Бюджет тапшылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2011 в 18:52, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
2 Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Бюджет тапшылығы курсовой.doc

— 931.00 Кб (Скачать)

     Бюджет  дефицитін қаржыландыру нәтижесінде өтелмеген  міндеттемелер қалыптасады. Олардың көлемі бюджет кезеңінде алынған  қарыз міндеттемелері мөлшерімен анықталады. Өтелмеген міндеттемелер  сомасы мемлекеттік  қарызды қалыптастырады.  
 

    1.2  Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы 

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік  қаржы ресурстарын  қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен  мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың  құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша  қарым-қатынасының  субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.Мемлекеттік  қаржылар үшін мемлекеттік  шығыстардың өсуінің  жалпы мемлекеттік  өнімнің өсуінен  жоғары болуы сипатты  болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады. 

Вагнер  заңы 3 факторлармен байланысты:

    1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

    2)  техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

    3  мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді. Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

    1)  мемлекеттік бюджет;

    2    бюджеттік емес қорлар;

    3   мемлекеттік несие;

    4)  мемлекеттік қоғамның қаржылары.

Мемлекеттік басқару деңгейі  бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.

Республикалық бюджеттің рөлі

Оның  қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті  бюджет

     Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттік емес қорлар

         Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

         Мемлекеттік несие

Мұнда қарым-қатынастар мекеменің  уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен  байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден  берілуі мемлекеттің  қажеттіліктерін  қамтамасыз ету үшін керек.

        Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік  қаржылардың негізін  құрайды. 

            Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

  1) республикалық;

  2) жергілікті.

 

            Республикалық қазына жүйесі:

  1) республикалық бюджет қаражаттары;

  2  алтын валюта қорлары;

  3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);

  4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

 

Жергілікті  қазына жүйесі:

  1) жергілікті бюджет қаражаттары;

  2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан  барып мемлекеттік  қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік  қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 Мемлекеттік бюджетті  теңестіру 

     2.1. Мемлекеттік бюджет  дефициті және  профициті 

     Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады.  Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -   профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады  немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды  пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

     Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі  деп елдің жалпы  ішкіөнімге қатысты 2-3℅  мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына,  нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

     Қазіргі кезде барлық елдерде  дерлік мемлекеттің  шығыстары оның кірістері  мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет ролінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппаратының көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Соңғы көрсеткішті өнеркәсібі дамыған мемлекеттер мысалынан қарасақ, онда 1970 пен 1985 жылдар арасында ол былай өскен, процент есебімен. 
 

     2.1-кесте 

     Дамыған мемлекеттер      1970ж      1985ж
     АҚШ      0,3      4,1
     Жапония      0,9      3,1
     ФРГ      0,1      2,7
     Италия      5,1      12,0
 
 
 

     Мемлекеттік бюджеттердің  тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға жа қаражат керек.  Бюджеттік тапшылық мемлекеттік тапшылықтардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны  шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

     Бюджет  тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

  1. Конверсия
  2. Қаржыландырудан несие беруге өту
  3. Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою
  4. Мемлекетті  басқару шығынын азайту
  5. Салық салу жүйесін өзгерту
  6. Жергілікті бюджеттің ролін арттыру

    2.2. Мемлекеттік бюджет  дефицитін жабу  жолдары 

     Бюджет  тапшылығын жабатын  үш дәстүрлі амал бар:

  1. Мемлекеттік займ шығару;
  2. Салық салудың  қатаңдығы;
  3. Ақша өндірісі немесе «сеньораж» , яғни ақша басу.

     Қазіргі кезде «сеньораж» тиімсіз, ол инфляцияға әкеледі. Қазіргі  заманғы «сеньораж» коммерциялық банктің  резервін құрады, оны  Орталық Банк үйлестіреді  және бюджет тапшылығын жабуға қолданылады. Бірақ Орталық Банк саясаты ақша резервінің өсу шамасына бағытталған, бұл ақша оған коммерциялық банктен түседі, осы салдар олардың қаржылық жағдайын төмендетіп,мемлекет ішіндегі қаржы жүйесінің қайшылықтары пайда болдаы

     Тапшылықты  қаржыландыру – оны  жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

     Бюджет  тапшылығын қаржыландырудың  жолдары:

     1.  Ақша белгілерін  шығару. Бұл жол  теріс әлеуметтік  – экономикалық  салдарлары болатын  инфляцияға жеткізеді.  Өз кезегінде ақша  эмиссиясы айналысқа  ақша белгілерін  тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді

     2. Мемлекеттік қарыщдар. Бұл жағдайда қаржыландыруға  бос ақша қаражаттары  бар компаниялар,  банктер және т.б.  қатысады.

     3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік  валюта қоры, басқа  халықаралық қаржы  ұйымдары, үкіметтер,  банктер береді.

     4. Ұлттық байлықты  пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

     Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың  басты жолы мемлекеттік  несие. Мемлекеттік  несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор –  несие беруші ролін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.

     Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның  несие  беруінен айтарлықтай  ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекетік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің  сақтандыру және  өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпыэкономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайда бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің  қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. АҚШ-тың  федералдық шығындарының ішінде 1980 жылы 8,9 проценттен 1989 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік  шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді.  Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек еке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа  көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады,бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды.Ақша көлемінін өсуі қоғам байлығы шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы мемлекеттік борыштың монеттенуі көптеген елдерге тән жағдайды  білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын  тұрақсыздандыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.

Информация о работе Бюджет тапшылығы