«Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:11, реферат

Описание работы

Қазақстандық банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар. Кaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. Кaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым.

Работа содержит 1 файл

Отчет практики.doc

— 237.00 Кб (Скачать)


Кіріспе

        Қазақстандық банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар.    Кaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. Кaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды  бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым. Біз, тұрғындардың жақсы банк қызметі мен сенімді қаржы серіктесіне мұқтаж екенін көріп отырмыз. Сондайлардың 1 миллионнан астамы бүгінде Кaspi bank-інің клиенті, соның ішінде 8 мыңнан астамы орта және шағын компаниялар. Банк ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды және  адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен дүкендердің кез келгенінен біздің қызметкерлерді кездестіре аласыз. Біз солардың біраз бөлігі, дәлірек айтқанда 1,5 миллионы (берілген жедел несие көлемі) біздің қатысуымызбен іске асқанына қуаныштымыз.

       Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта отырып, kaspi bank-і ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.

       Клиенттеріміз өз ақшалары мен банктің қаражатына емін-еркін қол жеткізу мүмкіндігі мен мобильді болғанды бағалайтындықтан, біз үнемі ақпараттық технологияларды инвестициялаймыз. Банк бұл бағытқа 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қазір сіз жедел несие, ал кейін банктің өзге де өнімдерін орналасқан және тұрғылықты жеріңізге қарамастан ел ішінде, кез келген бөлімшеден ала аласыз. 

       Банк корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруда. Олай болса, Кaspi bank-інің директорлар кеңесінде ірі компанияларда басқару тәжірибесін жинаған адамдар жұмыс істейді деген сөз. Батыс нарығының мінсіз іскерлік беделі бар кәсіпқойлары өздерімен бірге жақсы бизнес-тәжірибелерін Кaspi bank-іне әкеліп енгізуде. kaspi bank-інің меншік құрылымының түсінікті, қарапайым әрі ашықтығы – мықты бәсекелі артықшылық. Бізге сенім артатындықтан, ірі халықаралық инвесторлардан қаржы аламыз. Алайда біз салымшыларымыз болып келетін қазақстандықтардың консервативтік стратегиямызды түсініп, қолдайтындығын бәрінен де ерекше бағалаймыз. Бұл сенімнің ең жоғарғы деңгейі. Кaspi bank-і осы жауапкершілікті сезіне отырып өзінің консервативтік даму стратегиясын жалғастырады.

 

 

«Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары

1.1. «Каспий Банк» АҚ-ның даму тарихы

        1991 жылғы 1 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ  оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін  иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

       1997 жылғы 12 қаңтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака Қазақстан" ХБ  атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. 

        1997 жылғы сәуір «Каспийский» Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.   1997 жылғы 12 желтоқсан «Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

        2000 жылғы 16 ақпан Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады. №0011 куәлік.

        2002 жылғы қаңтар Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

         2003 жылғы 1 тамыз 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский» Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

         2003 жылғы 2 желтоқсан  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

         2006 жыл Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Капитал Партнерс» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыс» ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан астам төрт тікелей инвестициялар қорының активтерін басқарады. «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  «Каспий Банк» АҚ-ның  мақсаты

      Әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттіліктерін күткенінен де асыра қамтамасыз ету.

      Банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсынуды өз қызметінің басты мақсаты деп біледі.

      «Kaspi Bank» АҚ кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп нормаларына бейімділігін үйлестіре отырып, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін қосу арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде даму үшін база қалыптастыруға ниетті.

          «Kaspi Bank» АҚ-тың негізгі даму бағыттары:

      Мына ресурстардың есебінен клиенттік базаны ұлғайту: - Ресеймен бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытатын ірі корпорациялар; - несиеге және жедел кассалық есеп айырысу қызметіне мұқтаж орта және шағын кәсіпорындар; - депозиттік базаны кеңейтуге және несие портфелін түрлендіруге үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар тұрғындар;

      Активтер мен меншікті капиталдың кірісін арттыру, жоғары өтімділікті қолдай отырып тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану, соның салдарынан теңгерімділік пен әртараптандыру. Технологияларды жаңарту, қызмет саласын кеңейту және қызмет сапасын арттыру арқылы пайданы өсіру;

      Жаңа акционерлерді тартып, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы меншікті капиталды арттыру актив мөлшерін де өсіруге мүмкіндік береді. Салымдар бірінші кезек экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлшекті желілер, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, көлік және байланыс сияқты салаларына жасалады;

      Банктік халықаралық стандарттарға сәйкес болу, соның ішінде бөлшекті бизнес, жаңа қаржы өнімдерін уақтылы енгізу;

      Банк бөлімшелерінің желісін дамыту мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімділігін сақтай отырып, жаңа филиалдар ашу. Жаңа филиалдар ашу техникамен қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқытуға, барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің тиімді жүйесін құруға байланысты         

      Банктен қосымша күш талап етеді;

      Банктің орталық кеңсесінің, оның барлық филиалдары мен кассалық есеп айырысу орталықтарындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Бизнесті дамыту және күшейту мәселелерін шешуге қабілетті командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

1.3.  Директорлар кеңесі (Меншік құрылымы)

 

«Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

      Вячеслав Ким Қазақстандағы ең табысты ритейлердің бірі. kaspi bank-іне дейін «Электроника Әлемі» бөлшекті дүкендер желісінің тең иесі және «Каспийский Инвестициялық Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бүгінгі оның амбициялық мақсаты – Орта Азияда жақсы бөлшекті банк құру.

Консультациялық кеңес құрамы

      Михаил Ломтадзенің Грузиядағы Еуропалық менеджмент мектебінде алған BBA дәрежесі мен Гарвард Бизнес мектебінде алған MBA дәрежесі бар. kaspi bank-іне келгенге дейін, ол «Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялау қорының қаржылық қызмет секторын инвестициялауға жауап берді.

      Майкл Калви Baring Vostok Capital Partners тең басқарушы серіктесі және Baring Private Equity International директоры Майкл Калви жұмысын 1994 жылы Мәскеуде «Тәуелсіз Мемлекеттердің бірінші аймақтық қорын» («НИС» қоры) басқарушылардың бірі болып бастады. 1994 жылға дейін Майкл Еуропалық қайта құру және Даму банкінде (ЕҚДБ) және Salomon Brothers компаниясында жұмыс істеп, Лондон мен Нью-Йоркте тұрды. Ол ЕҚДБ-да Орталық және Шығыс Еуропаның энергетикалық саласының инвестициясына жауап берді, ал Salomon Brothers мұнай және газ салаларындағы бірігу мен жұту жобаларына жетекшілік етті. Майкл Калвидің Лондон экономика мектебінің қаржы магистрі және Оклахома штаты университетінің бизнес жөнінде бакалавры дэрежелері бар. Сонымен қатар Майкл Кэмбридж университетінің Халықаралық бизнес мектебінде бақылаушы комитетінің мүшесі.

      Дуглас Гарднер әлемнің 20-дан астам ірі аудиторлық компаниясында жұмыс істеді, Орталық Азия елдерінің аудиторлық тәжірибелерін басқарып, атап айтқанда банктердің аудитіне жауап берді. 2002 жылдан 2004-ке дейін Гарднер мырза Ernst&Young компаниясының Аға Серіктесі болып, ТМД қаржы секторының аудитіне жауап берді. Оның клиенттерінің арасында Ресей мен Орта Азияның, сондай-ақ Қазақстанның ірі банктері болған. 2004 жылдан 2006-ға дейін Гарднер мырза Ernst&Young компаниясының ТМД-дағы Басқарушы Серіктесі болды.

      Дэвид Хэкстердің жетекші халықаралық қаржы институттарында істеген жұмыс тәжірибесі мол. 1992 жылдан 1999-ға дейін Хэкстер мырза Еуропаның Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) жұмыс істеп, Вице-президент және Инвестициялық Комитеттің Төрағасы қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол ЕҚДБ-ның Орта Азия, Ресей, Шығыс және Орталық Еуропадағы қаржы секторына бағытталған инвестициясына жауап берді. ЕҚДБ-ға дейін Хэкстер «Ситибанкте» 20 жылдан астам уақыт бойы әр түрлі қызметтерді атқарып, «Ситибанктің» Грекия, Оңтүстік Африка, Орталық және Шығыс Еуропадағы бизнесін басқарды.

      Николай Зиновьев – Ресейдегі көшбасшы автолизингілік компания – «Европлан» компаниясының президенті және оның негізін қалаушы. «Коммерсант» басылымының рейтингісіне сай, Зиновьев мырза Ресейдің қаржы компанияларындағы үздік менеджерлерінің қатарына кіреді. «Европлан» компаниясы – жетекші халықаралық инвестициялық қор, Каспий банкінің акционері болып табылатын «Бэринг Шығыс Капитал Партнерс»-тің портфель компаниясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Каспий Банк» АҚ-ның  бухгалтерлік балансы

2.1.    2008 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша

  бухгалтерлік балансы

 

 

мың теңге

Баптар атауы 

Есептік кезеңнің аяғында

Есептік кезеңнің басында

АКТИВТЕР

Касса және ұлттық банктегі қалдықтар

16 414 794

12 643 609

Тазартылған бағалы металдар

 

 

Сауда-саттыққа арналған бағалы қағаздар (ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

5 179 875

 

Кері РЕПО шарты бойынша бағалы қағаздар

 

2 015 724

Өндірістік қаржы құралдары

674 604

583 427

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен салымдар (ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

5 093 755

16 818 555

Басқа банктерге берілген қарыздар мен қаржылық жалдау (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

 

 

Клиенттерге берілген қарыздар (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

190 970 349

186 131 682

Бағалы қағаздарға салымдар (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

18 833 276

24 604 291

Мерзімі өткен салықтық талаптар

 

 

Капиталға инвестициялар және реттелген қарыз

572 996

572 996

Негізгі қаржы (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

11 335 856

11 442 216

Материалдық емес активтер (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

827 101

886 580

Басқа активтер (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

3 672 809

4 123 606

АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

253 575 415

259 822 686

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Банктердің корреспонденттік шоттары мен салымдары

5 429 028

4 932 606

РЕПО келісімі бойынша сатылған бағалы қағаздар

9 918 178

17 882 368

Өндірістік қаржы құралдары

1 825 352

379 353

Клиенттердің карреспонденттік шоттары мен салымдары

93 159 151

85 270 840

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

36 171 090

35 426 969

Банктер алдындағы берешегі

42 768 754

51 887 549

Басқа да тартылған қаражат

6 286 102

6 143 043

Реттелген борыш

10 765 021

10 530 898

Салықтық міндеттемелер

591 506

484 617

Мерзімі өткен салықтық талаптар

1 695 035

1 695 035

Басқа міндеттемелер

15 499 384

15 263 474

Төлемге дивидендтер

10 500

10 500

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ

224 119 101

229 907 252

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Жарғылық капитал

17 772 890

17 772 890

басқа акциялар

17 363 740

17 363 740

артықшылықты акциялар

409 150

409 150

Эмиссиялық кіріс

797 259

793 259

Алып қойылған капитал

450 881

426 644

Резервтік капитал

791 684

791 684

Басқа резервтер

2 141 300

1 668 278

Кезеңдегі таза кіріс (шығын)

8 404 062

9 315 967

КАПИТАЛ ЖИЫНТЫҒЫ

29 456 314

29 915 434

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖЕКЕ КАПИТАЛДАР ЖИЫНТЫҒЫ:

253 575 415

259 822 686

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе «Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары