Факторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 00:13, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Содержание

І бөлім. Факторингтік операциялардың мазмұны мен түсінігі және түрлері
1.1. Факторинг туралы түсінік
1.2. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
1.3. Банктің факторингтік операцияларының (қызметтерінің) мазмұны
ІІ бөлім. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау
2.1. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау

Работа содержит 1 файл

Факторинг керек.docx

— 61.78 Кб (Скачать)

    Факторингілік операциялар жүргізу үшін банк сомаларды (лимиттерді) шектеуді бекітеді:

  • кредиттеу. Әрбір ақы төлеуші үшін банк жауап беретін шекте кезең сайын жаңартылған кредиттеу лимиті бекітіледі. Ақы төлеуші лимитін жоғарылатқан жағдайда банк оған барлық қосымша (лимиттен жоғары) шоттарды қайтарып беруге құқықты, ал ақы төлеушінің төлемақы қабілеті болмағанда барлық төлемақылар оның пайдасына банкіге сәйкесті қарыздарды толық жапқанға дейін түседі;
  • жөнелтілімдер. Бір төлемақы төлеушінің мекен-жайына бір ай бойына қанша өнім жөнелтілетініне сома бекітіледі. Лимит басқа да уақытты (апта, тоқсан) бекітілуі мүмкін;
  • жеке мәмілелерді сақтандыру. Сақтандыру егер жеткізуші сериялар емес, ал ірі сомаға жеке мәмілелер болжағанда пайдаланылады. Анықталған уақыт бойына тауарды жеткізуге белгіленген барлық сұраныс сомасы шектік болып табылады.

    Факторинг бойынша міндеттемелерді келісімшарттық рәсімдеу банкіден жоғары мұқияттылықты  талап етеді. Келісімшартта әдетте тараптардың міндеттемелері мынандай тармақтардан тұрады.

    Банк  тарапынан:

    - оған қарыздық талаптарға берлігендерді  өз уақытында төлеу;

    - клиентке ақы төлеушімен есеп  айырысу жағдайы немесе ақы  төлеушінің уақытша қиындықтарының  пайда болу мүмкіндігі туралы  уақытылы ақпараттандыру.

    Жеткізуші тарапынан:

    - банкіге тауарларды (қызмет көрсету)  жеткізу туралы, оның ішінде клиенттің  тауарды (қызметтерді) қабылдап  алғанын ұсынатын барлық құжаттамаларды  ұсыну;

    - сатып алушылармен барлық дауларды  өз уақытында және толық реттеу;

    - банктің факторингтік операцияларының  дәрежесін өзгертуі мүмкін, ақы  төлеушілермен өтетін қолайсыз  жағдайлар туралы мәліметтерді  банкке ұсыну;

    - қажет болған жағдайда банкпен  арбитраждық сотта істі қарауға  қатынасу.

    Факторингтің  операцияның негізінде жөнелткен  өнімі үшін жеткізушінің фактурашотын банктың сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді  талап ету құқығын табыс ету  жатады.

    Сондықтан да факторингтік операция, сонымен  бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге факторингтік несиені беру деп аталады.

    Факторинг бастапқыда мамандандырылған сауда  делдарының операциясы ретінде, кейін  сауда банктерінің операциясы ретінде  пайда болды. Осы замаңғы талаптарға коммерциялық несиенің өзінше бейімделген  түрінде факторинг немесе факторлық несие жатады. Бұл, әсіресе, соңғы екі он жылдықта жақсы дамыды. Тауар сатушысы үшін коммерциялық несиеден факторлық несиенің айырмашылығы мынада: олар сатылған тауардың төлемін қолма-қол ақшамен алса, несиеге сатуда сатушы  тек вексель ғана алады. Жеткізуші алынған векселді банкте ескеріп, қолма-қол ақша алады, алайда, бұл қолма-қол ақшаның сомасы фактура-шотты сату барысындағы сомадан кем болады.

    Комерцилық  банктердің (шетелдердегі арнайы – факторлық - компаниялары - немесе жай ғана фактор)  тиісті бөлімдерінің өз клиентерінен (тауарлармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар) төлем құжатын (ақшаны алу құқығын) сатып алуда және ол бойынша төлемдерді борышқорлардан (сатып алушылардан) кейін  алуда төлеушіге қойылатын төлем талабының тізімін сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу ретінде мүмкін болады.

    Факторингтік операциялардың қатысушыларының тәртібі келесідей:

  • коммерциялық банктің факторингтік бөлімшесі немесе арнайы факторингтік компания – өздерінің клиенттерінен дебиторлық қарызды сатып алушы арнайы қаржылық мекеме. Дәлірек айтқанда, дебиторлық қарыз сатып алынады да, клиент-кәсіпорынды қаржыландыру жүзеге асырылады;
  • клиент-кәсіпорын (тауарды сатушы, кредитор) – банкпен келісім жаусаушы тұлға;
  • қарызгер кәсіпорын – тауарды сатып алушы тұлға (дебитор).

    Қарастырылып  отырған операцияның мәні мынада: жабдықтаушы кәсіпорын сатып алушыға ақшасын факторинг бөлімінің шотына түсіруін талап етіп, төлем құжатын ұсынады. Соңғысына бір мезгілде құжаттын бір данасы беріледі. Бұл құжаттың негізінде ол ақшаны өзінің шотынан жабдықтаушының шотына аударады, ал, кейін сатып алушыдан төлемнің уақытылы алынуына бақылау жүргізіледі (төлем кешіктірілетін болса тиісті өсімақы алынады). Сонымен бірге, факторинг мерзімі арқылы есеп айырысу туралы келісім шартта жоғарыда анықталған төлем бойынша мерзімі ұзартылған берешек пайда болатын болса, банк оның сомасына клиенттің есеп айырылысу шотынан факторинг шотына қалыпқа келтіре отырып, тізім құқығына (талаптарды кері табыстау) жүгінуі мүмкін.

    Клиенттің талап сомасының қалған бөлігі (10-30% мөлшерінде), берілген (факторингтік) несие үшін процентті шегеруге екі түрлі жолмен төленуі мүмкін, яғни:

  • қарызгерден қаражаттың түскен уақытына қарамастан компания немесе банктің тиісті бөлімі анықтаған мерзімде;
  • осы қаражатты дебитордың аударғанынан кейін, яғни, жеткізілген тауардың төлемі нақты жүзеге асырылғанда.

    Факторингтік  қызмет көрсетудің негізгі мақсаты  – клиенттің дебиторлық шотын  инкассациялау және оның пайдасына  тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландырусыз да, қаржыландырумен де көрсетуі мүмкін.

    Факторинг – қатерлі болса да пайдасы жоғары банк бизнесі әрі қаржылық маркетингтің тиімді құралы және осы заманғы экономиканың даму процесіне бейімделе алатын банк операцияларын біріктіруші формалардың бірі. 
 

    ІІ  бөлім. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау

2.1. Қазақстандық банктердің  факторингтік операцияларын  талдау және бағалау

    Қазіргі кездегі Қазақстанның банк жүйесі өздерінің  клиенттеріне кешенді қызмет түрлерін көрсетумен айналысып келеді. Алайда, факторингтік операциялар арқылы несиелеу бүгінгі коммерциялық банктер арасында өзінің қажетті қолданысын және дамуын таппай отыр десек артық айтқандық  бола қоймас. Оған дәлел ретінде  қазіргі қазақстандық коммерциялық банктердің арасында факторингтік қызмет көрсетумен айналысатын банктердің саусақпен санарлық екенін атап кетуге болады.

