Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Инвесициялар жалпы мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін, сондай – ақ шаруашылық субъектілер қызметіне маңызды. Инвестициялық үрдістің ұлғаюына негізінен қаржы нарығының дамуы, қаржы құралдың болуы, қаржылық институттардың қызметтері әсер етеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастырдың қалыптасы үрдерісі инвестициялық қызметтің сипатын және шарттарын елеулі өзгертті.

Содержание

КІРІСПЕ 2
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңның негізгі
тұжырымдары.........................................................................................................3
«Қазақстан Республикасының Индустриялық
дамуының 2015 жылға арналған
Стратегияның» мәні мен мағынасы......................................................................8
Инвестициялық саясат туралы түсінік,
инвестициялық саясаттың
мақсаттары мен міндеттері...................................................................................10
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік
реттеу құралдары. Инвестициялық
саясатты жүзеге асыру механизмі........................................................................13
Инвестициялық климат және
оны құрушы факторлар.........................................................................................15
«Шетел инвестициялар туралы» «тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»
заңдарды қабылдаудыңмақсаттары....................................................................17
Қорытынды 19
Әдебиеттер тізімі 20

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық қызмет нормативі.docx

— 44.56 Кб (Скачать)

Ел экономикасына капиталды  тарту маңыздылығын мойындағандықтан, біздің мемлекетіміз қаражатты шоғырландыру бойынша сәйкесінше саясат жүргізіп отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің  әлщеуметтік – саяси және экономикалық саясаттардың құрамдас бөлігі болып  табылады. Өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық саясатына жатқызылады:

    • Аймақтық инвестициялық саясат;
    • Салалық инвестициялық саясат;
    • Шаруашылық субъектілердің инвестициялық саясаты.

Инвестициялық саясаттың  барлық түрлері бір – бірімен  байланысты. Жалпы мемлекеттік инвестициялық  саясаттың маңыздылығы – бұл  елдегі  инвестициялық белсенділікті  жандандыруға мүмкіндікті беруі.

Ацмақтық инвестициялық  саясат – бұл шетелдік, отандық инвесторлар үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және инвестицияны тиімді қолдану мақсатындағы мемлекет жүргізетін шаралар кешені. Аймақтың инвестициялық белсенділігіне келесідей факторлар әсер етеді:

    • Табиғи ресурстар;
    • Экономикалық әлеует;
    • Табиғи – климаттық жағдайлар.

Салалық инвестициялық  саясат келесідей мақсаттарда жүргізіледі:

  1. Басыңқы салаларды таңдау мен қорғау;
  2. Төмен табысты салаларға инвестициялау мақсатындағы мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу;
  3. Ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату және өндіріске жаңа технологияларды, еңбектің жаңа формаларын ендіру.

Шаруашылық субъектілердің инвестициялық саясатының мақсаты – бұл инвестиция көзедрін іздеу; оларды жаңа құрылысқа тиімді жұмсау, қызмет ететін өндірісті жөндеу, ұлғайту; инвестициялаудан нақты табыс алу. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі мемлекеттік экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаттарға тікелей тәуелді. Бұл саясат арқылы мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП – тің жеделдетуіне, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертуге және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Микро деңгейде жүргізілетін инвестициялық саясаттың тиімділігінен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік – саяси саясатының соңғы мақсатқа жетуіне байланысты. Мұнда, соңғы мақсат ретінде Қазақстан халқын барлық діни және материалдық игіліктермен қамтамасыз ету болады.

Қазақстанның  мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты – бұл экономикалық өсуді қамсыздандыру  мен еңбек өнімділігін жоғарлату үшін маңызды салаларды қолдау.

Әрбір елдің мемлекеттік инвестициялық саясатының міндеттері қойылған мақсаттарға байланысты. Мысалға, егер мемлекеттік экономикалық саясатының басыңқы мақсаты ретінде ауыл шаруашылығын дамыту болса,онда мемлекеттік инвестициялық саясатының негұізгі міндеті ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту болады. Егер, мемлекеттің саясатының негізгі мақсаты елдің қорғаныс қабілетін күшейту болса, онда мемлекеттің инвестициялық саясатының міндеті – қорғаныс өнеркәсібін қолдау.

Қазақстанның инвестициялық  саясаты жүзеге асыру үшін басыңқы  мақсаттарды таңдау келесі жағдайлармен байланысты:

    1. Басқа өндірісті инвестициялау үшін валютаның түсуін қамтамасыз ететін экспорттық әлеуетті дамыту;
    2. Елдің өмірге маңызды жүйені құрайтын салаларды мемлекеттік қорғау;
    3. Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары болатын өнімнің салаларын және өндірісін инвестициялау;
    4. Жоғары сападағы өнімдердің өндірісін инвестициялау.

Осыған байланысты, инвестициялық  саясаттың басты мақсаты –  бұл экономикалық өсуді қамтамасыз ету деп белгіленеді. Н. Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» атты халыққа Жолдауында «қазақстандықтардың материалдық негіздеріне, көркею көздеріне, қауіпсіздігіне және әл – ауқатының жақсаруына көңіл бөлінетіні» аталды. Мұнда, тұрақты даму ретінде қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын, экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін даму мойындалады.

Макроэкономикалық тепе –  теңдікке жету және тұрақты экономикалық өсуге шығу көп уақытта талап  етеді. Кезеңнің ұзақтығы бастапқы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға байланысты.

Қазастандық ғалым – экономистер  мемлекеттік экономикалық саясатының мақсаты ретінде жалпы экономикалық тепе – теңдікке жетуді анақтайды. Бұл келесідей жағдайларды орындау  қарастырады:

  1. Тұрақты экономикалық өсу – өндірістің инновациялық технологиясын игеру нәтижесінде жалпылай және халықтың бір жанға шаққандағы нақты ЖІӨ – нің өндірісін жоғарлату;
  2. Экономикалық тұрақтылық – бағалардың, ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің тұрақтылығы, инфляция мен бюджет тапшылығының төмен деңгейі;
  3. Сыртқы экономикалық тепе – теңдік, яғни оң төлем балансын қолдау, сыртқы сауданың кері қалдығының өсуін алдын алу, елдің сыртқы қарызын бір деңгейде қолдау;
  4. Экономикалық әділдікғ яғни ел Конституциясымен кепілдендірілген көлемде барлық азаматтарды материалдық құндылықтармен, игілік қызметтермен қамтамасыз ету; барлық шаруашылық субъектілері үшін бірдей экономикалық жағдайларды құру; нарықтық бәсекелестікті дамыту және монополистердің қызметтерін реттеу.

Экономикалық саясаттың  құрылымында инвестициялық саясаттың  орны мен рөлін анықтау көңілге  алатын сұрақтардың бірі болып табылады. Инвестициялық саясат экономикалық стратегияларды жасауға бағытталған  басыңқы көрсеткіштерді және елдің  даму жолдарын бекітеді.

Қазақстанның қазіргі  экономикасы дамыған елге тән  сипаттамалары бар. Олар: жалпы халықтың сауаттылығы, ,һғылыми – зерттеу  мекемелер желісі, космостық зерттеулер. Өз кезегінде, дамушы мемлекеттерге  де тән құбылыстар бар. Атап айтқанда, экономиканың шикізаттық бағыттылығы, көптеген аймақтардың экологиялық  ластануы, шетел инвестицияларына қажеттілік, жаңа технологиялардың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымдардың қарқында дамымауы. Қазақстанның даму жоспары «Стратегия –2030», «2015 жылға дейінгі Қазақстанның индустриалды – инновациялық даму Бағдарламасында», «Қазақстанның қаржы нарығының даму Тұжырымдамасында», сондай - ақ

Көптеген бағдарламалық  құжаттарда кқрініс табады. Бұл құжаттар жетекші мемлекеттік қаржылық, валюталық  органдардың біздің мемлекетімізді әлемдік нарықта орынды бекіту саясатын жүргізуін және әлемдік экономикаға  Қазақстанның интеграциялдау үдерісінің жүзеге асыруын куәландырады.

 

    1. Инвестициялық  саясаттың мемлекеттік реттеу құралдары.

 Инвестициялық  саясатты жүзеге асыру механизмі

          Инвестициялық саясаттың тиімділігіне  жету мемлекеттік реттеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Олардың ішінен негізгілері ретінде келесілер жатады:

  1. Ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясаты – айналыстағы ақша массаны реттеу (айналыста ақша массаны шығару не алу);  валюта бағамын реттеу (егер экспортты ынталандыру кезінде – төмендетілген валюта бағамы қолданылады); % - дық мөлшерлемені реттеу («қымбат» ақша саясаты - % - дық мөлшерлемені жоғарлату; және керісінше).
  2. Фискалдық саясат (салықтық және кедендік жеңілдіктерді беру арқылы реттеу).
  3. Амортизациялық саясат – негізгі капитал құнын қайта бағалау; амортизация нормасының дифференциясы; жеделдетілген амортизацияны жүргізу.

Мемлекеттік амортизациялық саясатының тиімділігі амортизация  нормасының өзгеру кезіндегі нақты  экономикалық үрдістің деңгейімен анықталынады. Экономикасы дамыған мемлекеттерде амортизация компанияның инвестицияға деген қажеттілігінің 70 – 80% жабуға көмектеседі. Сондықтан да, аталған құралды тиімді қолдану үшін сәйкесінше мемлекеттік амортизациялық саясатты жүргізу және амортизацияны есептеудің әдістеріе жетілдіру керек.

  1. Инновациялық саясат. Ол өндірістік ғылым мен тыхниканың жетістіктерін ендіру арқылы жүргізіледі.

Қарастырылған құралдар инвестициялық  қызметті реттеудің жанама 

шаралары болып табылады. Инвестициялық қызметтің тиімділігіне инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмі тікелей әсер етеді. Ол келесі жағдайларды қамтиды:

    1. Нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру.
    2. Инвестициялық саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдарды тағайындау.
    3. Инвестицияның сенімді көздері мен әдістерін таңдау.
    4. Тікелей шетелдік инвесторды тарту үшін жағымды жағадайларды жасау.

Инвестициялық саясатты қалыптастыру көп жағдайда инвестицияның сұраныс  пен ұсынысы арасындағы қатынастарды реттеу бойынша шаралар жүйесіне байланысты.

Қаржылық – экономикалық шараларға ұлттық қаржы нарығын  және оның ифрақұрылымын дамыту. Инвестициялық  саясаттың тиімділігі банк жүйесінің  дамуына, валюта биржаның, қаржылық институттардың қызметтеріне, қаржылық құралдардың  жеткіліктігіне тәуелді болып келеді. Қаржылық – экономикалық шараларға сондай – ақ салық салатын, несие саясатын, баға саясатын, валюталық реттеуді, осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметтері жатқызады. Нормативтік – құқықтық шаралар – құқықтық реттеу (инвестиция аясындағы экономикалық қатынастарды реттейтін заңнамалық кешен); нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру. Әкімшілдік шараларға уәкілетті органдардың шетелдік инвестициялық жобаларды таңдау мен сараптау; кедендік шектеулер; валюта – қаржылық және несиелік операциялар арасындағы шектеулер жатады. Инвестициялық саясатты жүргізуде әлеуметтік – психологиялық шаралардың рөлі зор. Әлеуметтік – психалогиялық шаралар инвестицияны қаржылндыру көздері мен әдістерін таңдауда экономикалық субъектілердің талғамын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің ақпараттық қызметімен байланысты.

ҚР – да инвестициялық  қызметті реттеу үшін 1996 жылы инвестициялар  жөніндегі Мемлекеттік комитет  құрылған болатын. Ол келесідей қызметтерді  атқарды: - шетелдік инвестицияларды  жобаларды жүзеге асыруына қадағалау; - елде жағымды инвестициялық климатты жасау бойынша ұсыныстырды қабылдау.

Шетелдік инвесторлар  қызметінің тиімділігі және ҚР – на инвестицияларды тарту мақсатында 1998 жылы шетел инвесторлар Кеңесі құрылды. Кеңес төрағасы ел басшысы  тағайындалды. Кеңес құрамына шетелдік компаниялардың өкілдері, халықаралық  сарапшылар, қазақстандық экономистер  кірді. Кеңес 4 топтан тұрды: ағымдық  қызмет сұрақтары бойынша; заңнамалық сұрақтар жөнінде; салық салу сұрақтары  жөнінде; жағымды инвестициялық  климатты құру жөнінде.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда  мемелекеттік инвестициялық саясатты жүргізуге жауапты мемлекеттік  уәкілетті орган Индустрия және сауда Министрлігі болып табылады.

 

 

    1. Инвестициялық климат және оны құрушы

факторлар

Инвестициялық климат түсінігі елдің инвестициялық белсенділігін  бағалау үшін қолданылады.

Инвестициялық климат– бұл инвестицияның қайтарымджылығын және жұмсау тиімділігін қамтамасыз ететін нормативтік – құқықтық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік шаралар кешені.

Елдің инвестициялық климатын бағалаудың көптеген әдістері бар. Дәстүрлі әдіс келесідей бағалауды қамтиды:

  • ЖІӨ, ұлттық табыстың, өндіріс көлемінің даму серпіні;
  • Нормативтік – құқықтық база;
  • Шетелдік инвестициялық ағаны;
  • Жинақ пен тұтыну арасындағы қатынасты анықтау;
  • Қаржы нарығының жағдайын бағалау (қаржылық институттардың, инфрақұрылымдардың болуы және т.б.)

Аймақтың, саланың, аяның  инвестициялық климатын бағалау  келесідей санаттарды (категорияларды) бағалаудан тұрады:

  • Инвестициялық әлеует;
  • Инвестициялық тәуекелдер;
  • Инвестициялық тартымдылық;
  • Инвестициялық белсенділік.

Инвестициялық әлеует макроэкономикалық сипаттамаларды, территорияның өндіріспен қамтылуы, халықтың тұтыну сұранысы ретінде сипат алады. Инвестициялық әлеует келесідей құрылымдардан тұрады:

    1. Ресурстік база;
    2. Еңбек әлеуеті;
    3. Өндірістік әлеует;
    4. Инвестициялық әлеует;
    5. Инфрақұрылымдық әлеует (географиялық, аймақтың орналасуы, өндірістік инфрақұрылым және т.б.).
    6. Қаржылық әлеует.
    7. Тұтынушылық әлеует.

Инвестициялық әлеует инвестициялық  тәуекелдерді ескергенде инвестициялық  климатты анықтаудың негізі болып табылады.

 

Инвестициялық климат = Инвестициялық

әлеует – Инвестициялық  тәуекелдер

Инвестициялық тәуекелдер инвестициялық шешімді қабылдаудың шектенулері ретінде болады. Инвестициялық тартылымдық инвестицияны жұмсау тарапынан инвестициялық объект сипаттамасын білдіреді. Яғни, инвестициялық тәуекелдерді ескере отырып, қызметті қамтамасыз етеді. Инвестициялық белсенділік негізгі капиталға инвестицияларды жұмсау үшін инвестициялық климаттың барлық артықшылықты жақтарының нақты көрінісін сипаттайды.

Информация о работе Қазақстанда инвестициялық қызметтің заңнамалық қамсыздандуру