Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық Банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:

    * ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;

    * елдің қаржы нарығына Ұлттық Банктің араласуы арқылы қолма-     қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;

    * валюталық реттеуді дамыту және алтын-валюта резервін басқару;

    * банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу қағидатын      түбірімен өзгерту;

    * бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;

    * Ұлттық Банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;

    * Ұлттық Банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын нығайту;

    * екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;

    * төлем жүйесін дамыту;

    * елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамасыз өтілуін жетілдіру.

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай- ақ Ұлттық Банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру жатады.

Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24 %-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық Банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық Банк 1996-1998 жылдары орталықтандырылған несиелерді тек кана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.

 

 

Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау

 

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызамыз.

Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың 2 тоқсанында несиенің сомасы ЖҰӨ-нің 11,3 пайызын құраса, ал 4 тоқсанда 29,8 пайызды құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктердің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылады. Оларды келесідей мәліметтер куәләндырады: 1992 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы 6,7 пайызды құраса, 4 тоқсанында 17,8 пайызды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасалмайтын несиелердің, яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.

1993 жылы Ұлттық банктен 7,5 млрд. теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5,6 млрд. теңгесі үкіметке, яғни олардың үлесі 75 пайызды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн. теңгеге немесе 3,9 пайызға тең болады, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылады.

Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін – еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірген мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық тәжірибесінің әлсіреуіне әсер етеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалдық құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз айында 25 пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция 1000 пайызды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.

Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкеледі.

Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын, олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.

Төменгі пайыздық мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қоғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығындардың орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне банктердің байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі, банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жылы 4 тоқсанында 65 пайыз төмен) мөлшерлеме бойынша беріледі.

1992 жылы Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырылған несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42 пайызын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

1993 жылы мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін орталықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен 3, 25, 65 пайызға беріледі.

Ұлттық банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын жүргізу кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.

Дегенмен жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.

Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса, 1993 жылы 1 қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға 877 млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8 пайызды құрайды.

1991 жылы 1 қаңтарда уақында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн. теңге құраса, 1992 жылы 1 қаңтарда 11,2 млн. теңге құраса, 1992 жылы маусымда 384 млн. теңге немесе ЖҰӨ-нің 12,3 немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасы 84,1 пайызды құрады. 1993 жылы мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн. теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60есе жоғары өсті.

1992 жылдың соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорынның қарызын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы 1992 жылдың аяғында 80 млн. теңгені құраған.

1993 жылғы қараша айында Ұлттық банкке Ұлттық валютаның енуімен ақша несие саясатын жүзеге асыру, бюджетпен банктер мен өзара қарым қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

Ұлттық валютаның еңгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің қызметін атқару жүйесі қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай – несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. 

1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру орта мерзімді бағдарламаныжасауға мүмкіндік туғызды.

Оның мақсаты мен  міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.

1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Призедентінің қаулысымен бекітілген, 1995 жылы арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:

Ұлттық банкінің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банкінің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді.

Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға сай банктер тобын қалыптастыру.

Банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағам тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді.

Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банкінің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістері арқылы қаржыландыруға көшу.

Шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында төлемдердің қауіпсіз, уақытылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту.

Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.

Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырады.

Ең алдымен ақша несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті. [27,54-61 б]

Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарады. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеудің шаруашылық жүргізу субъектілерінің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын  тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімдейді.

1995 жылдың 1 жартысында Ұлттық банктің 2 деңгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, 2 жартысында операциялардың барлық ауыртпалығын мемлекеттік бағалы қағаздардың 2 нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап, ломбарттық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.

1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 ж қаңтарында 8,9 пайыздан 2,4 пайызға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45 пайызға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5 пайызға дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегінде 2 деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініс алды.

1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде 1, 2 нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд. теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер 0,8 млрд. теңгені айналысқа шығарды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд. теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар 2,2 млрд. теңгені құраған.

Информация о работе Банк , несие реформалары