    Осы орайда, қазіргі таңда факторингтік операцияларды жүзеге асырумен белсенді түрде (қазіргі факторингтік нарықтың жағдайын ескере отырып осылай деп  айтуға болатын секілді) жүргізіп отырған  еліміздің танымал коммерциялық банктерінің қызметіне қысқаша  талдау жүргізе кетелік. Мұндай банктердің қатарына «Банк ТұранӘлем», «Банк  ЦентрКредит» және «АТФБанк» секілді  банктерді жатқызуға болады. Енді аталған банктердің қызметіне қысқаша  және факторингтік қызметтеріне барынша  толығырақ тоқтала кетелік.

    «ТұранӘлем  Банк» АҚ Қазақстандағы ең жетекші  банктердің бірі республикамыздағы  қаржылық лизингті дамытудың қажеттіліктерін ескере отырып, еншілес «БТА Лизинг» АҚ компаниясын құрған болатын. Компания қазіргі кезде қаржы нарығында табысты қызмет көрсетуде және өзін сенімді әрі кәсіпқой әріптес ретінде дәлелдеп берді.

    Қазіргі кезде компания меншікті капиталының  көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың бірі және Еуропа қайта құру және даму банкінен несие желісін алған және банктік  кепілдемесіз ұзақ мерзімді несие тартқан  жалғыз компания болып табылады. Бұл, өз кезегінде, «БТА ORIX Лизинг» АҚ компаниясына деген жоғары сенімді көрсететіні  белгілі. «БТА ORIX Лизинг» компаниясы бүгінде экономиканың келесідей  салаларында белсенді жұмыс атқарады және мұндағы өзінің қызметін ұлғайта  бермек: көлік саласы; құрылыс; ауыл шаруашылығы; медицина; тамақ өнеркәсібі; машина құрылысы; химия өнеркәсібі; өңдеу өнеркәсібі. Компанияның қызметі  ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға және дамытуға бағытталған. «БТА ORIX Лизинг»  компаниясының экономиканың нақты  секторындағы кәсіпорындарға ұсынатын факторингтік қызметінің негізгі шарттары мынадай: 
 
 
 
 
 
 
 

1 кесте  – «БТА ORIX Лизинг» АҚ факторингтік  қызметінің негізгі шарттары 

Факторингтік  қаржыландыру мерзімі  90 күнге дейін
Жобаның ең төменгі сомасы 50000 $
Мөлшерлеме  1) жылдық 15% - 17%; 2) жылдық 18 % - 25%.

Жыл ішіде  ағымды сұраныс бар соманы игерудің жалпы сомасына, қаржы агентімен  қатынастардың ұзақтығына (мin 0,5 жыл) және қатынастардың динамикасына (1,5 еселік өсім), сондай-ақ кепілдендірілген жиілікке, болашақтағы айналымдардың  жиілігіне қарай комиссия сыйақыларының  мөлшерлемесі қаржыландыру сомасынан  күніне 0,0388% мөлшерінде орнатылуы мүмкін, ал жекелеген жағдайларда бұдан  да төмен болады.

Факторинг алушыға аванстық төлем  Қаржыландыру  сомасынан 80%-дан 85%-ға дейін
 

    Факторингтік  қызмет көрсетумен айналысатын келесі қазақстандық банктердің бірі – бұл  «Банк ЦентрКредит».

    «Банк ЦентрКредит» клиенттерге мынадай  факторинг өнімін ұсынады. Клиентке аванстық төлем оның ақшалай талаптарынан 60%-дан 90%-ға дейінгі бір банктік  күн ішінде клиент тауарларды жөнелткені және қарызгер тауарларды алғаны туралы дәлел болатын тиісті құжаттардың  бәрін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. Қалған 10-40% клиенттің «блокталған  шотына» аударылады. Қарызгер банкке барлық тиісті төлемдерді толық көлемде  жүзеге асырғаннан кейін банк «блокталған  шотты» жояды және клиенттің талабының  қалған бөлігінің сомасын қарызгерге төлейді, яғни жалпы соманың 10-40% комиссиялық  сыйақыларды шегеріп тастағандағы. Комиссияларды төлеу талап етілген  валютада жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 кесте – «Банк ЦентрКредит»  АҚ факторингтік операциялары  бойынша комиссиялық сыйақылардың  мөлшері  

