Қазақстанның қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 11:31, курсовая работа

Описание работы

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы нарығы.docx

— 32.01 Кб (Скачать)

Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен (сурет 1). 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Сурет 1 – Қазақстандағы  екінші деңгейлі банктердің депозиттері  мен міндеттемелерінің серпіні, млрд. теңге

Жағымды макроэкономикалық  жағдай және банктердің меншікті капиталы, ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың бірінші жартысына дейінгі  кезеңдегі несие нарығы қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен  инфляцияға, ұлттық валютаның девальвация  қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша мөлшерлемелер 2000 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде нақты  сектор кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.

Экономикаға несиелердің  көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген  кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті (сурет 2). 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Сурет 2 -Экономикаға несиелердің  ЖІӨ-ге қатысының серпіні, % 

 

 

 

Қысқа және орта мерзімді банктік  несиелеудің басты көздері депозиттік базаны кеңейту және шетел қаржы  институттарынан синдикатталған займдарды  тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері  ірі қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2007 жылы қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы  кезіндегі қарыз алу, банктердің «мерзімсіз» еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30 жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту  шарттары да тартымды болды. Айналыс  мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді еурооблигациялары  бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2007 жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде  екінші деңгейлі банктердің қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.

Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің  мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан  қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені  құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған  ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).

Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер  ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы  келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен  бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы  үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты [6].

Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде  банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.

Отандық қаржы институттарының  қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген  реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап Қазақстан  қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын  және мақсатты бағытты соған қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей  реттеу жүйесін Қазақстан нарықтарына  қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі, сақтандыру, зейнетақы  қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс  үйлестірілмеген әрекеттерінің  болуы, оның салдарынан қызметтерді  қайталау, реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы қайшылықтар [7].  Сөйтіп, 2003 жылдың шілдесінде екі  реттеуші органның бірігуі болды  – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды  жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде мемлекеттік  басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын  реттейтін бірегей органды құру болды. 2004 жылдың қаңтарынан Қазақстан  Республикасы қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау  бойынша агенттік немесе Қаржылық қадағалау  агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы  бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету  негізгі мақсаты болып табылатын  орталық банктің классикалық  қызметтерін орындай бастады. Негізгі  мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан  Ұлттық банкіне келесі міндеттер  жүктелген:

1)      мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2)      төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3)      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу [8].

2002 жылы 2003-2015 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық  дамыту Стратегиясы (әрі қарай  - Стратегия) қабылданды, оның негізгі  мақсаты экономика салаларын  әртараптандыру және дамудың  шикізаттық бағыттылығынан кету  жолымен еліміздің тұрақты дамуына  жету болып табылады.

Аталмыш Стратегиямен анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік  органдары құрылған болатын: «Қазақстанның  даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» Инвестициялық компаниясы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік-талдау зерттеулерінің Орталығы» АҚ.

«Қазақстанның даму банк»  АҚ (әрі қарай - ҚДБ) жарғылық капиталда  мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. ҚДБ  қызметінің мақсаттары мемлекеттік  инвестициялық қызметтің тиімділігін  жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік пен энергетика құрылымын  және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға септігін тигізу болып табылады.

ҚДБ негізгі міндеті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен  пайызды несиелер, соныңішінде экспорттық несиелер беру жолымен, сонымен қатар  өзге несиелік институттарға берілетін  қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларын қаржылық қолдау болып табылады.

Қазақстанның даму банкі  сонымен бірге қайтарымды негізде  қаржыландырылатын республикалық  және жергілікті инвестициялық жобаларға, сонымен қатар кепілдендірілген мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын  жобаларға қызмет көрсету бойынша  қызметтерді орындайды.

Жалпы, банк секторымен экономиканы  ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі  ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды  немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында  – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын  экономиканың шикізаттық емес салаларын  жеке қарыстыратын болсақ, онда өңдеуші  өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен  бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды [6].

Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл  саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ  және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін  енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді  төмендету жолымен тұрғын үй алуға  жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының  рөлі коммерциялық банктермен қатар  ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді.  ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер  арқылы беріледі. Мұндай серіктестер  ретінде екінші деңгейлі банктер  және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары  банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары  бойынша талап ету құқығын  алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып  табылады.

Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі  деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші  деңгей  банктер және банктік  емес ұйымдар ретіндегі алғагқы  несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы  несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып  алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД  елдерінің ішінде алғашқы болып  ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша  талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды  қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.

2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы  тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде қолжетімді  тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің  Арнайы бағдарламасы жасалды  және қабылданды. Бұл бағдарламада  ҚИК қаржылық оператор рөлін  иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай  бойынша «Қазақстан потекалық  компаниясы» АҚ екінші ретті  нарықта және республикалық бюджеттің  несиеліку қаражаттары есебінен  салынған тұрңын үйлерді алуға  азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге  сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық  несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың  басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы  көлемінің    31,8%) және Астана  қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол  кезеңде осындай несиелерді Шығыс  Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының  азаматтары белсенді пайдаланды [9]. 

2005-2007 жылдардағы тұрңын  үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының  қатысушыларының бірі Қазақстан  Республикасы Ұлттық банк Басқармасының  27 қазан 2003 жылдағы шешімімен  құрылған «Ипотекалық несиелерді  кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен  байланысты залалдардың бір бөлігін  несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға  ниет білдірген азаматтардың түрлі  санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна  көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру  болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды  бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау  жағдайын кепілдендіру есебінен несие  берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету  мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша Ипотекалық несиелерді  кепілдендірудің қазақстандық қоры  сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде 13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді.

Алайда, ипотекалық несиелеудің  шарттарына сәйкес оны тек қатысты  түрде қамтамасыз етілген орта кластың  адамдары ғана ала алады.  Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда  төмен табысты тұрғындардың үлесі  жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы  мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің  қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай  ҚТҚЖБ) құрылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды  несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар  тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің  қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы  алғашқы ел.

Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығы