Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел қызмет.
  3. Бақылау-талдау жұмысы.

Қаржыны жоспарлау  – қаржы жоспарының сан алуан түрлерін әзірлеу және олакрдың орындалуын талдау.

Корпорация жедел қаржы жұмысына мына әріптестермен ақшалай өзара тұрақты қарым қатынастарды қамтамасыз етеді;

    • материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т.б);
    • даяр өнім мен қызметті сатып алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекуті басқару);
    • мемлекеттің бюджет жүйесіменҒ
    • қызметкғерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі);
    • банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т.б.;
    • талдап туындаған жағдайда сотпенг және т.б.

 

   Бақылау - талдамалы  жұмысына шорландырма және жергілікті бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын, сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның баланысын төлеуге қабілеттілігі мен өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды жүзеге асыру жатады.    

 Компания бюджеттерінің  қаржы көрсеткіштері  қаржыны бақылаудың  маңызды обьектісі  болып табылады.Бюджеттің  орындалуын бақылауды  жүзеге асыру үшін  екі деңгейлі жүйені  пайдалану ұсынылады.

Төменгі деңгей - компанияның  құрылымдық бөлімше  бюджетініңғ орындалуын  олардың басшылары  жүзеге асырады.

Жоғарғы деңгей - компарнияның  құүрылымдық бюджетінің  орындалуын бақылау. 

 

3.Корпорация  капиталының құны мен құрылымы

 

Корпорация  капиталының құны мен құрылымына мыналар кіреді:

  1. Капиталдың экономикалық  табиғаты 
  2. Капитал тарту  тәсілі мен көзі
  3. Капитал қалыптастырудың  әдістемелік тәсілдемесі
  4. Капиталдың орташа олшенген құны және корпорация  қызметінде оны  пайдаланудың аса  маңызды аспектілері.
  5. Капиталдың оңтайлы құрылымын есептеу әдісі құрылымды оңтайлан-дыру. 

Информация о работе Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері