Қазақстандағы қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 21:27, реферат

Описание работы

1-сұрақ. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Содержание

Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Работа содержит 1 файл

лекция по фин №4.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

  Мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдалануымен байланысты бюджеттің қызметі бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін көрсетеді. Екі категория да обьективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі.Жергілікті бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген көздері және жалпы ақша есебінен құралады.

   Мемлекеттің бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар ірілендіріп  былай біріктіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлінетін бүкіл шығыстардың 15 пайызын құрайды: әлуметтік мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінетін қаржы  6 процентен астамын құрайды.

   Қалған  қаржы мемлекеттік өкімет, мемлекеттік  басқару, сот орындары мен прокаратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға  қорғанысқа жұмсалады.

   Қаржының  бір бөлігі Ұлттық қорды құрауға, мемлекеттік борышты ақтауға  және басқаларға жұмсалады.

     Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің құрамы мен құрлымы әлемметтік экономикалық бағыты бөлекше әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландыруға жұмсалады: 6,4 процент мемлекеттік өкімет органдарының, сот органдарын және прокаратураны ұстауға –0,8 процент. Қаржы резервтерін құру және мемлекеттік борышты атқаруға шығындар қарастырылады. Халық шаруашылығын  және әлеуметтік – мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі субвенция формасында төмендердегі бюджеттерге жіберіледі.

   Мемлекет  оның әлеуметтік міндеттемелерімен кепілдік берілген деңгейде білім беру және денсаулық сақтауды қаржыландыру бойынша өз мойнына алады.

   Коммерциялық  емес ұйымдарды қаржыландыру көзінің  екіншісі көрсеткен қызметтері, орындаған  жұмыстарынан түсім түрінде алынатын меншікті қаражаттары болып табылады.

   Бірақ қосымша табыс көзінің болуы  мемлекеттік бюджеттен бөлінетін  қаражаттардың азайып кететіндігін білдірмейді.

   Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары  Ережемен, жарғымен немесе өзге де бекітілген құжатта қарастырылған қызметті қамтамасыз етуге бағытталады. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біреуіне жатқызылуымен, сондай-ақ сол қызметті жүргізудің қолданылып отырған әдісімен анықталады.

   Бюджеттік қаржыландыруда тұрған ұйымдар мен мекемелер сметалар жасақтайды, онда мекеме өзіне тән қызметінің көрсеткіштері және олардың баптар бойынша бөліну көрсетіледі.

   Экономикалық  сыныптауға сәйкес сметалардағы шығыстар санат, сынып, кіші сынып, ерекшелікке  бөлінеді. Мынадай санаттар бар: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, қаржыландыру және т.с.с.

   Денсаулық сақтауға қатысты мекемелерде өзіне  тән шығыстар дәрі-дәрмекке, тамақ  өнімдеріне, жиһаздарға және т.б. жұмсалатын шығыстар болып табылады.

   Бюджеттік деп аталатын ұйымдарды қаржыландыру қызмет көрсетулерді ұсыну бағдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйымдастырылуға тиіс екенін ұмытпаған жөн. Ол кезде бюджеттен қаржыландыру үшін ең жоғары тиімділікті (олардың сапасы, ассортименті, орындалу мерзімі, бағасы да тиімділеу) қамтамасыз ететін мекеме немесе ұйымның қызмет көрсету бағдарламасы таңдалынады. Бұл оңтайлылық қағидасы “шекті шығындар - пайда” талабына сәйкес келеді, және нарықтық орта жағдайларында кез келген құрылымның іс-әрекетінің нәтижелілігіне қолданымды.

   Халықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қаржыландыру, соның ішінде денсаулық сақтауды қаржыландыру жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асады.

   Жергілікті  жердегі қаржылық қатынастар Қазақстан  Республикасының бюджет кодексімен, ағымдағы жылдың “Республикалық бюджет туралы” заңымен және басқа да шаруашылық, қаржылық қызмет заңдарымен реттеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   1-сурет. Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің сыныптамасы

    

  

    

  

  

  

  

             

    

    
 
 

    
 
 

Информация о работе Қазақстандағы қаржы жүйесі