Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 20:00, реферат
Негізінен банктің депозиттік саясаты әр түрлі сатыдағы, әлеуметтік және жастық топтағы халықтың қызығушылығын көмектесуі тиіс. Қазіргі уақыттағы кең ауқымды депозиттердің түрлері клиенттерге ақша-қаражаттарын қартайған жақтарын қамсыздандыруға және алдағы уақыттағы шығыстарын жоспарлауға сонымен қатар, басқа да мақсаттарға қаржы жинақтауға көмектеседі.
КІРІСПЕ………………………………………………………3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Депозиттердің жіктелуі...................................................4
2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар..........................................................................9
3. Депозиттер бағаларының ерекшеліктері..................11
4. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі...14
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................20
Ж) салымдардың түрлерін және негізінен депозиттік портфелді қалыптастыру барысында өмір сүру циклының концепциясын есептеу.
Тиімді депозиттік саясаттың арнайы критерийлерін әр банк жеке (оның мөлшеріне, қызметкерлердің біліктілігіне, олар орындайтын операциялардың және көрсететін қызметтердің өзіндік құны және т.б. байланысты) анықтайды.
Басым бағыттарға орай коммерциялық банкке негізгі салымдар түрлерін көрсете отырып депозиттік операциялар туралы ереже болуы тиіс, онда оларды тарту талаптары, (проценттік ставкалардың деңгейі, салымшылардың санаты, салымдар мерзімі), салымдарды тарту тәртібі, депозиттік шарттың ресми нысандары болуы қажет.
Банктің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсер етуші, сондай-ақ оның депозиттік портфелінің және клиенттің тұрғысынан банк салымдарының түрлерін дамыту қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әртүрлілігін анықтайтын, оның ішінде ақша жинақтау жағдайлары бойынша: географиялық жағдайы; ұлттық дәстүрлер; әлеуметтік топтың ерекшеліктері; салымшылардың жасы; олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері; семьялық жағдайы; білім деңгейі; мамандығы және т.б.; банк тұрғысынан: бәсекелестік деңгейі (банкаралық және банктік емес кредиттік институттардың); банк қызметтері спектрінің дамуы, кеңею үрдісі, ұсынылатын қызмет сапасын арттыру; тәуекелдің диверсификациясы және басқалар.
Негізінен депозиттік рыноктың қалыптасқан жағдайын талдау салымшылардың өздерінің қаражаттарын орналастыру кезінде мынадай тұжырымдарды басшылыққа алатындығын көрсетеді:
1) банктің сенімділігі;
2) проценттік ставкалар бойынша неғұрлым банк тұрақты және сенімді болса, соғұрлым депозиттер бойынша проценттік ставка жоғары және керісінше болатындығы мұнда тікелей көрінеді: танымал емес банктер алға шығу мақсатымен жоғары проценттер есебінен жоғары ставкалар ұсынады;
3) банк мекемелерінің желісі және клиенттерге қызмет көрсету сапасы. Банк филиалдары желісінің көп тармақтылығы мен жоғары деңгейдегі сервис, бір клиентке қызмет көрсетудегі уақыт шығыны, есепайырысу мен төлемдерді электрондық жүйелер арқылы жасау мүмкіндігін ұсыну, банк операциялары және қызметтерінің көп түрлері және басқа факторлар клиенттің «өзінің» банкін таңдау кезінде жоғарғы мәні бар екендігі сөзсіз.
3. Депозиттер бағаларының ерекшеліктері
Ресурстарды тару үшін банктер арасындағы бәсекелестік күресінің негізгі құралы проценттік саясаттың әртүрлілігі болып табылады, себебі салынған қаражатпен табыс табу клиенттерді салым жасауға елеулі ынталандырады. Депозиттік проценттік ставкалар деңгейін әрбір коммерциялық банк ҚР Ұлттық банкінің есептеу ставкасын бағдарға ала отырып, ақша рыногының жағдайына және өзінің депозиттік саясатына орай жеке белгілейді. Депозиттік есепшоттардың жекелеген түрлері бойынша табыс көлемі салымның мерзіміне, сомасына, есепшоттың қызмет ету түріне, қосымша қызметтердің көлемі мен сипатына және т.б. орай анықталады.
