Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 12:45, реферат
1 .Қаржы құн санаты ретінде қаржы функциялары
2 .Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принциптері
3 .Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылығы
4 .Корпорацияның қаржы саясаты
5 .Корпорацияның қаржы қызметінің міндеттері
Қарыз капиталының сомасы- кредит немесе облигацилық қарыз және онымен байланысты шығын үшін төленген пайыздың сомасы.
Тартылған капиталдың сомасы- кредиторлық берешектің құны. Ол пайда боғаннан кейін үш айдан астам мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімде өтелмеген кредиторлық берешектің айыппұл санкцияның сомасын білдіреді.
Капитал – корпорацияға кіріс әкелетін қаражат көзі болып табылады.
Капитал оның иелерінің ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-ауқатының негізгі көзі ретіндғе болды.Капитал – фирманың нарықтық құнының негізгі өлшеушісі болып табылады. Бұр ең алдымен таза активтің мөлшерін анықтайтын меншікті капиталға қатысты.
Капитал мына белгілері бойынша жіктеледі:
1.Корпорацияның тиесілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы болады.
Меншікті капитал корпорайияға меншік құқығында тиесілі және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Қарыз капиталы корпорацияны қаржыландыруға арналған қайталылатын және ақылы негізде тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді.Қарыз капиталының барлық нысаны корпорация белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемеміне жатады.
2.Капитал айналу мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық (спекулятивтік) болып бөлінеді.Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады.Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс табу үшін жасалады.
3.Инвестициялау нысаны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы капитал болады.
4 Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым ккапиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түрлеріне ( материалдық және материалдық емес) салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық берешек, қаржы салымы мен ақшалай қаражат) салынады.
5 Меншік нысаны бойынша мемлекеттік , жеке меншік және аралас капитал болады.
6 Қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша акционерлік, үлестік және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.
7 Капитал өндірістік процесте қатысу сипаты бойынша қолданыстағы және әрекетсіз (жөндеудегі, резервтегі, мконсервациядағы, аяқталмаған құрылыстағы негізгі құрал-жабдық).
8.Меншік иесінің (иелердің) пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталатын (қайта инвестициялатын, капаиталдандырылатын) капитал болады. Тұтынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
9
Ел экономикасына
тарту көзі бойынша
–отандық және
шетелдік капитал
болады.
Капитал
айналымының орташа
ұзақтығы айналымдылық
коэффициенті мен
бір айналымның есептік
кезеңдегі күнде
немесе айда есептелген
ұзақтығы көрсетіледі.
ВР 365
КО =------- ; ПО =----------- ,
К КО
Мұндағы : КО-капиталдың айналымдылық коэффициенті, айналым саны;
ВР-тауар сатудан алынған түсім (нетто);
К- капиталдың есепті кезеңдегі орташа құны;
ПО-бір айналымның ұзақтығы ; 365 күн-жылдағы күн саны .
Сөйтіп, капитал
өзін-өзі ұлғайтатын
байлық өндірістің негізгі
факторлары болып
табылады. Капиталды
өндірістік *сауда процесінде
инвестициялау ғана
меншік иесіне пайда
нысанындағы қосымша
кіріс әкеледі.
2.Корпорациялардың қаржы саясатын іске асыруда және оның ақша айналымын басқаруда фирма ішінде қаржыны жоспарлаудың маңызы зор. Қазақстан экономикасының қазіргі замандағы даму кезеңінде қаржы жоспары өндірістік және коммерциялық қызметті реттейтін маңызды құрал ретінде қала береді. Қаржы жоспарын әзірлемесін бұрын ағымдағы
( операциялық) және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін капитал тарту тәсілі мен көзін анықтау қажет.
Қазақстандағы корпорацияны қарожыландыру көзі ішкі (меншікті капитал) және сыртқы ( қарыз жәіне қаржы нарығынан тартылған капитал).
Ішкі қаржыландыру- бұл меншікті қаражаттың , ең алдымен таза пайданы және амортизациялық аударымды пайдалану.Өзін-өзі белсенді қаржыландыруда корпорацияның пайдасы бюджет жүйесіне салық, эмитенттің акциясы бойынша дивиденд төлеу, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру, әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Белсенді емес ( жасырын) қаржыландыруда мүліктітөмендетіп бағалау, сондай-ақ резерв қорға кемітіңкі аудару салдарынан корпорация балансында көрсетілмейтін қосымша көз пайда болады.
Жасырын қаржыландыру көзіне:
Өзін-өзі қаржыландырудың мынадай артықшылықтары бар;
1.Таза пайдадан пайда болған қосымша меншік капиталдың есебінен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нығайады.
2. Меншікті қаражат бүкіл жыл бойы тұрақты түрде қалыптасады.
3. Сыртқы қаржыландыруға ( кредитордың барынша қызмет көрсету) жұмсалатын шығын барынша азайады.
4. Инвестициялық шығынның орнын толтыратын көз алдын-ала белгілі болу себебінен кәсіпорынды қосымша инвестиция есебінен дамыту жөнінде басқарушылық шешім қабылдау жеңілдейді.
Сыртқы қаржыландыру- мемлекеттің , қаржы-кредит ұйымының , қаржы институтына жатпайтын компанияның және азаматтардың қаражатын пайдалану.
Меншікті қаражат есебінен сыртқы қаржыландыруда корпорация құрылтайшыларының (қатысушыларының) ақшалай қаражатын пайдалагылады. Кәсіпкерлік қызхметті сырттан қаржыландырылған қаражатпен қамтамасыз етудің артықшылығы бар, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге банкіден кредит алуға ( өтімді қаражат тапш болған жағдайда) қойылатын талаптарды жеңілдетеді.
Қарыз капиталдың есебінен қаржыландыру- бұл кредитордың ақшалай қаражатты қайтарымды және ақылы негіздеуі бар. Осындай қаржыландыру кәсіпорын капиталын ақшалай қаражат салу арқылы арттыруды емес, қарыз алушы мен қарыз берушінің арасындағы кәдімгі кредиттік қатынасты білдіреді.
Қарыз капиталы есебінен қаржыландырудың екі түрі болады;
Қысқа мерзімді қарыз капиталы айналыпм активін (тауарлық- материалдық запасы, аяқталмаған құрылыстың дайындамасын, маусымды шығынды) қаржыландыру көзі болып табылады. Ұзақ мерзімге тартылған капитал негізгі капиталды жаңартуға , сондай-ақ материалдық емес активті сатып алуға жұмсалады.
Қарыз алушы қор биржасынан ( корпоративтік облшигация эмиссиясынан) алынатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда , борышты тиісінше қамтамасыз етіп ұзақ мерзімді банк кредитін пайдаланған жағдайда оған мынадай артықшылық береді;
Корпорация капитал тартудың түрлі тәсілін салыстыра отырып ағымдағы және инвестициялық қызыметті қаржымен қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
3. Корпарацияның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі оның капиталдыф мақсатқа орай қалыптастырып пайдалдануына байланысты. Капитал фирманың вктивті қаржыландыру көзіне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қалыптастырылады.
Капитал қалыптастыру процесі келесі принциптерге негізделген:
Бірінші принцип- корпорацияның даму келешегін ескеру.
Баланс пассивінде капитал талдауи мақсатында міндеттемені өтиеу мерзімі бойынша келесідей топтастырылады.
Қысқа мерзімді пассив – айналым активімен орны толтырылатын немесе жаңа қысқа мерзімді міндеттеме пайда болу нәтижесінде өтелетін міндеттеме. Ол, әдетте , ұзақ емес кезең ішінде өтеледі. Қысқа мерзімді міндеттемені жеке топқа бөлу баланстың өтімділігінің мониторимнгі үшін маңызы зор.
Ұзақ мерзімді пассив – бір жылдан асатын мерзімді өтелетін міндеттеме. Ұзақ имерзімді кредит пен қарыз осы міндеттеменің негізгі түрі болып табылады.
Қарыз капиталының жағымд сипаттамасы ;
Қарыз капиталын пайдалану кемшілігіне мыналар жатады:
Информация о работе Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері