Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 01:23, реферат
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ елі қазіргі кезде ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің туы желбірегніне 20 жылды толды. Осы аралықта Қазақстан бүкілді мойындатты деседе болады. Әр мемлекет ел болып қалыптасу үшін, оған 4 нарсе керек екен. Олар: жер, салт дәстүрі, тілі және діні. |Міне осы қағидаттарды Қазақсттанда көру болады. 20 жыл ішінде біраз белестерді бағындырған, біраз қиыншылықтардан өткен, біраз саяси сілкіністерді көрген қазақс елі осы қыиншылықтарды жеңіп, Қазақстанды беделін паш етіп келеміз.
Кіріспе:
1.1 Қазақстандығы көппартиялық жүйе.
Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстандағы партиялық жұйе.
2.2 Демократиялық қоғам құрудағы алғашқы қадам.
Қорытынды:
3.1 Қазақстандағы көппартиялық жүйенің жарқын болашағы.
Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның
айшықты бейнесі.
Жоспар:
Кіріспе:
1.1 Қазақстандығы көппартиялық жүйе.
Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстандағы партиялық жұйе.
2.2 Демократиялық қоғам құрудағы алғашқы қадам.
Қорытынды:
3.1 Қазақстандағы көппартиялық жүйенің жарқын болашағы.
Кіріспе:
1.1 Қазақстандығы көппартиялық жүйе.
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ елі қазіргі кезде ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің туы желбірегніне 20 жылды толды. Осы аралықта Қазақстан бүкілді мойындатты деседе болады. Әр мемлекет ел болып қалыптасу үшін, оған 4 нарсе керек екен. Олар: жер, салт дәстүрі, тілі және діні. |Міне осы қағидаттарды Қазақсттанда көру болады. 20 жыл ішінде біраз белестерді бағындырған, біраз қиыншылықтардан өткен, біраз саяси сілкіністерді көрген қазақс елі осы қыиншылықтарды жеңіп, Қазақстанды беделін паш етіп келеміз. Және тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға, демократиялық қоғам құруға көп өмегі тиген, тер төкпей жұмыс істегенҚазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевті айтуға болады. Қазақстанды дүнмежүзіне паш етіп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбгі зор деседе болады. Міне осындай қоғамды құруға еңбекті зор деп, заң шығарушы органдарды айтуға болады. Ал енді осы заң шығарушы органдар 2012 жылы 15 желтоқсанда мерзімінен бұрын сайлау өткендігі бнлгілі. Міне осындай сайлау қорытынды барсында Қазастан көпартиялық жүйені еңгізді. Бұл бізің демократиялық қоғам құруымыздың бірден-бір бөлігі болып есептелінеді. Көппартиялық деп отырғанымыз мәжілістің үш партиялық жүйемен жұмыс істейтіні белгілі. Ал енді осы партия дегенге өзіндік анықтама беретін болсақ, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:
« Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.» Жалпы қарап отыратын болсақ 60 ℅-ға толықтай өзгеретіне, қоғамдағы түйіткілді мәселерді шешетіні айқын көрінеді. Қазақстанда қайнаш партия бар осыған келетін болсақ. Қазақстанда нақты жұмыс істеп жүрген париялыр мыналар, «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның патроиоттар партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) партиялары . Осы партиялар қоғамның мәселелерін шешіп келеді. Бұл патиялар туралы толықтай айтып бере жатармын. Ал енді осы партиялардың ішінді 3 партия ғана Мәжіліс депуттаттығына сайланды. Ендігіде өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш рет өткен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.«Еліміздегі өткен сайлау көппартиялық жүйені дамытудағы, еліміздегі демократияны дамытудағы маңызды қадамы болды. Сайлау - біздің партиямыздың штабының, нұротандықтардың және бізге қолдау жасаушы басша жұрттың ауқымды еңбегі. Саяси ауқымды науқанның нәтижесінде партиямыз үлкен жетістікке жетті, Мәжілістен 83 депутаттық мандат иеленуге құқық алдық. Бұл біздің мақсатымызды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.Сонымен қатар, Елбасы сайлауға дейін Орталық сайлау комиссиясына 127 кандидаттың тізімі ұсынылғанын, оның ішінде 4-еуі ОСК шешімімен шеттеп қалғанын айтты. Ал енді Парламентін төмеңгі палатасыының төрағасы –Нұрлан Нығматуллин болып сайланды. «Нұрлан Нығматулинге парламент мәжілісін басқару ұсынылады. Әрине, оның партиялық тізімде пайда болуы тура солай болады деп айтуға әлі себеп бола алмайды, бірақ, бірқатар фактілер оқиғаның осылай өрбуі мүмкіндігін көрсетіп отыр», - деді апаратқа қанық дереккөз. 107 депутат Мәжіліс депуаттары болып сайланды. Оның ішінді 83 депуттат сайланып, ал қалған депуттартар екі партиядан сайланды. «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депуттардың ішінде ааудандық, облыстық депуттары болып сайланған саясаткерлерде бар. Бұған қарайтын болсақ заң шығарушы органдардың сапасын арттыратын белгілі.
Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстандағы партиялық жұйе.
Қазақстан өз дамуының жаңа белес¬терін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі¬сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:
« Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.» Қазақстандағы партиялық жүйе туралы айтатын болсақ, Қазақстанда қоғамдағы мәселерді шешіп ортақ ойларын, нақты дәйектер келтіріп жөрген партиялар бар. Олардың қатарында: , «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның патроиоттар партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) партиялары. Міне осы партиялар қазіргі кезде нақты және қарқынды жұмыс істеп жатыр. Ал ендігі осы партияларға анықта бере кетсек. Ен бірінші халықтың мұң-мұқтажын шешуде, сайлауда жоғары дауыс жинаған - «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы туралы анықтама беріп кететін болсақ. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясының төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі
палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Ал ендігі келесі ретте сайлау қорытындысы боайынша 2 орын алған, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын - Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Азат Перуашов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады. Ендігі қазастандағы парияларға жеке – жеке анықтама беріп кетсек. Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.
Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.
Қазақстанның патроиоттар партиясы Партия
Төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
«Руханият» партиясы
Партия Төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы ашылған Мемлекет тарихы институты тәуелсіз еліміздің тарихын зерттеу мен саяси үдерістерді зерделеу бағытында жемісті жұмыстар атқарып келеді. Мұны жуырда өткен институт ғалымдары дайындаған бір топ кітаптардың тұсаукесеріне қатысқанымызда көзіміз жетті.Тәуелсіздік шежіресі айдарымен шыққан “Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары” атты (авт. – Б.Г.Аяған, Г.Р.Нұрымбетова) анықтамалық жинақты осындай ғылыми ізденістердің туындысы деуге әбден болады. Бұл соңғы он жылда осы тақырыпта жарық көргендердің ішіндегі мазмұны мен көлемі жөнінен ең мәндісі. Сондай-ақ, анықтаманың қазақ және орыс тілдерінде дайындалғанын да атай кеткен артық емес.Еңбек логикалық тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыстағы екі бөлімнен тұрады. Ал қосымшаларда саяси партиялардың бағдарламалары мен жарғылары, партия жетекшілерінің қысқаша өмірбаяндары, күнделікті жиі қолданылатын терминдерге түсініктеме жинақталып, глоссарий формасында берілген.Авторлар сонау кезінде қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ойының биік деңгейін танытқан маңызды құжат – Алаш партиясы мен оның бағдарламасы туралы мәліметті де назардан тыс қалдырмаған. Себебі, бұл бағдарлама саяси-әлеуметтік қатынастар саласында қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуінен гөрі, жалпы ұлттық тұтастықта болуын, қазақ елінің сан ғасырлық өркендеу тәжірибесін, салт-дәстүрін заман сұранысына бейімдеуді жақтады. Басты мәселе – қазақ елінің өзін-өзі билеуіне, соның негізінде қоғамның ішкі мәселелерін өзі шешуге қол жеткізу еді. Бұл мағынада өткен саяси рухтың бүгінгімен тығыз байланысын байқау қиын емес.Анықтаманың “Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары” атты бірінші бөлімнің басында келтірілген Елбасымыздың саяси партиялардың рөлі туралы әр жылғы тұжырымдарынан қоғамымыздағы демократиялық үдерістерді тереңдете түсудің маңызды факторы ретінде партиялық жүйенің қалыптасуына тұрақты назар аударып келе жатқанын айқын аңғаруға болады. “Біздің міндет – бұқараның қолдауына ие болған, беделі биік, қуатты әрі жауапкершілігі жоғары партиялардың ірге тартуына жәрдемдесу. Мұның өзі еліміздің стратегиялық мұраттарына сай келеді”, деген сөз бұған толық дәлел бола алады.Осы бөлімдегі партиялардың мақсаттары мен міндеттерін талдаулар әрбір партияның шыққан биігі мен қызмет мазмұнын, олардың саяси сипаты мен ел мүддесін ойлау мүмкіндіктерін айқын аңғартады. Мұндай салыстырмалы сараптамалар саяси партиялардың өзіндік жауапкершілігін көтере түсуге де игі әсер ететінін атай кеткен жөн.Қазіргі қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеушілердің пікірлерін жан-жақты сараптай отырып, авторлар партиялық жүйенің дамуын кезеңдерге бөлгенде азаматтардың саяси қатысу құрылымы ретінде партиялардың қалыптасуына оң ықпал еткен белгілі заңнамаларды, оларға енгізілген қағидатты өзгерістерді басшылыққа алғанды дұрыс санайды. Осындай қағидаға сүйене отырып, олар партиялардың қалыптасуының жаңа кезеңдерін ұсынған.“Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің құқықтық негіздері” аталатын екінші бөлімде Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Саяси партиялар туралы” 2002 жылғы Заңы (2009 жылғы түзетулері және толықтыруларымен қоса) және саяси партияға қатысты басқа да заңнамалардан тиісті үзінділер берілген.Қазақстанның саяси жүйесінде саяси партиялардың алатын орны ерекше екені белгілі. Алайда бүгінгі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, көппартиялықтың жүйе ретінде қалыптасу үдерісі оп-оңай өтіп жатқан жоқ. Мұны қазіргі қоғамның жалпы саяси деңгейімен, құқықтық кеңістіктегі әлі жетіле қоймаған заңнамалармен түсіндіруге болды. Кешегі кеңестік кезеңнің де салқыны жоқ емес. Өйткені, тоталитарлық қапастан демократия сарайына апарар тура жол жоқ.Егер көппартиялық жүйені саяси партиялардың құқықтық негіздегі өркениетті қарым-қатынастың жиынтығы дейтін болсақ, айтар мәселелер жоқ емес. Көппартиялық құрылымда тұтастықпен қатар, әрбір партияға тән тәуелсіздік те, еркіндік те, құқықтық теңдік те болуы тиіс. Өкінішке қарай, әзір партиялар бір-бірімен бәсекеге түсе алатындай әлеуетті бола алмай отыр.Саяси партиялардың көбісінің қарапайым халық өмірінен, ұлттық мұраттардан алшақтығы, олардың әлеуметтік негіздерінің әлсіздігі, қоғамдағы саяси рөлдерінің бәсеңдігі, еліміздегі саяси-экономикалық мәнді оқиғаларға батыл араласа алмауы, саяси өрелері мен сауаттарының төмендігі, т.т. айқын байқалмай қалмайды. Олар негізінен сайлау кезінде бой көтеріп, қалған кезде ресми жиналыстарға қатысумен шектеліп отыр. Бұл халық арасында олар туралы оң көзқарасты қалыптастыра қоймас.Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Бұл саяси партиялардың мемлекеттік органдардағы өз өкілдері арқылы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық бағытын айқындауға қатысып, кадрлармен жүргізілетін саяси жұмыстың мазмұнына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына саяси баға бере алатындай саяси күшке айналуын қажет етеді. Бұл бағытта саяси партиялардың шығар биіктері де, алар асулары да аз емес.Осындай саяси партиялардың алдында үлкен міндеттер тұрған кезде әңгіме етіп отырған анықтаманың шыққанын аса пайдалы болды дегеннен басқа сөз айту қиын. Әрине, мүмкіндік болса, саяси партиялардың бағыт-бағдарлары талданып жатса, құба-құп болар еді. Бұл саяси партияларды жаңа ізденістерге ұмтылдырар еді. Біздіңше, бұл – алдағы күннің міндеті. , Тарих институтының бұл ұжымдық кітабы алдымен мемлекеттік және партия органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ жоғары оқу орындарында “Саяси партиялар және партиялық жүйе”, “Саясаттану” және “Әлеуметтану” курстарынан білім беретін оқытушылардың, студенттер мен магистранттардың үлкен қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, саяси партия мәселелерімен айналысатын зерттеушілер үшін де бұл – таптырмас еңбек.
Информация о работе Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның айшықты бейнесі