Инвестициялық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 19:38, реферат

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

      1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы. Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген [7. 3б].

      Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз  шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

      Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды  тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды.1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

      Шетелдік  инвестициялар негізінен өнеркәсіптің өндіруші саласына көңіл бөлуде,ол республика халық шаруашылығы құрылымының  бір жақты дамуын сақтайды,әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан,шетелдік инвестициялардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде,елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде,республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.

      Қорыта  келе мемлекеттегі инвестициялық саясатты жүргізудегі мәні өте жоғары екеніне  көзіміз жетті. Әсіресе біздің елде,себебі осы инвестициялық саясатты жүргізе  отырып,біз өз мемлекетіміздің экономикасын әрі қарай дамытып,тиімді пайдалана  білдік. Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ,біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет,ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет,себебі:

  • Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
  • Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
  • Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
  • Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;
  • Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
  • Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
  • Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.

      Мемлекеттегі  инвестициялық саясаттың өткізу кедергілеріне тоқталар болсақ, біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық  қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық  қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады.Осыған байланысты,экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Практика көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жоқ [8. 121б].

      Несиелер  мен займдар да шетелдік инвестициялар  тартудың формасы болып табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін. Шетелдік инвестицияларды тартудың бір нысаны - концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі,концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау  және табиғи  ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелерді, жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және тағы басқалары көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісімшарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қаупі туындайды.

      Шетелдік  инвестицияларын тартудың тағы бір  негізгі қағидасы –ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,бір жақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады,нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.  Шетел инвестицияларында жетекші орындарда Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея алып отыр. Айта кететін бір жайт,инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйесіндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық кедергі болды. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің,оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып табылады. 

      2.3 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

      Инвестиция  құралы ақша қаражаттарынан,мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан,акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан,қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.

      Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

  • Күрделі инвестиция;
  • Инвестициялық сфера;
  • Қаржы капиталын пайдалану сферасы;
  • Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

      Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың  айналым активтерінде де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері  өндіріс сферасындағы,айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.

      Инвестиция  туралы шешім қабылдаудағы негізгі  мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес,себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік,ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар,ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

      Бұндай  есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның  қазіргі кездегі құны бойынша  есептелген шығындарды табыспен салыстыру  мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті,жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар,инвестициялау  жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

      Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны  белгілі және ол төменгі формула  бойынша жүргізіледі.

      Бұл жерде:

  • ақшаның келешектегі құны;
  • пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
  • ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны;
  • дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны.

      Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық  жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды, келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни,  инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін,есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру,осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын-ала дайындауды талап етеді [9.59б].

      Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы  қабылданған моделінің логикасын  макроэкономикалық деңгейде де қолдануға  болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегі кестеде көрсетілген. 

      
                                          Стратегиялық жоспарлау
Идеяны  іздестіру Жобаларды анықтау  және алғашқы талдау Қаржылық талдау және шешім қабылдау Жобаны жүзеге асыру Мониторинг  және инвестиция- лық бақылау
                                                         Бақылау
                                                Еңбек  ресурстары.
Қайнар  көз: Тоқсейітов Н.А. Еліміздегі инвестицияларды  мемлекеттік тиімді қолдану жүйесі туралы//Қазақ елі. №9, 2006 жыл,5 бет

      2 кесте – Инвестицияны стратегилық  жоспарлау 

        Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар «шектеушілер» түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі,ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады

      Қазақствнда соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

      Енді  қаржыландыру көздері бойынша күрделі  құрылысқа инвестицияларды бөлу көрсеткішін талдайық. 

      3 кесте –Қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу 

      Сала  түрі       1996       2001       2007
Күрделіқұрылысқа инвестициялар,барлығы

Бюджеттік қаржылар

Соның ішінде:

Республикалық бюджеттің

Жергілікті  бюджеттің

Бюджеттен тыс қаржылардың есебінен

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өз қаржылары

Жеке  құрылыс салушылар

Шет ел инвестициялары.

 
      100,0

      38,9 

      ...

      ...

      ... 

      59,5

      1,7

      ...

 
      100,0

      5,0 

      3,5

      1,1

      0,4 

      92,3

      1,2

      1,5

 
      100,0

      10,0 

      3,2

      6,8

      ... 

      49,4

      2,0

      38,6

Қайнар  көз: Б.Тортаев. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: Статистикалық жинақ. ҚР статистика агенттігі.Қарағанды: -Алматы, 2005-316 бет.

Информация о работе Инвестициялық саясат