Инвестициялық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 19:38, реферат

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

   Әдебиеттерде инвестициялық портфельді  кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс-монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құн енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнімен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы «заңды тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет [7, 75-76 бб]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ДАМУЫ 
 

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі 
 

    Инвестицияны қолданудың басты  бағыты: нақты жоба мен нақты  компания болып табылады. Оны  басқаратын жалпы инвестицияларды  қалыптастыру бәсекеден тыс орындалады. Жалпы инвестициялық портфеельді қалыптастырудың басты көзі ретіндегі нақты кәсіпорын мен ондағы нақтыланатын жобалары туралы ақпараттары орналасқан аумақтың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптастырылуы, өндіріс салалары арасындағы пропорционалды қамтамасыз етілуіне, тұрғындар мен еңбеккерлер ұйымдарының әлеуметтік жағдайының жақсаруының дамытылуы. Инвестициялық портфельдің жоғарғы ақпараттануы мен талдаудың негізгі қызметін пайдалану үшін, оларды ереуше түрде топтастыру қжет.

   Ақпараттың аналитикалық тобын  әрбір аумаққа ұсынуға болады, ол инвестициялық портфельдермен жұмысының нақты жағдайын анықтайды:

  • өзіндік капиталдағы инвестициялар және кәсіпорынның өзіндік құралдары негізіндегі құрылымдары;
  • экономикалық аумақ саласындағы өзіндік капиталдағы инвестициялардың құрылымы;
  • өндірістік және өндірістік емес саласында өзіндік капиталдарға инвестициялардың қатынасын;
  • экономиканы реформалау сатысында өзіндік капиталдағы инвестициялық индекстер;
  • инвестициялық қызмет атқару сферасындағы экономикаға мемлекеттік сектордың үлесі;
  • өзіндік формалардағы компанияның негізгі капиталындағы инвестициялар;
  • абсолюттік негіздегі шетелдік инвесторлардың инвестициялық үлесі;
  • экономика саласындағы шетелдік инвесторлардың инвестициялары;
  • инвестициялық қаржыландырудың бюджеттік емес көзінің құрылымы;
  • өзіндік формасындағы компанияның негізгі капиталындағы инвестицияларды қаржыландыру негізіндегі капитал салымын қалыптастыру.

    Инвестициялық портфельді қалыптастыру  туралы шешім әр түрлі факторларды  бағалау негізінде болады. Бұл  факторларды бағалауды екі топқа бөлуге болады:

  1. Мемлекеттік реттеудегі факторлар:
  • шетелдік инвесторларға басқарманың өзіндік саясаты;
  • құқықтық базаны құру;
  • дамыған инфрақұрылымы;
  • қаржылық жеңілдіктер;
  • мемлекеттің халықаралық деңгейі. Халықаралық деңгейдегі мемлекеттің әл-ауқаты.
  1. Басқармадан тәуелсіз факторлар:
  • табиғи ресурстар;
  • жаңа нарыққа кіру мүмкіндігі;
  • кәсіпорынның дамуы;
  • мамандырылған кадрлар;
  • көліктік қызметтің дамуы.

   Берілген факторлар тобы өзіндік субъективтік бағаалуды көрсетеді. Олар инвестициялық климат пен шетелдік инвесторлардың инвестициялық портфельдерін анықтайды.   

    Берілген инвестициялық портфельдің көрсеткіштері  арқылы мемлекеттің, сонымен қатар белгілі бір аумақтардың экономикалық жағдайын сараптауға болады.

    Нарықтық экономикадағы экономикалық  процестердің жағдайын көрсететін көрсеткіштер арқылы инвестициялық портфельді салыстырмалы талдауларды жүзеге асыру негізі:

  • мемлекет нарығының потенциалы;
  • халық экономикасын ресурстармен қамтамасыз етуі;
  • экономикалық құрылымның жағдайы;
  • инвестициялық портфельге заңнамалық орта;
  • саясат климаты.

    Инвестициялық портфельді талдаудың  басты мақсаты – ортақ сұранысқа  әртүрлі көрсеткіштерді ұсыну.

    Қазақстан Республикасындағы компанияның  инвестициялық портфелін қалыптастыруда  факторлардың өзіндік құны есептелінуі,  соның есебінен инвестициялық сферада сапалық өзгерістері анықталынды. Бұл жүйеде экономист Гусева К. қатысуымен, реформалар жүргізілетін аумақтарда әсер ететін факторларды анықтады [8, 90-95 бб].

    Инвестицияны тар мағынада анықтамасын  капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвестиция деп пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді.

    1950-1960 жылдары өндіріс дамыған  елдерде экономикалық даму қарқынының  жеделдеуі болады. Бұл жағдайдың  капиталды шетке шығаруға екі жақты әсері болды. Бір жағынан, өндіріс дамыған елдерде капитал салу үшін жаңа сфералар ашылды. Капиталдың артық мөлшерінің көп бөлігі әскери салаларға тартылады, қалғаны инфрақұрылымды кеңейтуге, қызмет көрсету сферасын, ғылымды, денсаулық сақтауға, білімді дамытуға бағытталады. Екінші жағынан, экономикалық даму қарқынының жеделдеуі, өндірістік корпорациялардың капиталын шоғырландырып, банк ресурстарының орталықтандырылуын қамтамасыз ету арқылы капиталды шетке шығаруды ынталандыруға қосымша себептер қалыптастырады.

    Экономикалық жағдайдың өзгеруі  капиталды шетке шығаруда жаңа  құбылыстардың пайда болуына  әкеледі. Егер бұрын инвестициялар  шет ел экономикасына өз фирмаларын  құру мен қабылдаушы елдердің  ұлттық акционерлік қоғамдарына  капитал салу арқылы жүргізілсе, енді инвестицияның жаңа түрлері пайда болды. Оның қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • бірлескен кәсіпорындарды құру;
  • кәсіпорындардың толық құрылысын жүргізу арқылы тапсыру;
  • «өнімді - қолға» түріндегі келісім. Оның кәсіпорынды толық дайын тапсырудан ерекшелігі – шетел фирмасының құрылып жатқан кәсіпорынға жергілікті маман дайындау жүзеге асырылады;
  • өнімді бөлу туралы келісімдер;
  • қатерлі жобалар туралы келісімдер, көбінесе мұнайды өндіру бағытында жүзеге асырылады;
  • лицензиялық келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару саласындағы кейбір қосымша қызметке лицензия беретін франчайзинг;
  • жабдықтаушы – компания кейбір ережелік ұстануы міндеттемесіне айырбасы.

    Технология экспорты капитал  инвестициясының арнайы түріне  айналады. Бұл түрін жүзеге асырғанда, технология элементтерін (патент, лицензия, сауда маркасы, басқару тәжірибесі, т.с.с.) жабдықтаушы-компания төлем ретінде қабылдаушы компанияның пайдасының бір бөлігіне ие болады. Мысалға: ғылыми-техникалық жетістікті белгілі бір мерзімге сатылады, бірақ сатушы сатып алушы фирманың акцияларының бір бөлігіне айырбасталады. Осыдан, көріп отырғанымыздай, технология экспорты ерекше тауарларды шет елге шығарумен ғана емес, шетке шығаруға байланысты экономикалық қатынасымен де сипатталады.

    Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестициялар орнын баспаса да кең дамып келе жатыр. Олар көбінесе қабылдаушы елдің ішкі рыногына жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы технология емес, толыққа технологиялармен жұмыс істейтін салаларда кең етек жаюда.

    Көрсете кететін бір жәйт, шығарылатын капиталдың басым бөлігі ірі компаниялар меншігі болып табылады. Бұл түсінікті де. Өйткені шетел инвестицияларын жүзеге асыру үшін, кәсіпорын көлемі мен оның қолындағы қаржы және басқадай артықшылықтар арасында тікелей өзара тәуекелділік бар. Бірақ оған қарамастан, соңғы уақытта капиталды шетке шығаруда кіші және орта фирмалар кең мүмкіндіктерге ие болып, ірі компанияларға қарағанда бірқатар басымдылықтар алады. Кіші және орта кәсіпорындар үшін капиталды шетке шығару тауарларын шетел рыноктарына өткізумен байланысты [9, 5-7 бб].

    Соңғы уақытта батыс инвесторларын  әр түрлі жобаларды қаржыландыру  жүйесінің өзгеруі көп қолдау  көрсетті. Егер бұрын осы мәселені  шешуді жабдықтаушы-фирмалар толық  өз мойнына алатын болса, қазіргі  уақытта ол мәселені тәуелсіз қаржы компаниялары немесе банктер шешуде. Сөйтіп, трансұлттық банктердің пайда болуы импорттаушы елдердегі ірі өндірістік жобаларды қаржыландыру жылдамдатты. Жобаларды қаржыландырудың бірлескен түрі пайда болды. Ол бірнеше банктердің жобаға қатысып, одан кейін рынокты өзара бөлісу сипатында болады. Капитал импортының мүмкіндігін кеңейтуге евровалюта рыногының дамуы маңызды орын алады. Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазқстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады. Батыс елдерінің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алады. Батыс елдерінің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкеледі.

    Инвестицияны тар мағынада анықтамасын капитал құнын сақату мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі.Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акцияларымен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар, және т.б.) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүлікік құқықтар және тағы басқалары кіреді.

   Кез-келген инвестициялық жобаны  талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-экологтар және т.б. жатады.

   Инвестициялық жобаны талдау  қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағаалуға негізделеді. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын қағидалар мен әдістерге негізделген [10, 25-32 бб]. 

2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары 

   Қазақстан Республикасының дамуы  отандық және шетелдік  инвестициялардың  тартылуымен тығыз байланысты  болып келеді.

   Қазіргі нарықтық экономика негізінде қаржылық менеджмент нарықтағы бәсекеге қабілетті болудағы басты құрал ретінде үлкен рөль атқарады. Әдетте, кәсіпорынның сұранушыларға қандай да тауар немесе қызмет көрсетудің әр түрлі болса да, қаржылық саясаттың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан кәсіпорынды ауыр қаржылық жағдайға немесе банкроттыққа, яғни, күйзеліске әкелуі мүмкін.

   Қаржылық жағдайды талдау - әрбір  компанияның басты қаржылық менеджментін  қарастырады (бұндағы, ұзақ мерзімді  жоспардағы кәсіпорындар болып  табылады). Бұндай талдаудың мақсаты – бүгінгі таңда компанияның қаржылық жағдайын анықтау, компанияның тиімді жұмыстары мен қалыптастырған деңгейде сақталуын қамтамасыз етілуі. Басқаша айтқанда, компанияның ісін одан әрі жалғастыру үшін, компанияның күрт жағдайда қалай өзгерту қажет деген сияқты әрекеттерді ескерту қажет.

   Сонымен қатар, компанияның қаржылық  жағдайын таладуды, ақша қаржылық  тәуекелді анықтау мақсатындағы  кәсіпорынның потенциалды инвесторлары  жүргізеді.

   Инвестициялардың әр түрлі қаржы  құралдарын шығара отырып, тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт баағлы қағаздар шығарып сатып алу. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етпейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканы нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз [11, 44-50 бб].

Информация о работе Инвестициялық саясат