Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, реферат
Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.
Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен (сурет 1).
Сурет 1 – Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің депозиттері мен міндеттемелерінің серпіні, млрд. теңге
Жағымды макроэкономикалық жағдай және банктердің меншікті капиталы, ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың бірінші жартысына дейінгі кезеңдегі несие нарығы қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен инфляцияға, ұлттық валютаның девальвация қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша мөлшерлемелер 2000 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде нақты сектор кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.
Экономикаға несиелердің көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті (сурет 2).
Сурет 2 -Экономикаға несиелердің ЖІӨ-ге қатысының серпіні, %
Қысқа және орта мерзімді банктік несиелеудің басты көздері депозиттік базаны кеңейту және шетел қаржы институттарынан синдикатталған займдарды тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері ірі қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2007 жылы қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы кезіндегі қарыз алу, банктердің «мерзімсіз» еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30 жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту шарттары да тартымды болды. Айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді еурооблигациялары бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2007 жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.
Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).
Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты [6].
Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.
Отандық қаржы институттарының қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап Қазақстан қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын және мақсатты бағытты соған қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей реттеу жүйесін Қазақстан нарықтарына қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі, сақтандыру, зейнетақы қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс үйлестірілмеген әрекеттерінің болуы, оның салдарынан қызметтерді қайталау, реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы қайшылықтар [7]. Сөйтіп, 2003 жылдың шілдесінде екі реттеуші органның бірігуі болды – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде мемлекеттік басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын реттейтін бірегей органды құру болды. 2004 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттік немесе Қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.