Қазақстанның қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 11:31, курсовая работа

Описание работы

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы нарығы.docx

— 32.01 Кб (Скачать)

Қазақстанның  қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері  

 

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік  алумен бірге экономиканың қаржы  секторының реформасы және дамуы  қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру  бойынша іс-шараларды белсендендіруге  әкелген басымды мемлекеттік  міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде  қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер  нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің  нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан. 

 

Банктік қызметтер  нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы  дағдарысына дейінгі дамуы. 

 

Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі  және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер  нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

1990 жылы «Банктер және  Қазақ ССР-ндегі банк қызметі  туралы» Заң қабылданған кезде  отандық банк жүйесін реформалаудың  алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі  қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік  салалық банктерді қайта ұйымдастыру  және СССР Мемлекеттік банкінің  республикалық бөлімшелерінің егеменді  мемлекеттердің орталық банкі  қызметін атқаруы, сонымен қатар  алғашқы коммерциялық банктердің  құрылуы септігін тигізді. Сол  кезден бастап Қазақстан банк  жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкімен  және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен  көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың  кеңеюі және несие ісінің дамуы  коммерциялық банктердің жылдам  өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

1993 жылдың сәуірінде орталық  банктің міндеттерін, қызметінің  қағидаттарын, құқықтық мәртебесін  және құзырлығын, банк жүйесіндегі  рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік үкіметінің органдарымен  өзара қарым-қатынасын анықтайтын  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстанның тәуелсіздік  алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені  дайындау және енгізу бойынша кезек  күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі  бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы  шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың  тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

1993 жылғы ақша реформасы  теңгені тікелей енгізу жолымен  келесі артықшылықтарды әкелді:

·        респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;

·        Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;

·        жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].

1993 жылдың қарашасында  ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік  ақша-несие саясатын және банктік  реттеуді жүргізу тұрғысында  Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің  қызмет етуінің нормативтік және  құқықтық негізін қалыптастыруға  үлкен көңіл бөлді, банк қызметі  үшін қажетті минималды резервтік  талаптар, экономикалық нормативтер  сынды пруденциалды реттеудің  нормативтері енгізілді, сонымен  қатар шетел қатысуымен қызмет  ететін банктер қаражаттарының  бір бөлігін ішкі активтерге  орналастыру туралы және банктің  қарыз қоржынын сыныптау туралы  ережелер қабылданды. Айта кеткені  жөн, банктік жүйенің реформалануы  кезеңінде бұл нормативтердің  көпшілігі мәнді өзгерістерге  ұшырады.

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық  банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер  қойған отандық банк жүйесін реформалаудың  алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында  қыбалданды.

Банк жүйесін реформалаудың  келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың  бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында  қабылданған 2000 жылдың соңына дейін  капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық  стандарттарына екінші деңгейлі банктерді  өткізу Бағдарламасы болды [2].

Жалпы, банктердің капиталдану  деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен  қайта құрылуы, барлық банк операцияларын  жүргізуге лицензияны жою мен  қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану  есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар  деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар  тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан  қабылданған шаралар банктер  санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі  уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді инвестициялық  және депозиттік деп бөлінуі  алынып тасталды, банк қызметінің  түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға  және оларды лицензиялауға, ішкі  бақылауға және банктердегі тәртіптерге  қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі  бойынша банктердің қаржылық  жағдайын рейтингтік бағалау  енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының  жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды  болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды  банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы  банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың  екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар  түрінде көрініс табатын банктік  емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында  Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің  және Ұлттық банктің шешімімен  Қазақстанда теңгенің еркін айырбас  бағамының режимі енгізілді, бұл  әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық  қаржы нарықтарындағы дағдарыстан  кейін ұлғайып кеткен Ұлттық  банктің араласуынсыз валюта  нарығындағы сұраныс пен ұсыныс  негізінде теңге бағамының қалыптасуын  білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін  тұрақтылығына нұқсан келтірмей  экспорттық өндіріс жұмысының  рентабельділігін арттыруға мүмкіндік  жасады. Қазақстан бұл кезеңде  халықаралық қаржылық ұйымдардың  ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне  олардың салымдарын теңгенің  девальвациясына дейінгі бағам  бойынша ауыстыруға құқық беру  жолымен жеке және заңды тұлғалардың  жинақтарын қорғау бойынша мүмкін  шараларды жасады. Теңгенің еркін  айырбас бағамы режимін енгізу  өз нәтижелерін уақыт күттірмей  берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші  тоқсанында сауда балансы оң  болды, долларлық сипаттағы экспорт  көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда  60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында  теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта  резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін  ұлғайды.

Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны  тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен  қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің  серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың  банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп  жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен  халықтың жоғары жұмысбастылығының  шешуші алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар республиканың  қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында  өткен Қазақстан қаржыгерлерінің  І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының  даму тарихында атап өтерлік оқиға  болды. Алғаш рет қаржы нарығының  барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың  ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік  беретін қазақстандық қаржы нарығында  кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды  қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.

Отандық қаржыгерлердің І  Конгресі резолюциясының негізінде  Конгресс отырыстарының арасынеда  қабылданған шешімдерді әрі қарай  жүзеге асыруға бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан  қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің  атынан мемлекеттің қаржы жүйесін  дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған заңнаманы жетілдіру  мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен қызметтестік жасауға  бағытталды [3].

Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің  алты Конгресі өткен.

1999 жылдың соңына қазақстандық  екінші деңгейлі банктерде жеке  тұлғалардың шамамен 30 миллиард  теңге депозиттері шоғырландырылған, ал сараптамашылардың бағалуы  бойынша, тұрғындарда іскерлік  айналымға салынбаған бір миллиард  АҚШ долларынан астам жинақтары  болған. Ал жинақтардың басым  бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның  шегінен шығарған. Тіпті еліміздің  Ұлттық банкінің ресми мәліметтері  бойынша капиталдың елден кетуі  1999 жылы 650 миллион долларды құраған.  Осылайша, жинақтардың басым көпшілігі  отандық банк секторынан тысқары  қалған. Негізгі себептердің бірі  – бұл сол кездегі ресми  құрылымдардың банктік есеп-шоттарға  заңды санкцияланған қол жетімділігі.

Сондықтан отандық қаржы  жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру  үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:

·        1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын»  құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;

·        барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;

·        2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді [4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).

Жоғарыда аталған шараларды  жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар  жинақтарын банктерге белсенді тарту  нәтижесінде банктің белсенді операцияларын  жүргізу көлемінің өсуіне, олардың  бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік  қызмет көрсетулердің өзінідік құнының  төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл  ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер  саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер  қосылды.

30 күнге созылған амнистия  нәтижелері бойынша екінші деңгейлі  банктерде ашылған ҚР азаматтарының  арнайы есеп-шоттарына 480 млн.  АҚШ долларынан астам сома  түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы  шоттарға жатқызылған депозиттердің  орташа көлемі 164 мың долларды  құраған, және де депозиттердің  минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын  заңдастыру құқығын шамамен еліміздің  3 мың азаматы пайдаланды, олардың  ішінде 88%-ы қолма-қол ақша әкелді.

Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар  кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы ( резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! [5].

Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығы