Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді. Бұл курстық жұмысымда мен қаржының әр ресурсына тоқталамын және Қазақстан Реcпубликасының қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторларын қарастырамын.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................4
1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6
1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8
1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ.....................................18
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері.18
2.2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау……………………...22
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23
3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ........................................26
3.1. Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері.................................26
3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

   Оның негізгі қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі жарналар.

   Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде  толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы  резерві ролін атқарады.

Мемлекеттік несие – мемлекет пен  заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік  билік органдары қарамағына уақытша  бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. [13]

   Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар  оны қаржымен байланысты дербес  категория деп тұжырымдайды.

   Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

   Сақтандыру  өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті  сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары  бар ерекше сала.

Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.

   Материалдық өндіріс саласында 

1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық  бөлімшерінде ішкі шаруашылық  мақсаттағы жарғылық қорды қолдау  қорларын құрумен және пайдалануымен   байланысты. Олардың бірі өндірістік  қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар   қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады; 

2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік  арасында. Олар шаруашылық жүргізуші   субъектілер иелігіндегі салалық   мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы  төлеу, күрделі жөндеу және  т.б.) пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары  еңбекақы және экономикалық ынталандыру  қорларын құрумен байланысты  туындайды; арнайы мақсатты ақша  қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер   мен сақтандыру ұйымдарының арасында  сақтандыру қорларын құру және  пайдалануға байланысты туындайтын  қаржы; 

4) шаруашылық жүргізуші субъект   және банк арасындағы ссуда  алуға, оларды өтеуге пайыз  төлеуге, банктерге уақытша бос  ақша қаражаттарын беруге байланысты  пайда болатын қаржылар;

5) орталықтандырылған қорларды  құру және пайдалануға байланысты  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  мемлекетпен қатынасы; 

6) шаруашылық жұргізуші субъект   және басқарудың жоғарғы құрылымы  арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын   сала ішінде қайта бөлу шегінде «вертикалды өзара байланыс»).  [14]

  Материалдық емес өндіріс саласында

1) саланың немесе мекеменің бюджетпен   арақатынасы. Осының негізінде  бюджет қаржылары есебінен денсаулық  сақтау, мәдениет, ағарту және т.б.  салалық қаржылар қалыптасады;

2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу  сипатына ие шаруашылық жүргізуші   субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы   қордан тыс түрде жүргізіледі  (айыппүлтөлеу және алу, жарна   төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың   акция, облигацияларына салу, т.б.); 

3) әр түрлі саладағы шаруашылық  жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен   тыс қорларды құру және бөлумен   байланысты ақша қатынастары;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің  тұтынушылармен және демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылары  қаржылық жүйенің саласы ретінде  қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық  емес игіліктер қалыптасады.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы  ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі  қамтамасыз етіледі.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:

1) Нарықтық  экономика жағдайында  коммерциялық  есеп негізінде  жұмыс жүргізетін  материалдық  өндірістің барлық кәсіпорындары  және өндірістік емес саладағы  кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық  есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты  одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.

   Коммерциялық  есптің ерекшеліктері:

шаруашылық жүргізуші субъектілер  қаржылық тәуелсіздікке ие;

қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы  ұсақ бекітулерден тәуелсіз;

қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;

коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.

2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет белгілі  бір табыс алуды көздемейді.

   Қаржыландыруға  төмендегідей ресурстар пайдаланылады:

бюджеттік қаражаттар;

бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;

халықың қаражаттары;

әр түрлі коммерциялық құрылымдардың  ақшалай аударымдары;

келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;

өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан  түскен табыс;

мүлікті жалға беруден түскен табыс;

мамандарды дайындаудан (қайта  даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.

     Өндірістік  емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:

а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ  ұйымдарының  қаржылары;

ә) саяси  және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;

б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;

в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.

   Қоғамдық  бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.

   Қоғамдық  ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың  төмендегідей топтары мен түрлеріне  ие:

әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық  көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;

қоғамдық ұйымдар қорларына  жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;

мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;

қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай  қатынастары;

қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай  қатынастар.[15]

   Коммерциялық  емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі  ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Қазақстан  Республикасының  әр   қаржы   ресурстарына  тоқтала  отырып, біз  қаржы  ресурстары  мемлекеттік  бюджеттен  алынатынын  түсінеміз.  Қаржы  ресурстары  жалпы   қоғамдық   өнімнің,  яғни  материалдық  шығындардан,  қажетті  өнімдерден   және  қосымша  өнімдерден  тұрады. Біз  қаржы  ресурстарында  өзіндік  құн,  яғни  шығындарды  ,  ұлттық  табысты,   аморизациялық  аударымдарды,  айналымдағы  қаражаттарды,  материалдық  шығындар  құрамындағы  төлемдерді, әлеуметтік  қорларға  аударылатын  аударымдарды,   яғни   әлеуметтік  салықты,  таза  табысты (пайданы) ,  жанама   салықтарды  қарастырамыз.  Және  де  халықтан  алынатын     салықтар, қарыздар  мен  лотереялар, ерікті  жарналар  мөлшерлемелерін  мемлекеттік  бюджеттен  біле  аламыз.  Мемлекеттік  бюджет  қаржы ресурстарымен  өзара  байланысты   қаржы  жүйесі  болып  келеді. Қаржы  ресурстарына    сондай-ақ,  роялти,  бонустар, табиғи  ресурстар  үшін  төлемдер, баждар, лицензиялар  үшін  төлемдер,  тіркеу  алымдары, табиғатты  қорғау  қорына  төленетін  төлемдер, сыртқы  экономикалық  қызметтен  түсетін  түсімдер,  мемлекеттік  мүлікті   сатудан  (жекешелендіруден)  түсетін   төлемдер  (қарыздар, трансферттер,  гранттар)  жатады. Қорытындылап  келгенде,   Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджетке  түсетін    салықтарды,  айналымдарды  және  міндетті  төлемдерді,  табыстарды, шығындарды    нақтылы  көрсетеді.

   Мемлекет қаржысының іс әрекеті  кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік  құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы  өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

   Мемлекеттік кірістер  деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Мемлекеттің кірістер құрамына мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың,ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынатын табыс, салық түсімдері және т.с.с. кірсе, ал мемлекеттік бюджет кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

   Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салалардағы мекемелердің шығындары кіреді.

    Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай  ықпал жасайды.

   Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың  құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

   Сыртқы  экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын  толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын  ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде  – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан   Республикасының  Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,

2000 жыл.- 96 бет.

2. Қазақстан   Республикасы  Президентінің   және  Қазақстан  Республикасы  актілер  жинағы.

3. Салық   және  бюджетке  төленетін   басқа  да   міндетті  төлемдер  туралы  (салық  кодексі). –  Алматы: ЮРИСТ, 2002 ж. -230 бет.

4. Бюджет  жүйесі  туралы. Қазақстан   Рсепубликасының   заңы. Астана: 2001ж.-  37бет.

5. Берлин   С.И. Теория  финансов. Учебное   пособие. – Москва: Приор, 

2000 ж. –  256  стр.

6. Дробозина   Л.А. Финансы. Учебник  для   вузов. – Москва: ЮНИТИ,

2000 ж. –  527стр.

7. Дюсембаев   К.Ш.  Анализ  финансового  положения   предприятия.  Учебное  пособие. – Алматы: Экономика, 2008 г. – 184 стр.

8. Заяц  Н.Е., Фисенко  М.К., Бондарь   Т.Е.  и  др. Теория   финансов. Учебное   пособие.- Мн.: Высш.шк., 1998  г.- 368 стр.

9. Құлпыбаев  С. Қаржы. –  Алматы: Мерей, 2009 жыл- 156 бет.

10. Құлпыбаев   С., Баязитова   Ш., Баязитова А.  Қаржы  тоериясы. Оқу  құралы. – Алматы: Мерей, 2007 ж.- 176 бет.

11. Мельников   В.Д.,  Ильясов  К.К. Финансы.  Учебник  для  вузов. – Алматы: 2008г.- 512 стр. 

12.Мельников   В.Д., Ли В.Д. Общий   курс  финансов. Учебник. – Алматы: Институт  развития  Казахстана,  2001г. – 285 стр.

13. Радостовец  В.К., Радостовец  В.В., Шмидт  О.И.  Бухгалтерский  учет  на  предприятиях. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002г.- 728 стр.

14. Финансы.  Учебник  для вузов.  Под   ред. М.В. Романовского. – Москва.: Перспектива: ЮРАЙТ, 2001г.  – 520 стр.

15.Финансы,  деньги, кредит. Учебник.  Под  ред.  О.В.Соколовой.- Москва.:ЮРИСТ, 2001г. – 784 стр.

 




Информация о работе Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы