Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 14:42, реферат
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес. Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық емес түрлерінен алынатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажет ететін азаматтар және т. т.) бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық практикасы басқаша іс-әрекет етеді; мұнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өзге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.т.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайрымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайрымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады, Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысаңдарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордалаңдырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық
емес қызмет түрлері мен салаларында
мынадай қаржы қатынастары
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық — түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.т.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялық
ұйымдар мен олардың
сақтық компанияларыңда ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.т.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлужәне пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
күрделі
жұмсалымдар қорлары; көтермелеу және
ынталандыру сипатындағы
2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражатгар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ақша) түріңдегі меншікті қаражаттары, соңдай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар мүлік пен ғимаратгарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болыг келетіндігіне соктырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығыңдарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашьшық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобьш немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық, және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы — мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.
Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді (4 тарауды — "Қаржылық жоспарлау және болжауды" қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара қаржыландырылған жағдайда оның көлемі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — "Бюджеттен қаржы бөлу" бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ақша) түріңдегі меншікті қаражаттары, соңдай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.
Коммерциялық
емес акционерлік қоғамдардың
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады. Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады, Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысаңдарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордалаңдырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Пайдаланылған әдебиеттер