Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:53, курсовая работа
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді. Бұл курстық жұмысымда мен қаржының әр ресурсына тоқталамын және Қазақстан Реcпубликасының қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторларын қарастырамын.
КІРІСПЕ........................................................................................................................................4
1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6
1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8
1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ.....................................18
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері.18
2.2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау……………………...22
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23
3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ........................................26
3.1. Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері.................................26
3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35
1. Ұлттық
банк тарапынын Үкіметке
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру жатады.
Мемлекеттік несие негізінде
мемлекеттік қарыз қылыптасады.
Өтелу мерзіміне сәйкес
Бюджеттен
тыс қорлар белгілі бір
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
2. Кастодиан-банктер;
3. Зейнетақы активтерін
4. Қаржы нарығын және қаржы
институттарын реттеу және
1.2.Қаржы жүйесі және оны
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы
ұғымының одан ары дамуы және
нақтылана түсуі болып
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. [2]
Қаржы жүйесі терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржысын мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық процесстегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған.Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлікті қамтиды:
1)қаржы қатынастарының жиынтығы;
2)ақша қорларының жиынтығы;
3)басқарудың ақша аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік
бюджетке жинақталатын мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын
қалыптастырып, пайдаланумен
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тәң болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл рессурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну резерві және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіеді.Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулер аз дәрежеде, бір қорлар үнемі жұмсалады, басқалары уақытша сақталады, үшіншісі қорланады.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде – бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады. Қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың
функциялық критерийінен басқа
қаржы субьектілерінің
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес, бастапқы элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орында алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекет қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субьектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік
бюджет – экономиканы,
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері:
а)арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Бюджеттен тыс
қорлар толық көлемде
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарынын қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттін заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарың қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды да жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс - әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субьектілерге келтірілетін мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналарының есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру – айрықшалықты, өзінің буындары бар сфера: әлеуметтік сақтандыру;
жалпы сақтандыру; өмірді сақтандыру; жауапкершілікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру және т.б.
Материалдық өндіріс
сферасының шаруашылық
қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім – қоғамнын қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан, ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Шаруашылық
жүргізуші субьектілер
кіреді:
1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындар мен ең көп табыс алу болып табылады.
2. Коммерциялық емес сферанын қаржысы. Коммерциялық емес қызмет
белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.Бұл сфераны қаржыландыру
үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен
рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. [3]
Қоғамдық бірлестік – азаматтар мүдделерінің бірлігі негізінде біріккен, олардың өз еркімен көңіл білдіруі нәтижесінде пайда болған ерікті құрылым.
Қоғамдық
ұйымдар қаржысының экономикалық
мазмұны өзіне ақша
- түрлі жарналар төлеумен, материалдық көмек көрсетумен және басқалармен байланысты қоғамдық ұйымдар және олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдардың қорларына аударылуы мүмкін ерікті қайырмалдықпен байланысты кәсіпорында мен және мекемелермен қоғамдық ұйымдардың ақша қатынастары;
- мақсатты ақша қорларының қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қоғамдық ұйымдардың ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдардың жоғарғы және төменгі құрылымдары арасындағы ақша қатынастар;
- қоғамдық ұйымдар мен оған бағынышты өндірістік құрылымдар арасындағы ақша қатынастары.
Коммерциялық емес мекемелердің қаржы – шаруашылық қызметі қаржы ресурстарын пайдаланудың үш әдісің үйлестіреді: өзін - өзі өтеушілік, сметалық қаржыландыру және шаруашылықты жүргізүдің шаруашылық есеп әдісі.
Халықтың
(үй шаруашылығының ) қаржысы қаржы
жүйесінің ерекше бөлігі болып
табылады. Халық өзінің ақша
қаражаттары мен
Сонымен бірге азаматтардың жеке - дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізүші субьектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы сферасының бастапқы табыстары, сондай - ақ азаматтардың табысы кез - келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізің қалайтының ескеру қажет және бұл тек теориялық жайт қана емес, өйткені бұл ресурстардың бүкіл жиынтығы Қазақстанның қаржы ресурстарының байланысында қамтып көрсетіледі.
Қаржы қатынастардың нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық обьектіні құрайды. Басқарушы субьект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржы аппараты болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене қондырмалық қатынастардың да айқыш – ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы – кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай – ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі. Қаржы – кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектклінген.
Информация о работе Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы