Қазақстандағы қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 21:27, реферат

Описание работы

1-сұрақ. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Содержание

Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Работа содержит 1 файл

лекция по фин №4.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

  2.1 Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс аясы кәсіпорындарының басым бөлігі мен материалдық емес ая ұйымдары мен мекемелерінің (коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері, сауда-делдалдық ұйымдар, ерікті қоғамдық қорлар, трасталық компаниялар және өзгелері) елеулі бөлігі қызмет етеді.

  Коммерциялық  кәсіпорындар қаржысын ұйымдастырудың негізіне бірдей қағидалар алынған. Бұл бірлік өндіріс мақсаттары мен  міндеттерінің жалпылығына байланысты.

  Коммерциялық  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары болып табылатындар: коммерциялық есеп, жоспарлылық, меншіктің барлық формаларының теңдігі, қаржы резервтерінің бар болуы.

1) коммерциялық есеп – негізді қағида және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізудің басты әдісі. Мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдарына қатысты “шаруашылық есеп”, ал жеке, аралас кәсіпорындарға “коммерциялық емес” ұғымын дәстүрлі қолдану тән, бірақ бұл түісініктер экономикалық тұрғыдан мәндес болып келеді.

   Коммерциялық  есептің негізгі қағидалары өзін-өзі  ақтау мен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

   Өзін-өзі  ақтау – шаруашылық жүргізудің негізді қағидасы, ол кәсіпорынның өз өнімін өткізуден түскен түсім есебінен өнімді өндіру мен жеткізуге байланысты барлық шығындардың орнын толтыруға міндетті екенін білдіреді.

   Өзін-өзі  қаржыландыру - өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындардың орнын өтеуді ғана емес, сонымен бірге жеткілікті көлемде табыс алуды білдіреді. Өзін-өзі қаржыландыруда барлық қаражаттар кәсіпорын иелігінде қалады және алуға жатпайды (мемлекеттік бюджет және басқа міндеттемелер бойынша аударымдардан басқасы).

   Коммерциялық  есептің құраушы белгісі қаржылық дербестік болып табылады, ол кезде  кәсіпорын  меншікті және айналым қаражаттарына өзі иелік ете алады.

   Қаржылық  жауапкершілік және мүдделілік – бір процестің екі тұсы – шаруашылықты жүргізу тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын құру және іске асыру.

   Сөйтіп, екі экономикалық категорияның –  қаржы мен коммерциялық есептің  өзара байланысы айқындалады.

2) жоспарлылық қағидасы кәсіпорынның қаржылық қызметі өндіріс мақсаттары мен міндеттерінен шығатын оның параметрлерін есептеу жолымен алдын ала қарастырылатынын білдіреді.

3) кәсіпорындар  мен ұйымдардың барлық меншік формаларының теңдігі қағидасы мемлекеттің мешіктің барлық формаларын дамыту кепілдігімен іске асырылады.

4) кәсіпорындар  қаржысын ұйымдастырудың қажетті  қағидасы басқарудың барлық деңгейлерінде қаржы резервтерінің (резервтік қор, тәуекел қоры) бар болуы болып табылады.     

   2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдар шаруашылық-қаржылық  қызметі үдерісінде қаржы қорларын  – белгілі бір мақсаттарға  арналған ақша қаражаттарын құрады  және пайдаланады. Қорларда ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады – түседі, қорланады және жұмсалады.

   Кәсіпорындар  мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін ең мәнді де маңыздысы келесі қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік, жинақтау қоры, тұтыну қоры, еңбек ақы  төлеу қоры, жөндеу қоры.

   Жарғылық  қор (капитал) кәсіпорынға мемлекетпен, өзге мееншік иесімен немесе құрылтайшымен  ұсынылған ақшамен көрсетілген  мүлігінің шамасын көрсетеді. Акционерлік  қоғамның жарғылық қоры акционерлердің (құрылтайшылардың) жарналары есебінен құралады.

   Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын иелігінде қалдырылатын қаражаттардың негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді – тұтыну және қорланым қорларын құрады.

   Тұтыну  қоры еңбекті төлеуге бағытталатын қаражаттар және жұмысшыларды материалдық ынталандыру үшін  кәсіпорын иелігінде қалдырылатын таза табыстың бөлігінен құралады. Бұл қордың қаражаттары жұмысшылардың жеке тұтынуларына жұмсалады.

   Қорланым  қоры төмендегілердің есебінен құралады:

  • кәсіпорын иелігінде қалдырылатын табыс (пайда);
  • негізгі қорларды қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар;
  • өндірістен шыққан мүлікті өтізуден түсім;
  • банк несиелері.

   Қорланым  қоры кеңейтілген ұдайы өндірісті  қамтамасыз ету бойынша шығындарды қаржыландыруға пайдаланылады.

   Ұжымның қарастыруына орайластырып кәсіпорын қаржы резервтерін құра алады (резервтік қор, тәуекел қоры, сақтандыру қоры).

   Кәсіпорындар  мен ұйымдардың валюталық қорлары  келесі қайнар көздердің валюталық  қаражаттары есебінен құралады:

  1. экспорттық валюталық түсім;
  2. жарғылық қорға валютамен салынған жарна;
  3. банктердің несиелері;
  4. айырбастау пункттері арқылы ішкі валюталық нарықта валюталар сатып алу;
  5. бейрезиденттерден қаржылық көмек (грант).

   Жөндеу  қоры кәсіпорындарда негізгі қорларды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі  және ағымдағыны жүргізу үшін құрылады.    

   3-сұрақ. Өндірістік емес өріс мекемелері мен ұйымдарының едәуір бөлімі коммерциялық емес секторда болады: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің көпшілік бөлігі, мәдениет пен өнер іргелі ғылым.

   Коммерциялық  емес қызмет табыс  алуға емес, барша  қоғамға қажетті  қызметтер мен  іс-әрекеттерді орындауға  бағытталған.

   Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелерді сыныптаудың  маңызды белгісі олардың меншік нысанының белгілі бір нысанына жатқызылуы болып табылады.

   Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншіктермен көрсетіледі.

   Мемлекет  меншігіне негізделген мемлекеттік  кәсіпорындар, соның ішінде:

   республикалық – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

     коммуналдық меншік кәсіпорындары – тиісті аумақ халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша міндеттерді шешу үшін.

   Мемлекеттік кәсіпорын міндетті түрде мемлекет тапсырысын орындайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мақсаты қоғам мен мемлекет қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу:

  1. мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық қамтамасыз ету және қоғам мүшелерінің мүддесін қорғау;
  2. жеке сектормен қамтылмаған, немесе жеткіліксіз қамтылған өрістерде бірінші қажетті тауарларды (жұмысты, қызметті) өндіру;
  3. мемлекет үстемдігіне жатқызылатын немесе мемлекет қызметі болып табылатын өрістерде қызметін жүзеге асыру.

   Қазыналық кәсіпорындар денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым мен мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.

   Негізінен коммерциялық қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтерді өндіру және қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. Қоғамдық тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруді мемлекет өз міндетіне алады.

   Коммерциялық  емес қызметтің шаруашылық қызметін жүргізу әдістері көрсетілетін қызметтер  мен игіліктердің қайтарылмайтын жағдайында сметалық қаржыландыру, қайтарылатын жағдайларында – шаруашылық есеп пен өзін-өзі ақтау болып табылады.

   Сметалық  қаржыландыру - өзінің меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес өріс мекемелерін ұстап тұруға бюджеттен берілетін қаражаттардың көлемі, нысаналы мақсаты және бөлу шығыстар сметасымен анықталады. Сметалық тәртіпте білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдары, мемлекеттік басқару мен қорғаныс, ғылым, өнер, мәдениет мекемелерінің жарты бөлігі қаржыландырылады. Кейбір мекемелерді сметалық қаржыландыруда шығыстарды қосымша көздермен қамтамасыз етуі мүмкін, қызмет көрсетілімдерін тұтынушылардың жарналары мен төлемдері. Ақша қаражаттары бюджеттік қаржыландыруға сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспары – шығыстар сметасында көрсетіледі, негізгі қорларды, материалдық запастарды, қызмет көрсетулерге төлеуге, жалақы төлеуге және басқа да шаруашылық қажеттіліктеріне төлеуге тұтынылады.

   Коммерциялық емес қызметтің түрлері мен салаларында келесі қаржылық қатынастар қалыптасады:

  • қаржыландыру тәртібімен қаражаттарды алумен байланысты сала мен бюджет арасында;
  • жоғары және төмен тұрған ұйымдармен қаржы ресурстарын орталықтандыру және бөлумен байланысты салаішілік қарым қатынастар;
  • шаруашылықішілік субьектілер арасында, яғни бөлімшелер арасында;
  • салааралық - әртүрлі салалар ұйымдары арасында;
  • ұйым мен оның жұмысшылары арасында жалақы төлеу кезінде;
  • ұйымдар, мекемелер мен олардың тұтынушылары арасында.

   Көрсетілген қаржылық қатынастар келесі топтарға біріктіруге болатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды білдіреді:

  • ұйым және мекеменің пайдаланушылық қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
  • күрделі салымдар қорлары;
  • көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
  • жұмысшылар мен қамтамасыз етуші контингенттің материалдық, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қорлар;
  • негізгі қызметті дамыту қорлары.

   Коммерциялық  емес қызметті жүзеге асыратын ұйымдар  мен мекемелерді қаржыландыру көздерін осы құрылымдардың қызмет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне тәуелді сыныптауға болады. Мемлекет өзінің тиісті қызметтерін толықтай орындайтын жерлерде ұйымды ұстап тұруға шығыстар мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

   Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың  жиынтығы ретінде обьективтік сипатқа  ие. Оның бөлудің дербес саласы ретінде  өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі  айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

  Арнайы  бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің  табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға, бүкіл қоғам ауқымды әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.

  Сөйтіп, мемлекеттік бюджетке ұдайы өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

  Құнды жасап оны тұтыну процесін бедерлейтін  материалдық өндіріс қаржысы  мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысыннан  айрмашылығы бюджет қалық шаруашылығы  салалары, өңірлер, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған.

  Қоғамдық  өнімді тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды  бөлісіп одан алшақтау жүзеге асырылады  ал материалдық өндіріс пен өндірістен тыс салалардың қаржы қатынастары тауар-ақша қатынас арасымен астасып жатады.

  Өндірістен  тыс салалардағы бюджет қаржысы  олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер  мен ұйымдардың басым көпшілігі  өзінің табыс көздері жоқ болғандықтан мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады Білім беру, денсаулық сақтау, әлуеметтік сақтандыру, әлуеметтік қамсыздандыру ғылым мәдинет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға әсер ету мүмкін.

Информация о работе Қазақстандағы қаржы жүйесі