Комиссияның түрі Комиссияның мөлшері Ескерту
Регресс құқығымен Регресс құқығынсыз
1 2 3 4 5 6 7
1 Аванстық төлемді  бергені үшін сыйақы 12-16% (АҚШ  доларымен немесе Евромен)  14-18% тг-мен 14-18% (АҚШ доларымен  немесе Евромен)  16-20% тг-мен Сыйақыны төлеу  клиентке ақшалай талаптардың қайтарылған  күнінен «блокталған шоттан»  аудару арқылы жүргізіледі және жылдық 365күн бойынша қарызды қолданған күндері бойынша есептеледі
        7
1 2 3-4 5-6
2 Құжаттарды  өңдеу, қосымша қызметтер үшін тарифтер Айналымнан 0,2-0,5% Айналымнан 1,0-1,5% Бір жолғы төлем. Мөлшері өндірістік қызметтің масштабына және құрылымына, берілген ақшалай  талаптардың көлеміне, несиелік тәуекел  деңгейіне қарай ауытқып отырады 
3 Талаптар  бойынша төлемсіздік тәуекелі үшін төлем  Айналымнан 0.1-3,0%  
 

    Факторингтік  қызмет көрсету үшін қаржылық және экономикалық талдау-сараптамалық жұмыстарын жүргізу үшін «Банк ЦентКредит»  мынадай құжаттарды талап етеді:

  • тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алушы қарызгерлер, төлем шарттары туралы ақпараттарды қамтитын, клиентпен келісілген факторингтік қызметті тұтыну жөніндегі өтініш (банкте ұсынылады);
  • кәсіпорын жетекшісінің фотосуреті бар клиенттің анкетасы (банкте ұсынылады);
  • регресс құқығы бар факторинг келісімін жасау барысында: клиент-компанияның қаржылық есебі (соңғы үш жыл бойынша №1, 2, 3 формалар (үш жылдам кем қызмет кәсіпорындар үшін қызмет еткен мерзімдері бойынша) және өтініш білдірген мерзімге бөлек қаржы есебі. Мұнда дебиторлық және кредиторлық қарыздарды ашып көрсету керек (соның ішінде тауарлардың және қызметтердің атауы, қарыздың пайда болу мерзімі); бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдында есепті кезеңде міндеттемелерінің жоқтығы туралы анықтама; клиенттің шоттары бар банктерде қарыздық міндеттемелердің бар немесе жоқ екені туралы анықтама; қарызгердің төлем қабілеттілігін растайтын оның банкінің сатушы кәсіпорынға берген кепілдіктері.

    «АТФБанктегі» факторингтік қаржыландырудың негізгі  шарттары мынадай:

  • тауарды төлем мерзімін ұзарту шарттарымен жеткізіп беру;
  • жеткізілім бойынша ақшалай талаптарды «АТФБанкке» беру;
  • регресс құқығымен немесе регресс құқығынсыз төлемдерді мерзімінен ерте төлеу (жеткізілім сомасынан 80%-ға дейін), өнімді таудау шартына байланысты: жеткізіп беру күні, график бойынша, ұзартылған мерзімнің соңғы күні (факторинг-кепілгер);
  • жеткізілген тауарлар үшін төлемдер (негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды шегеріп тастағандағы ақша қаражаттарының сомасы);
  • қаражаттардың қалдығын төлеу (сатып алушы төлегеннен кейін 20%-дан әрі қарай), комиссиялық сыйақыны шегеріп тастағанда.

    Сонымен, қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдаудың қорытындысына  қысқаша тоқтала кететін болсақ, мынадай қорытынды шығаруға болады.

    Коммерциялық  банктердің факторингтік қаржыландыру бойынша несиелерінің мерзімі бір  жылға дейінгі қысқа мерзімді қамтиды. Факторингтік қызмет көрсету  бойынша пайыздық сыйақының мөлшері 12-20%-ды құрайды.

Информация о работе Факторинг