Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 13:57, лекция
Мақсаты: «Бағалы қағаз» экономикалық категорияның мазмұнымен танысу және олардың түрлерін оқп үйрену
Негізгі сұрақтар:
1. Бағалы қағаздар түсінігі: мәні және мазмұны
2. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты куәландыратын арнайы рәсмделген қаржылық құжат.
Қазақстанда бағалы қағаздар үш санатқа бөлінеді:
• Үлесті бағалы қағаздар – иесінің кәсіпорынның жарғылық қорына белгілі бір үлес қосқандығын куәландыратын қағаз., оған акцияны жатқызуға болды. Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сонымен қатар иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
• Қарызды бағалы қағаз – иесімен эмитенттің арасындағы қарыздық қатынасты көрсететін және белгілі бір мерзім өткеннен кейін оны қайта сатып алатындығын , оған пайыз төлейтіндігін растайтын бағалы қағаз. Оған: Облигация, вексель, қазынашылық міндеттеме және ҚР Ұлттық банкі нотасы
• Туынды бағалы қағаз- қандай да бір базалық активтерге негізделіп шығарылатын бағалы қағаз. Оларға опцион, депозитарлық қол хат, варрант, фьючерс, ипотекалық куәлік және коносомент жатады.
Тақырып 2. Бағалы Қағаздар: түсінігі, түрлері және қызметтері
Мақсаты: «Бағалы қағаз» экономикалық категорияның мазмұнымен танысу және олардың түрлерін оқп үйрену
Негізгі сұрақтар:
Бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты куәландыратын арнайы рәсмделген қаржылық құжат.
Қазақстанда бағалы қағаздар үш санатқа бөлінеді:
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздарды сату тәсіліне қарай төмендегідей бағалы қағаздар нарықтары дамуда.
Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың
жаңа шығарылғандары орналастырылады.
Олардың эмитенттері
Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың бірінен-бірінің айырмашылығы мынада:
Кассалық нарық (немесе «кэш» нарық, я «спот» нарық) – ол мәмілені дереу (1-2 жұмыс күнінде) орындау. Ал мерзімді нарық - ол мәмілені орындау мерзімі (2 жұмыс күнінен бастап 3 айға дейін) бекітілген нарық. Қазіргі кезде әлемде осы аталған нарықтардың қосындысы іспеттес төрт нарық концепциясы кеңінен мойындалуда. Алғашқы нарық қор биржасы деп аталып, онда тіркеуден өткен қор құндылықтарымен мәміле жүргізіледі. Эмитент-компания бағалы қағаздардың жаңасын шығарып ұсынғанда оны сату процесіне көптеген қаржы институттары қатысуы мүмкін. Өркендеген елдерде бағалы қағаздарды орналастырумен инвестициялық банктер шұғылданады. Әдетте,инвестициялық банктер андеррайтер ретінде шығарылымның барлығын сатып алып, шығарылымды орналастыруға өзіне қаржылық міндеттеме (кепілдік) алады. Андеррайтердің жүргізетін іс-шаралар кешенін андеррайтинг деп атайды. Екінші нарық –ол биржадан тыс нарық, онда биржада тіркеуден өтпеген бағалы қағаздармен операциялар жүргізіледі. Бағалы қағаздардың екінші нарықтағы айналысы – ол негізінен бағалы қағаздарды қайта сату. Сатып алу-сату мәмілелерінің көп бөлігі брокер-делдалдардың, инвестициялық дилерлердің, трейдерлердің (биржаның сауда аймағындағы фирмалардың өкілі) қатысуымен нарықтық баға бойынша жүргізіледі. Үшінші нарық –ол биржадан тыс нарық, онда қор биржасынан тыс делдалдар арқылы тіркеуден өткен бағалы қағаздар сатып алынып, қайта сатылады. Оларға жоғары комиссиялық ақы бекітіледі. Төртінші нарық немесе компьютерленген нарық, онда сауда қор делдалдарын біріктіретін компьютерлік желі арқылы жүргізіледі. Бұндай жүйенің көмегімен инвесторлар комиссиялық ақыдан және қор нарығының тұрақсыздану қатерінен көп сома үнемдейді. Қорытындысында бағалы қағаздар нарығының құрылымы жөнінде айта кететін жәйт, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңында «алғашқы нарық» – бастапқы бағалы қағаздар нарығы, ал «екінші нарық» – қайталама бағалы қағаздар нарығы деп аталған.
Бағалы қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз байланысты. Олардың экономикалық мәні бір-біріне сай келеді. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі.Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы құжаттық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында (шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі
Жоғарыда бағалы қағаздардың жіктелуі көрсетілген
Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ақша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар. Кейбір авторлардың көзқарасы бойынша кез-келген бағалы қағаздарда болатын кейбір белгілерге (уақыт, кеңістік және нарықтық) байланысты жіктейді.
Жіктелу нышандары: |
Бағалы қағаздардың түрлері |
Қолдану мерзімі |
Мерзімді, мерзімсіз |
Пайда болуы |
Алғашқы, екінші нарық |
Қолдану формасы |
Қағазды- құжатты; қағазсыз, құжатсыз |
Ұлттық тиістілігі |
Отандық, шетелдік |
Пайдалану типі |
Инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес |
Иемдену тәртібі |
Ұсынушы, атаулы |
Шығару формасы |
Эмиссиялық, эмиссиялық емес |
Меншік формасы |
Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
Айналыс сипаты |
Нарықтық, еркін айналыстағы, нарықтық емес |
Тәуекел деңгейі |
Қауіпсіз, аз қауіпті, қауіпті |
Табыстылығы |
Табысты, табыссыз, |
Қаражат салу формасы |
Қарызды, иеленушінікі, үлесті |
Экономикалық мәні (құқық түрі) |
Акция, облигация, вексель және б. |
Қорыта айтқанда, бағалы қағаздарды жоғарыда келтірілген суреттердегідей жіктеу қазіргі нарықта олардың сан алуан түрлерінің бар екенін білуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары: