Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:11, реферат
Қазақстандық банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар. Кaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. Кaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым.
ӘЖК
* Бас шарттардағы жеңілдікті кезеңнің қолданылу талаптарына сәйкес ССК-да (сауда және сервис кәсіпорындары) сатып алынған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге электрондық терминалдың көмегімен және карточканы пайдаланып ақы төлеген кезде жеңілдікті кезең қолданылады. Тарифтік жоспарда көзделген шығыс операцияларына қатысты қолданылатын несиелеудің жеңілдікті кезеңінің қолданылуы тиісті шығыс операциялары жасалған Есеп айырысу кезеңі басталған күннен бастап 55 (елу бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін, атап айтқанда, тиісті Есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша берілген Шот-көшірмеде көрсетілген несиелеудің жеңілдікті кезеңі аяқталған күннен кейінгі келесі күні тоқтатылады.
** VISA қызмет көрсетілетін барлық сауда кәсіпорындары мен банктерде **** Банк қажет болған кезде қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады
3.1. «Каспий Банк» АҚ-ның 2011 жылғы қорытындысы
2011 жылы kaspi bank-тің өнімдері мен қызметтерін 2 миллионнан астам қазақстандық пайдаланды. Қарапайым өнімдерге, жаңа бөлімшелер ашуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға сүйене отырып, осындай нәтижеге қол жеткізілді. 2011 жыл бойы kaspi bank 2 миллионнан астам қазақстандықтарға банк өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank сатылым желісін кеңейту бойынша көшбасшы атанды, бүгінгі таңда банктің сатылым желісі 650-ден астам филиалдан, бөлімшеден және сату орындарынан тұрады.
2011 жыл бойы банк барынша белсенді жұмыс берушілердің бірі болды, өйткені, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері үшін жаңа 1 200 жұмыс орнын ашты. Қазіргі таңда kaspi bank қызметкерлерінің саны – 5 000-нан астам адамды құрайды.
Депозиттер 24%-ға артып, 322 млрд. теңгені құрады.
Таза несие портфелі 20%-ға өсіп, 324 млрд. теңгені құрады.
kaspi bank-тің таза пайдасы 2010 жылғы 2.2 млрд. теңгемен салыстырғанда 2011 жылы шамамен 8.8 млрд. теңгені құрады.
*деректер аудит жүргізілмеген, ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке негізделген EPSI Ratings халықаралық компаниясының зерттеуіне сай 2011 жылы kaspi bank клиенттерді қанағаттандыру рейтингісінде көшбасшы орында тұрды. Банктің қаржы кеңесшілері айына миллионнан астам қоңырауға жауап береді, ал бұл көрсеткіш барлық ұялы операторларды қосқанда олардың қоңырауларының көлемінен асып түседі! kaspi bank – ұялы операторларға қарағанда өз клиенттерімен көбірек байланыс жасайтын Қазақстандағы жалғыз банк.
– 2011 жылы қол жеткізген жетістіктер – біздің соңғы 3 жылдағы жоспарлы іске асырып отырған стратегиямыздың нәтижесі, – деп нәтижелерді түсіндірді kaspi bank-тің басшысы Михаил Ломтадзе. – 2011 жылы әр 3 күн сайын 1 бөлімше ашып отырдық, қызмет көрсету сапасын арттырдық, өз клиенттерімізге арнап жаңа өнімдер мен қызметтер әзірледік. Несие беру көлемін ұлғайтумен қатар, біздің депозиттік базамыз да өсіп келеді. Бөлімшелеріміз кешке дейін әрі үзіліссіз жұмыс істейді. Біз әрдайым қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға инвестиция саламыз, біздің басты басымдығымыз – қарапайым әрі түсінікті өнімдерге сүйену.
Өткен жылы банк өз клиенттеріне «Еурожөндеу», «Автокэш», «Автотөлемақы» сияқты жаңа өнімдер ұсынып, клиенттің қалауына қарай несие бойынша өз төлемдерін басқаруға мүмкіндік берді. kaspi bank-тің несие беру көлемінің артуы депозиттік базаның өсуімен барабар болды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, «несиелердің депозиттерге» арақатынасы сияқты көрсеткіш kaspi bank-те шамамен 100%-ды құрайды. Іс жүзінде Банктің сыртқы қарыздары жоқ.
– Бұл маңызды көрсеткіш, – дейді Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. – Банк өз бизнесін консервативті түрде дамытып жатыр, ішкі қордың есебінен қаржыландырады. Біз клиенттерімізге ыңғайлы қызмет көрсете отырып, тартымды шарттары бар бір депозиттік өнімді ұсынамыз. Бұл клиенттеріміз үшін аса маңызды.
2011 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаларға бөлінетін несие үлесі жалпы несие портфелінің 60%-ын құрады. Бұл көрсеткіш – банктің жекелеп несиелеу бағытын дамытудың нәтижесі.
– Бізге ойымыздағы жетістікке жету әлі ертерек, – деп толықтырды Вячеслав Ким. – Мақсатымыз – клиенттеріміздің пікіріне құлақ түру, солармен бірге даму. Сондай-ақ, біз заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді белсенді түрде дамытып жатырмыз және ШОБ сегментіне шығуды жоспарлап қойдық.
2012 жылы банк қазақстандықтарға жаңа қызықты өнімдер мен қызметтер, сондай-ақ сатудың және қызмет көрсетудің жаңа арналарын ұсына отырып, бөлшек нарықтың әлеуетін іске асыруды жалғастырмақшы.
- Біз клиенттеріміздің қалауларын бұрынырақ, алдын ала білуге тырысамыз, біздің жақсара түсейік деген ниетіміз басым, – деп ойын жалғастырды Михаил Ломтадзе. – 2012 жылы біз «kaspi тұрғанда басқа банкті қайтесіз» деген жаңа идеологияны іске қоспақшымыз. Осы жаңа слоган арқылы біз клиенттерімізге ыңғайлы инновациялық өнімдер мен қызметтер ұсына отырып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысатын боламыз деп уәде береміз. Енді біздің негізгі мақсатымыз – қажырлы еңбегімізбен және жайдары көңіл күйімізбен клиенттерімізге олардың дұрыс таңдау жасағанын дәлелдеуді жалғастыру».
Жақын арадағы 100 күнде банк жаңа өнімдерді: автоәуесқойдың картасын; бонустық бағдарламаны іске қоспақшы, олар клиенттерге серіктестерімізден жеңілдіктер, тиімді ұсыныстар алуға мүмкіндік береді; сонымен бірге интернет-бөлімшені іске қоспақшымыз, оның көмегімен қазақстандықтар мобильді, коммуналдық және басқа да төлемдерді ыңғайлы әрі арзан төлей алады.
2012 жылы kaspi bank бүкіл еліміз бойынша жаңа пішімдегі бөлімшелер ашу есебінен сатылым желісін ары қарай ұлғайтуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын жақсарту және несие тәуекелдерін жүйелі түрде бақылап отыру тұрақты басымдықтарымыз болып қала бермек.
«Kaspi Bank» АҚ «Kaspi Bank» АҚ шамамен 431 млрд. теңге активтерімен және 50 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктердің ондығына кіреді. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында тұр. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры «Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 56 жобаны $1,6 млрд инвестициялады, олардың арасында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен медие, тұтынушылық сектордағы бірқатар табысты компаниялар бар. Қазіргі таңда қорлардың тартылған капиталы $2,2 млрд құрап отыр. 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Бэринг Восток Private Equity Online және Private Equity International оқырмандарының пікірінше «Жылдың тікелей инвестициялар бойынша Ресей компаниясы» болып танылды. Бэринг Восток қорларының жобалары арасында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жаикмунай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және көптеген басқа ұйымдар бар. 2011 жылы Бэринг Востоктың Яндекске салған инвестициясы Investor Allstars Venture Capital Awards-тың пікірінше ең үздік венчурлық инвестиция болып танылды.
21
Информация о работе «Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары