Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 14:42, реферат
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес. Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық
емес ұйым заңды тұлға ретінде
мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды
тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де
нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің
жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей
ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық
нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне
1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық, емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық, емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сыңдағы № 142-П ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық, емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-қуқықтық нысандары эсер етеді. Сондықтан коммерциялық, емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін аныктау үшін оның күрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, баскаруды ұйымдастырудың жөне қаржыландырудың әдістерің ескере отырьш зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мөдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік жөне жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.
Мекемелердің жекелеген түрлерінің қүкықтық жағдайының ерекшеліктері заңнаматық, актілермен реттеледі.
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік мекемекің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Басқарушылық, әлеуметгік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.
Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Қазақстан
Республикасының заңдарына
- Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Азаматтар жөне (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, өлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың менгігі больш табылады. Қор жарғыда белгітенген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндетгі. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.
Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық,) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.
Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, ауылдық жерде түратын басқа да азаматтардың материаддық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерінің мүшелері оның міндетгемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тұтыну кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Тұтыну кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде қосымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бұл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актімен реттеледі.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.
Коммерциялық
емес акционерлік қоғамдардың
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.
Жоғарыда аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне қарай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші
топқа материалдық өндіріске
өте жақын шығындары
Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бұл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып үйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.
Ұйымдардың
үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен
ұсталатын мекемелер мен
Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол — қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет каражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік баскару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында — шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланылады.
Сметалық қаржылаңдыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы оргаңдары тарапынан бақылау қойылған.
Бюджеттік
қаржылаңцырудың мынадай
Жәрдем қаржы (дотация) кезінде бюджеттен ақшалай қайтарусыз тәртіппен кәсіпорыңдар мен ұйымдардың зияндарын жабуға, сондай-ақ төменгі бюджеттерді теңдестіруге бөлінеді. Нарық жағдайында жәрдем қаржыны қолдану күрт төмендеуде.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларга және басқа мақсаттарға берілетін мақсатты мемлекеттің қаржылық көмегінің нысаны.
Субсидиялар — белгілі бір шараларды үлестік негізде қайтарусыз қаржылаңдыруға бюджет және арнаулы мақсатты қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе натуралдық нысанда берілетін жәрдем ақы.
Жоғарыда аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер кең мағынада — белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттарды оларды қайта бөлгенде тегін және қайтарусыз беру.
Сөйтіп, коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдісі сметалық, қаржыландыру (көрсетілетін қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезіңде) және шаруашылық есеп пен өзін өзі өтеу негізінде (өтеулігі кезінде) қаржыландыру болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізіне көшуде — көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Негізінен
коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар,
игіліктер мен қызметтерді
Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайрымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды саралайды, мұндағы басты критерий — көрсетілетін қызметтердің қоғамдық пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.