Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, реферат
Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.
Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.
Банктік қызметтер нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы дағдарысына дейінгі дамуы.
Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.
1990 жылы «Банктер және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы» Заң қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.
1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.
1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі артықшылықтарды әкелді:
· респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;
· Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;
· жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].
1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік
ақша-несие
саясатын және банктік реттеуді жүргізу
тұрғысында Ұлттық банктің рөлін
арттырды. Ұлттық банк
банк жүйесінің қызмет
етуінің
нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік
талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды
реттеудің
нормативтері енгізілді, сонымен қатар
шетел қатысуымен қызмет
ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру
туралы және
банктің қарыз қоржынын
сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені
жөн,
банктік жүйенің реформалануы
кезеңінде
бұл
нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.
Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.
Банк жүйесін реформалаудың келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды [2].