Банк , несие реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебім, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларының алғышарттары...........................................................................................4
II. ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы.......................................................................................................9
III. ҚР банктік реформаладың нәтижелері..............................................................................................20
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Банк,несие реформалары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң – «Мемлекеттік банк туралы» Заң және «Банктер және банк қызметі туралы» Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады.   [8, 181 б.]

 

Кесте 1 – ҚР-да банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

[6, 232б.]

1930 ж дейінгі банк жүйесі

1930-1987 жылдар

1988-1990 жылдар

1991 жылдан бастап

Ресей Мембанкі және көптеген несие-банк мекемелері

1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі).

2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі         3.КСРО Сыртқы сауда банкі

1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс, КСРО Агроөнеркәсіп, КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік, КСРО Жинақ және КСРО Сыртқы эконом банктері     2.Жаңадан кооперативтік банктердің құрыла бастауы

1. Егемен Қазақстаанда өзінің  банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі – Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

 

1990 жылғы «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк жүйесінің жаңа даму сатысына көшті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ҚР банк жүйесін дамыту реформаларды жүзеге асыру барысы

 

ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар

 

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принціпті түрде реформалау қажеттігінің маңызы зор.  

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың, талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жыл желтоқсан айында қабылданған «ҚазКСРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

1995 жылғы банктік реформа:             

Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасаған талдауда, олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау тетіктеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

Қазіргі таңда ҚР жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады:

1-кезең. 1988-1991 жж. – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мембанкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

2-кезең. 1992 аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

3-кезең. 1993жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктармен қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:

        мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

        коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау тетігінің жеткіліксіздігі;

        екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінін, баяу құрылуы;

        валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

        макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;

        осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;

        Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.

ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

        Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

        қаржы ресурстарын жинақтаудын, іс жүзіндегі тетіктерінің әлсіздігі;

        шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;

        орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;

        прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

        банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Бұл банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып 1995 жылға дейін жалғасты.

Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Агроөнеркәсіп балансы Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шаралары іске асырылды.

Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап Әлем банкке бөлу шаралары жүзеге асты.

Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтиды:

1-кезеңде (1995жылдың бірінші жартысы) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарының индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

2-кезеңде (1995 жылдың екінші жартысы және 1996 жыл) Халық банкіне пластикалық дебиттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндетті.

Үшінші кезеңде (1997 жылдың ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 жылы бастап салымдарды мемлекеттің толық, кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

Төртінші кезеңде әмбебап банк — Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

Бесінші кезеңде әмбебап банк — Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі — 40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың каңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық Банк даярлауға тиіс болды.

Коммерциялық банктер жүйесімен қатар  коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімдік жоспарда тиімсіз болып табылатын нақты секторды орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктердің болуы да қажет болды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атады, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып табылады.  

Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Эксимбанк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық банкі болды.

Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.

Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) — бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыкқан банк.

Тұрғын үй құрылысы банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк (траст) — бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен «Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небары 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық Банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.

Банктерді қайта қаржыландыру тетігі түбірімен өзгерді. 1995 жылғы ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық Банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктін екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан 6астап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.

1995 жылы Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 жылдың қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9%-дан, қыркүйек айында - 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

1996-1998 жылғы банктік реформалар:

Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

Жалпы 1996-1998 банктік реформа Ұлттық банк тарапынан жасалған бағдарламаның арнайы негізінде жүргізілді. Оның өзіндік мақсаты мен міндеттері бекітілді.

Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

Информация о работе Банк , несие реформалары