Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 19:17, реферат
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Кіріспе …………………................................................................…3
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы……………….........................................................…………....5
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі...........................................................................................................8
Қорытынды .......................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер ……….................................................19
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады:
мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;
- Банктің меншікті капиталы;
- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):
Минус:
Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):
Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.
Қаржылық қадағалау Агенттігіннің қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін оларды тәуекелділігі бойнша топтастырады. Топтастырылған активтер банктің меншікті қаржыларымен салыстырылады. Банктік тәуекелділік деңгейі жоғары, орташа, төмен болып бөлінеді. Активтерді топқа бөлу тәуекелділік деңгейінің банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауыптылығымен мінезделеді.
Активтерді тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:
1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%
Бұл топтасуда бір актив бірнеше топтарда кездеседі, мысалы: несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, салымдар,т.б. Ол жағдай активтердің түріне, сапасына, субъектілерге, эмитенттерге, олардың рейтингттеріне, сенімділігіне байланысты. Активтерді топтастыру арқылы балансқа өзгертулер жүргізіледі, активтер тәуекелділігі бойынша өлшенеді.
Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:
мұнда:
- жеке операциялар бойынша активтер;
- туекелділік коэффициенті(деңгейі);
Тәекелділігі бойынша өлшенетін активтер банктің меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді.Капитал банкке оның акционерлер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін, банк салымшыларын мүддесін қорғау үшін қажет.
Банк қызметінң тәуекелділігі көптеген банк операцияларына әсер етеді, мысалы:көп мөлшерде несие беруде, көп мөлшерде негізгі құралдарцы сатып алуда, көп шет ел валютасы сатып алу немесе сатуда, күрделі операцияларды енгізуде т.б. жағдайларда.
Банктің меншікті капиталына баға беру үшін оның жеткіліктілігін банктік қадағалау органдардың бекіткен нормативтік талаптардың орындалуын анықтау керек.
Біріншіден, капитал жеткіліктілігін көрсететін оның минималдық мөлшерін орындалуын анықталаты;
Екіншіден, капитал жеткіліктілігін мінездейтін коэффициенттер мен көрсеткіштер анықталады.
Меншікті капиталдың минималдық мөлшері келесідей (2001 жылдың 1 тамызынан бастап):
Лицензиясы бар бантер үшін 1000.000.000 тенге;
Аймақтық банктер үшін (Алматы және Астана қалаларынан тыс орналасқан)-500.000.000 тенге.
Барлық банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшер келесідей:Бір филиал және /немесе бір есеп–кассалық бөлімінен кп болуында- 1000.000.000 тенге оған қосу:
30.000.000 тенге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір филиалдар үшін;
15.000.000 тенге-басқа қалалада орналасқан әр бір филиалдар үшін;
10.000.000 тенге-басқа елді мекендерде орналасқан әр бір филиалдар үшін;
15.000.000 тенге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін;
5.000.000 тенге – басқа елді мекендерде орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін.
Келесіде, капитал жеткіліктілігін мінездейтін пруденциялдық нормативтер орындалуы анықталады- олар КI және КII коэффициенттері.
Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:
МК = КI + КII – ИК ;
Мұнда:
КI – бірінші деңгейлі капитал;
КII – екінші деңгейлі капитал;
ИК – басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестиция және сүбординарлық қарыздары (сатып алынған акциялар мен сүбординарлық қарыздар);
Ескерту: меншікті капиталдың анықталуында екінші деңгейлі капитал бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде ғана қосылады.
Мысалы:
КI – 1.500.000 теңге
КII – 1.700.000 теңге
ИК – 500.000 теңге
Формула бойынша:
МК = 1.500.000 + 1.500.000 - 500.000 = 2.500.000 (КII –дың 200.000 теңгесі есепке кірмейді, өйткені КI-дан көп)
Капиталды екі деңгейге бөліп, оның компоненттерінің сенімділігін анықтауға болады:
КI – сенімділігі жоғары, негізгі көздер;
КII – сенімділігі төмен көздер;
Талдау барысында олардың өзгеру динамикасын бағалап, өсу қарқынына мінездеме беру керек.
КI келесідей есептеледі:
1. Төленген жарғылық капитал (банк сатып алған өз акцияларының алып тастауымен):
2. Қосымша капитал;
3. Резервтік капитал;
4. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісінен пайда болған қорлар;
5. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;
Алу (-):
1. Материалдық емес активтер (банктің негізгі қызметіне қолданылатын лицензияланған бағдарламалық қамтулардың алып тастауымен);
2. Өткен жылдың зияндары;
3. Ағымды жылдың зияндары (немесе ағымды жылдағы шығындардың кірістерден артуы);
КII келесідей есептеледі:
1. Ағымды жылдың таза кірісі ( немесе ағымды жылдағы кірістердің шығындардан артуы);
2. негізгі құралдар мен бағалы қағаздардың қайта бағалауы бойынша резервтер;
3. Жалпы резервтер (Пж) (тәуекелділігі бойынша есептелген (өлшенетін) активтердің 1,25%-нан аспауы керек);
Яғни, Пж = Ат*1,25%/100% - есепке осы мөлшерде қосылады.
4. Банктің субординарлық борышы (СБ) (КI-дың 50%-нан аспауы керек)
Яғни, СБ = КI * 50%/100% - есепке осы мөлшерде қосылады.
Капитал жеткіліктілігін мінездейтін және коэффициенттері келесідей анықталады:
бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі капиталдың жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдвң мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады;
коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек.
банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады:
коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек.
Капитал жеткіліктілігін мінездейтін нормативтік талаптардың орындалуына бағалап капитал құрамының үлесіне, олардың динамикасына көңіл аудару керек. Келесіде капитал жеткіліктілігіне талдау CAMEL және BOSS дистанциялық банктік қадағалау жүйесі (BOSS ДБҚЖ) арқылы жүргізіледі. CAMEL және BOSS ДБҚЖ –інде капитал жеткіліктілігін мінездейді келесі көрсеткіштер бар:
1
1.
2.
Мұндағы,
МК – меншікті капитал
3.
1
Сыныпталатын активтер дегеніміз – үмітсіз және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әклетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар.
4.
Қорытынды
Мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу банк қызметінің мақсаттары болып табылады.
Информация о работе Банкттің меншікті капиталы және оның жіктелуі