Талап етілгенге дейінгі есепшоттар жоғарыда айтылғандай иелерінің ағымдағы операцияларды жасауы үшін қолданылып, қалдықтың тұрақсыздығымен сипатталады, және осыған байланысты бұл есепшоттар тобы төменгі табыстылығымен ерекшеленеді. Заңды тұлғаларға ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтары бойынша проценттер тіпті есептелмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдетте, клиенттен есепайырысу-кассалық қызмет үшін төлем алынбайды. Дегенмен талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы табыстың жоқтығы олардың иелерін мұндағы қаражатты азайтуға және артылған сомаларды табыстылығы жоғары салымдарға (мерзімдік салымдар, бағалы қағаздар және т.б.) орналастыруға ынталандырады. Бұл есепшоттардан қаражаттың басқа жаққа кетуіне жол бермес үшін көптеген банктер кезең (әдетте тоқсан сайын) ішіндегі орташа қаражат қалдығына аздаған проценттер есептеуді қолданады.
Кейбір банктер клиенттердің талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтарын тұрақты ұстауын мынадай түрде ынталандырады: олар есепшоттағы қаражаттың ең төменгі қалдығына жоғары проценттер ұсынады, немесе клиенттерге төмендемейтін ірі қаражат қалдықтары үшін сыйлықақылар ұсынады.
Жеке тұлғалар үшін ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттар бойынша міндетті түрде проценттер белгіленеді, бірақ ол бойынша табыс мерзімдік салымға қарағанда әрдайым елеулі мөлшерде төмен болады.
Мерзімдік салымдар бойынша проценттік ставка мөлшерін белгілеу кезінде негізгі фактор қаражат орналастырылған мерзім болып табылады: неғұрлым мерзімі ұзақ болса, соғұрлым процент деңгейі жоғары болады. Ең елеулі мәселе табысты төлеу жиілігі болып табылады: неғұрлым жиі төленсе, соғұрлым проценттік ставка деңгейі төмен болады.
Салымшыларды өз қаражаттарын банкке орналастыруға қызықтыру мақсатында банк проценттерді есептеудің және төлеудің әртүрлі жолдарын қолданады.
Табысты есептеудің дәстүрлі түрі шартта көзделген процентке орай салым бойынша есепайырысулар және төлемдер белгілі кезеңділікпен жасалады және салымның нақты қалдығының есептеу базасы ретінде қолданылатын жай проценттер болып табылады. Әдетте жай проценттер мерзімдері 1 жылға дейінгі салымдарға есептеледі.
Жай проценттердің формуласы – S = P*(1+in), мұндағы
S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;
Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;
і – проценттік ставка;
n - салым мерзімі.
Табысты есептеудің басқа түрі күрделі проценттер (процентке процент есептеу) болып табылады. Мұндай жағдайда есептеу кезеңі өтісімен салым сомасына процент есептеледі және алынған көлем салым сомасына қосылады. Осылайша келесі есептеу кезеңінде проценттік ставка табыс базасына есептелген жаңа өскен сомаға қолданылады. Күрделі проценттерді егер салым мерзімінің әрекеті аяқталуы бойынша табысқа нақты төлем жүргізілетін жағдайда пайдалану тиімді.
Күрделі проценттердің формуласы - S = P*(1+i) n, мұндағы
S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;
Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;
і – проценттік ставка;
n - салым мерзімі.
Салымшыларға қаражаттың салымда сақталудың нақты уақытының прогрессивті өсуіне байланысты проценттік ставканы қолдану тартымды болып табылады. Табысты есептеудің мұндай тәртібі қаражаттың сақталу мерзімін ұлғайтуды ынталандырып және салымды инфляциядан қорғайды.
Кейбір банктер инфляциялық шығындардың орнын өтеу мақсатымен проценттерді алдын ала төлеуді ұсынады. Мұндай жағдайда салымшы қаражатты белгілі мерзімге орналастыруда дереу оған есептелетін табысты алады. Егер шарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда банк салым бойынша проценттерді қайта есептейді және артық төленген сомаларды салым сомасынан ұстап қалады.
Қаражат орналастыру мақсатымен банк таңдайтын салымшы үшін процент көлемін есептеу тәртібі негізгі фактор (басқа талаптар тең болғанда) болып табылады. Есептеу кезінде бір банктер жыл ішіндегі толық күндерге орай (365 немесе 366), ал басқалары сол шамада алынған санды (360) басшылыққа алады, ал бұл табыс көлемінде көрініс табады. Әдетте, елдегі инфляция деңгейі жоғары болса, банктер есептеу кезінде дәл проценттерді, ал инфляция деңгейі төмен болса кәдімгі проценттерді (жылдың шамамен алынған санымен) қолданады.
4. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі
Халықтың жинақ ақшасы кез келген мемлекеттің ішкі инвестицияларының негізгі көзі болып табылады. Мемлекет оны екі негізгі жолдармен: бағалы қағаздар рыногы және қаржы мекемелері арқылы жұмылдыруға тырысады. Бағалы қағаздардың ролі өсе түскен қазіргі кезде халықтың жинағын тартуда банктер алда келе жатыр.
Мұндайда елдің барлық қаржы жүйесінің арқауы болып табылатын банк жүйесін нығайту өте маңызды.
Банк жүйесінің қызметтері сан-алуан – ол ақша-кредит саясатын, тәуекелдерді бағалау, есепайырысуларды жүргізу жұмыстарын атқарады. Сонымен бірге, бұл жұмыстар банктерді өз қызметтерінде тәуекелдерге итермелейді. Тәуекелдер мәселелерінің алдын алу мақсатымен бірнеше елдерде банктердің өзіндік қауіпсіздік жүйесі жасалған, атап айтқанда банк жүйесіне салымшылардың мүдделерін қорғау жөніндегі құрылым енгізілген, бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі болып табылады. Бұл құрылым - халықтың банктердегі салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі.
Дегенмен, халықаралық тәжірибе көрсеткендей депозиттерді сақтандырудың дұрыс жасалмаған жүйесі банк секторының тұрақтылығына жағдай туғызбайды, қайта қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Депозиттерге кепілдік беру әлеуметтік мақсаттарды (ұсақ жеке салымшыларды қорғау) және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (банктерден салымдарды жаппай алудың және дүрбелеңнің алдын алу). Мұндайда, көптеген елдерде соңғы кездері алапат толқын тәріздес, өзінің табиғаты бойынша тиімсіз банктік салымдарды жаппай алудың қаупіне қарағанда тым жоғары тәуекелді және спекуляциялық операциялардың нәтижесінде туындайтын банкроттық мәселесі маңызды болып отыр. Мысал ретінде 1990 жылдардағы Швеция, Мексика, Чили және Норвегия, сондай-ақ банктік бақылауы және реттеуі тиімсіз көшпелі экономикасы бар басқа елдерде болып өткен банктік кризистерді келтіруге болады. Көптеген банктердің төлем қабілетсіздігімен қоса қабат жүретін жүйелік банк кризистері Болгария, Венгрия, Латвия, Литва мен Румыния елдерінде орын алды.
Салымдарды жаппай алудың алдын алу және кризиске ұшыраған банк жүйесін тұрақтандыру үшін бірқатар елдер салымдарды мемлекеттік қорғау туралы жария етіп депозиттерді сақтандыруды жедел енгізбекші болып көрді.
Бірақ кепілдік берілетін салымдар жағдайы ауыр банктерде болып, ал оларды бақылаудың жоқтығы кризисті және оның салдарларын ұлғайта түсті. Егер депозиттерге кепілдік беру күшті банктік кризис жағдайында сақтандыру жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін, бір жағынан тиімді банктік қадағалау, екінші жағынан – тиісті қаржыландырумен қолдау көрсетілмеген кезде бұл жүйе банкроттыққа ұшырайды.
Депозиттерді сақтандырудың тиімділігінің төмендеуі банктердің де, сондай-ақ салымшылардың да жаупкершілігін төмендетуге алып келетін салымдарды сақтандыру қорының енгізілуі серпінді моральдық тәуекел мәселесімен (dynamic moral hazard problem) байланысты. Салымшылар жоғары проценттік ставкалар ұсынатын жоғары тәуекелді қаржы институттарына қаражаттарын жауапкершіліксіз орналастырып банктің қаржы жағдайын қадағалап отыру ынтасынан айырылады. Салымдарды сақтандыру негізінен тәуекелді банк қызметін ынталандырады. Банктік міндеттемелерге кепілдік беру салымдарды алу қаупін азайтады және банктерге қаражаттар шығынынан қауіптенбестен резервтердің көлемін төмендетіп және өздеріне жоғары тәуекелдерді қабылдауға мүмкіндік береді, яғни сақтандыру жоғары тәуекелді банктерге жасырын субсидия болып табылады. Осылайша депозиттерді сақтандыру банк жүйесінің статикалық тұрақтылығының жоғары дәрежесін қамтамасыз етсе де, бұл тұрақтылық бұзылуы мүмкін, өйткені депозиттерді сақтандыру банктерді жоғары тәуекелдерге итермелейді.
Соңғы жылдардағы әлемдік тәжірибе толық кепілдік беру банк жүйесінің қаржы тұрақсыздығына ұшырау ықтималын ұлғайтатынын көрсетіп отыр. Моральдық тәуекел мәселесі едәуір дәрежеде соңғы екі онжылдық ішінде жүйелік банктік кризистердің туындауына септігін тигізді. Дамымаған құқықтық базаның әсерінен үкімет тәуекелді қызметтің алдын алу үшін пруденциальдық банктік қадағалауды пайдалана алмағандықтан мұндай кризистер бірқатар елдерде болып өтті.
Бірқатар сарапшылар салымдарды сақтандыру жүйесі туындататын бұрмалаулар оны қолданудың артықшылықтарынан асып түседі. Салымшыларды қорғаудың қымбат емес және өте тиімді жолдары бар болса, салымдарды сақтандыру жүйесіне қарағанда соларды қолданған жөн.
Сонымен қатар мынадай мәселе тұр: «Салымдарды сақтандыру қандай болуы тиіс: мемлекеттік пе, әлде жекеменшік пе?» Көптеген елдерде банк салымдарын сақтандыру мемлекеттік болып табылады, ал сақтандыру қызметін жекеменшік компаниялар жүргізеді. Жекеменшік салымдарды сақтандыру жүйесі егерде дұрыс қаржыландырылса экономикалық тұрғыдан тиімді, саяси тәуелсіз және икемді болады. Бірақ жекенменшік сақтандыру институтының қаражаты жетпеген жағдайда, бәрібір мемлекеттің араласуының қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, сақтандырудың жеке меншік жүйесі қатаң реттеуді және қадағалауды талап етеді. Мемлекеттік сақтандырудың тартымдылығы мемлекеттік бюджет жүйесі өміршең болып және халықтың сенімін тудырарлықтай болса, салымшылар тарапынан үлкен сенімге ие болатындығында.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне – банк жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.
Коммерциялық банктердің қаржы тұрақтылығын нығайту мақсатында тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат тиімді банк саясатының құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады, ал оны қалыптастыру үш кезеңмен жүргізіледі:
• зерттеу кезеңі;
• жоспарлау кезеңі;
• шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі.
Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің тұтынысын зерттейді: депозиттердің қандай түрлері тартымды; депозиттердің, салымдардың әр түрлеріне қандай проценттер белгілеу керек. Бұлардың барлығы банктің банк операцияларын жүргізу жөніндегі мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезеңде қоршаған ортаны, рынокты, банктің бұл рыноктағы орнын және ролін талдауы кіретін рынокты зерттеу және талдау жүзеге асырылады. Яғни, банктің географиялық орны, оның клиентке жақындығы, филиалдар желісінің жеткіліктігі, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің бар екендігін депозиттік саясатты дайындаудың бастапқы сатысының өзінде-ақ бұларды зерттеу қажет.
Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша талдау және табысты бағалауды жүзеге асырып, түрлі тәуекелдерді жоспарлап, ұсынылатын қызметтердің ассортиментін және т.б. кеңейтеді.
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңінде белгілі кезең (жоспарлы) ішінде қандай депозиттер көлемі тартылатыны шешіледі. Мұнда қаражаттарды депозиттерге тартудың рәсімі (банк қызметкерлерінің клиенттермен табысты жұмысы, салымдардың түрлері, мерзімдері, артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары) роль атқарады.
Осылайша, депозиттік рынок – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі.
Халықтың салымдарына кепілдік беру қорын құру банктер алдында қойылған мақсатқа қол жеткізуде жауапты да маңызды қадам болып табылады.