Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2011 в 18:52, курсовая работа
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
2 Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1 сызбаны қараңыз):
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражатгары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатгы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық
жоспарлау процесінде
бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік
емес сфераның мекемелеріне
айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын
жасау және
пайдаланудың негізгі
қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық
шаруашылық жүргізуші
субъектілермен және
ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлексттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджетгерге қатынасы бойынша белгілі бір ретгеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетгі құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (2 сызбаны қараңыз):
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Рсспубликасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сөйкес, мемлекеттiк бюджет – араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi. Қазақстан Республикасында Бюджет кодексінде белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табыла
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қодданбалы ғылыми зсрттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеғе асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар үлғаймалы үдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.