Банктегі, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2013 в 10:28, курсовая работа

Описание работы

Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.

Содержание

КІРІСПЕ………3
I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты..4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі…6-10
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……..11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі…………20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі…….24-26
ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30

Работа содержит 1 файл

Банктегі,есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты.docx

— 51.74 Кб (Скачать)

Оған жататындар:

-    акция   және   басқа   да   құнды   қағаздарды   шығарудан   түскен   ақша  қаражаттары,   банктік  және  банктік  емес   кредиттерді   алу,   басқа  да түсімдер;

-    банктік   және   банктік   емес   ақша   қаражаттардың   шығысталуы,   үз акционерлерден акцияларды  сатып алу, дивидендтерді түлеу,  басқа да төлемдер.

Кәсіпорын ақшалай емес инвестициялық  және қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкін. Оларға:

-    материалды емес  активтерді, негізгі қүралдарды  ұзақ мерзімді несие есебінен  сатып алу;

-    кредиторларға   акция  мен  басқа да  құнды   қағаздарды   беру  арқылы кредиторлық  қарызды үтеу;

-    басқа кәсіпорындардың  акциясын оларға эквивалентті  дайын өнім мен сатып алынған  тауарларға айырбастау арқылы  иемдену т.б.

Ақша қаражаттар қозғалысы  туралы есебін жасағанда арнайы үңделген таблицалар қолданылады, оларда келесі ақпарат келтірілген (ақша қаражаттар қозғалысын есептеудің жанама әдісі)

-    алдыңғы жыл  және есеп беру жылы бойынша  баланстар, олар әр бір бап  бойынша   мәліметтерге   салыстыру   жүргізіп,   әр   қайсысы   бойынша ауытқуды (+;-) табуға мүмкіндік  береді;

-    қаржы шаруашылық  қызметінің нәтижесі бойынша  алдыңғы жыл мен есепті жылдың  есеп берулері, бүлар табыс пен  шығыстың, сонымен қатар есепті жыл соңындағы бүлінбеген пайданың (зиян) барлық баптары бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Мәліметтерді салыстыру  арқылы ақша қаражаттардың келіп  түсуі немесе шығысын арттыратын не кемітетін сомалар қызметтің  қай түріне жататынын (операционды, инвестициялық, қаржылық) анықтауға  болады.  Бұл  мэліметтер үңделген кестеге жалпыланып, есеп беруге сэйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік туғызады.

Операционды қызметтің нэтижесіндегі  ақша қаражаттардың қозғалысын тікелей  әдіспен анықтаған кезде, олардың  қозғалысына әсер еткен, тікелей  келіп түсуі мен шығысымен  байланысты операцияларды айқындайды, яғни ақша қаражаттар есебі бойынша  шоттар корреспонденциясындағы операциялар  және ақшалай емес операциялар болған жағдайда, олар біріктіріліп есеп беруде бір жолда күрсетіледі.  Бұл  кезде қызмет түрі бойынша операцияларды  алдын — ала бөліп алу қажет (операционды, инвестициялық, қаржылық).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде  маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бүлудің  және түтынудың нақты үрдістерін күрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың  негізі болып табылады. Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарында  және Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сэйкес жүргізіледі.

Әр бір кәсіпорын үзінің қызметі барысында сатып алынған  тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін басқа шаруашылық жүргізуші  субьектілермен, бюджеттік мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиімділігі күбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу  қолма қол және қолма қолсыз нысанда  жүреді. Қолма қолсыз ақшаның есебі  есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса  операцияларының есебі бойынша  жүзеге асады.

Барлық шаруашылық субъектілер  ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл  төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу  нысанында болады, ал қажетті қолма  — қол есеп айырысулар Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен  артып кеткен жағдайда, есеп айырысу  тек қолма -қолсыз түрде жүзеге асу  керек.

Ақша қаражаттардың есебі  мынадай алғашқы құжаттардың  негізінде жүзеге асады:

-    төлем тапсырмасы;

-    нақты жарнаға  хабарландыру;

-    төлем талап  тапсырмасы;

-    кіріс касса  ордері;

-    шығыс касса  ордері;

-    ақшалай чектер;

-    слиптер;

-    қаражатты депонирлеудің  төлем тапсырмасы;

-    банктік көшірмелер.

Әр бір кәсіпорын басшылары  кәсіпорын қызметін дүрыс жолға  қойып, пайдасын асыру үшін ішкі аудитті  жүргізу керек. Кәсіпорынның барлық қаржылық нәтижелері қаржылық есеп беруде шығарылады. Ал, аудиттің ең маңызды  объектісі қаржылық есеп беру, яғни ол жердегі мәліметтердің шынайылылығын, анықтау болып табылады. Теорияда аудиттің әдісі болып ең алдымен  аудит обьектілерін зерттеудің диалектикалық  әдісі түсініледі.  Бұл  зерттеулерді өткізген кезде танымның жалпы ғылыми әдістеріне үлкен көңіл бүлінеді, оның ішінде негізгі болып табылатындар: талдау және синтездеу, индукция    және    дедукция,    абстракция    және    аналогия,    модельдеу  және эксперимент жасау және т. б. Аудиттің әдістемелік тәсілдері: есептік  талдау, құжаттық және жалпылау.

Аудиттің ең негізгі принциптері: тәуелсіздік, кәсіпқойлылық, объективтілік, шыншылдық, қүпиялылық.

Кәсіпорын құжаттарымен жұмысты  бастаудан бұрын аудитор аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасайды.

 

Аудиторлық тексерудің жоспары

1.   клиент қызметі  жүнінде білім алу;

2.   есеп саясаты  мен ішкі бақылау жүйесімен  танысу;

3.   ішкі аудитке  деген күтімді сенімді анықтау;

4.   қызмет көлемі  жүнінде дүрыс мағлүмат алып, олардың еңбек сыйымдылығына  баға беру;

5.  Аудит жүргізу үшін  мамандарды жинау;

6.  Шынайы ақпарат алу;

7.  Аудиторлық тәуекелді бағалау;

8.  Аудит бағдарламасын  жасау;

Өндірістік іс — тәжірибе үлкен кәсіпорында ішкі аудит  жүйесі дұрыс жолға қойылған. Оның заңды мәртебесі тексеруші комиссия ретінде анықталған және серіктестік  жарғысымен белгіленген.

Тексеруші комиссия Серіктестіктің Қатысушыларының Серіктестіктің атқарушы органдарының қызметіне бақылау  жасау мақсатында тексеруші комиссиясын  құруға немесе тексерушіні сайлауға қүқығы бар.

Тексеруші комиссияның Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне тексеру  жасаған кезде атқарушы органнан барлық қажетті материалдарды, бухгалтерлік және басқа да құжаттарды және жеке түсінік берулерін талап етуге  құқығы бар. Тексеруші комиссия жасалған тексерулердің нәтижелерін Серіктестіктің Қатысушыларына ұсынады.

Тәжірибе үткен кәсіпорында (серіктестік) ішкі аудит 2003ж. ақпан  айында жүргізілген. Аталмыш кәсіпорында  бухгалтерлік есеп соның ішінде ақша қаражаттар есебі дұрыс жолға  қойылған. Бірақ, кәсіпорын қызметкерлерімен не қаржылық талдауы, не басқару талдауы  жүзеге аспайды. Менің айтатын ұсынысым осы талдау мэселесін реттеп, дүрыс жолға қойу керек, яғни қызметкерлерді қосымша арнайы мамандандырып немесе жаңа мамандарды шақырып, бүл мәселені шешу керек. Әрине, бүл қосыша шығындарға алып келеді, бірақ бұл міндетті түрде өз-өзін ақтайтын шығындар. Себебі, қаржылық талдау, басқару талдауы кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылып басқарылуының негізі болып табылады.

Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттім, яғни ақша қаражаттар есебі мен ішкі аудитінің теориялық  мәселелерін тәжірибе принциптерімен үштастырып, алған білімімді нығайта  түстім.

Пайдаланған нормативті —  құқықтық актілер және арнайы

әдебиеттер:

1.    Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есепке алу және  қаржылық есеп беру туралы»  Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар  енгізілген)

2.    Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж.  Заңы

3.    Бухгалтерлік   есептің   Типтік   жоспары,   Қазақстан   Республикасының Қаржы  министрлігі, Алматы 2002ж.

4.    Бухгалтерлік  есептің стандарттары. Алматы, 1996ж.

5.    Қаржылық есеп  берудің халықаралық стандарттары, 2001ж.

6.    Қазақстандағы  Аудиттіңхалықаралықстандарттары,2001ж.

7.    Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (Негізгі бүлім, 1996ж.)

 

 

 

Арнайы әдебиеттер:

1.    Айтжанова Ж.Н.  «Бухгалтерский учет, отчетность  и аудит устойчивого экономического  развития». Алматы 2002, 205с.

2.    Абдыкалыков  Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского  учета и аудита» Алматы 2001, 236с.

3.    «Аудит». Под  редакцией профессора В.И. Подольского  Москва 1997г. 432с.

4.    Әбдіқалықов  Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және  аудит». Алматы 2000ж. 1686.

5.    Баймұханова   С.Б.,   Балапанова   Ә.Ж.   «Бухгалтерлік   есеп»,   Алматы 2001ж., 2366.

6.    Балапанова Ә.Ж.  «Аудиттің теориялық негіздері». Алматы 2003ж. 936.

7.    Бернстайн Л.А.  «Анализ финансовой отчетности».  Москва 2002г. 623с.

8.    Дюсембаев   К.Ш.   и  др.   «Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности».  Алматы 1998г. 432с.

9.    Дюсембаев   К.Ш.,   Түлегенов   Ә.Т.   т.б.   «Кэсіпорынның   қаржылық  жағдайын талдау» Алматы 2001ж. 3296.

10.  Дюсембаев К.Ш., «Аудит  и анализ в системе управления  финансами» Алматы 2000г., 293с.

11.   Кеулімжаев Қ.Қ., Әжібаев З.М. т.б. «Қаржылық  есеп». Алматы 2001г. 3306.

12. Кодекс  РК  о  налогах   и  других обязательных  платежах  в  бюджет. Алматы2003г. 238с.

13.  Международные стандарты  финансовой отчетности 2001г. 1242с.

14.  Нидяз Б., Андерсон X. Принципы бухгалтерского учета  Москва 2000ж., 495с.

15.  Радостовец В.К. и  др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.33

16.  Савицкая Г.В.  «Анализ  хозяйственной деятельности предприятия». Москва 1999г.   686с.

17.  Сейдахметова Ф.С.  «Современный бухгалтерский учет».  Алматы 2000г. 335с.

18.  Стандарты бухгалтерского  учета и методические рекомендации 1999г., 609с.

19.  Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебі»  Алматы 1998ж. 475 б.

20.  Шуванова В.М.,  Абдилсанапов  А.А.  «  Организация  бухгалтерского  учета и формирование учетной  политики предприятия». Алматы2001 г., 398с.

21.  «Бухгалтерский учет  — Аудит» №7 февраль, №3  март 1999г.

22.   http//www.buhgalter.kz


Информация о работе Банктегі, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты