Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 13:57, лекция
Мақсаты: «Бағалы қағаз» экономикалық категорияның мазмұнымен танысу және олардың түрлерін оқп үйрену
Негізгі сұрақтар:
1. Бағалы қағаздар түсінігі: мәні және мазмұны
2. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты куәландыратын арнайы рәсмделген қаржылық құжат.
Қазақстанда бағалы қағаздар үш санатқа бөлінеді:
• Үлесті бағалы қағаздар – иесінің кәсіпорынның жарғылық қорына белгілі бір үлес қосқандығын куәландыратын қағаз., оған акцияны жатқызуға болды. Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сонымен қатар иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
• Қарызды бағалы қағаз – иесімен эмитенттің арасындағы қарыздық қатынасты көрсететін және белгілі бір мерзім өткеннен кейін оны қайта сатып алатындығын , оған пайыз төлейтіндігін растайтын бағалы қағаз. Оған: Облигация, вексель, қазынашылық міндеттеме және ҚР Ұлттық банкі нотасы
• Туынды бағалы қағаз- қандай да бір базалық активтерге негізделіп шығарылатын бағалы қағаз. Оларға опцион, депозитарлық қол хат, варрант, фьючерс, ипотекалық куәлік және коносомент жатады.