Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I. Сақтандырудың экономикалық мәні..................................................................5

1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................12

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау......................................................................................................................15

2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері................................-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................21

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.........................................................................................24

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................26

Қорытынды.............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

    2.2. Қазақстан Республикасының  сақтандыру нарығының жағдайын  талдау.

    Қазіргі таңда Қазақстан республикасында 38 сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы бар.   (2011 жылғы 01.04. жағдай бойынша)

    2011 жылдың 1 сәуірі мен 2010 жылдың 1 сәуіріндегі  статистикалық мәліметтерді салыстырғанда  сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 39,1 млрд теңгеге, жиынтық есептік меншік капиталы 29,3 млрд теңгеге, сақтандыру резервтері 10,2 млрд теңгеге, жарғылық капитал 11,6 млрд теңгеге өсті.

    Сақтандыру  сыйақылары бір жылдың ішінде 5,7 млрд теңгеге өсіп, 52, 5 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 2,3 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 4,4 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,9 млрд теңгеге ұлғайды. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,4 млрд теңгеге өсіп, 8,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру 0,5 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 1,5 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,4 млрд теңгеге өсті. (Қосымша Б)

    2011 жылдың  1  сәуірінің деректері бойынша Қазақстанның    сақтандыру нарығында 7 өмірлік сақтандыру бойынша компаниялар, 28 жалпы сақтандыру бойынша қызмет   атқарады,    78    ҚР   Ұлттық Банкі    лицензияланған    актуарилер,    мемлекеттік лицензиялары бар 14 сақтандыру брокерлері, 3 шетелдік компанияны айтуға болады.

    Қазақстан Республикасының қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау Басқарма Агенттігінің 2010 және 2011 жылғы қаулысымен сәйкес сақтандыру іскерлігінің ерікті түрін жүзеге асырушы келесідей класстарға лицензиялар берілді: «Өмірді сақтандыру», «Аннуитеттік сақтандыру» бойынша “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ, «Қазақстан Халык Банкі Еншілес ұйымы «Халық-Life» АҚ – бұрынғы атауы «Өмірді сақтандыру бойынша Қазақшетсақтандыру Еншілес ұйымы «Халық- Life» АҚ, «Казкоммерц-Life» ӨСК»(«Казкоммерцбанк»АҚ-ның еңшілес ұйымы), «Өмірді Сақтандыру – Компаниясы  «GENERALI   LIFE» «Assicurazioni Generali S.p.A.» еншілес компаниясы акционерлік қоғамы, "Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана-финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ берілді және де «жалпы сақтандыру» саласы бойынша «экспорттық несиелер және инвестициялар бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясына» лицензиялар берілді.

    2010 жылдың сақтандыру ісін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияларды 38 сақтандыру ұйымы сонымен қоса, 7 өмірлік сақтандыру бойынша, 26 міндетті көлік сақтандыру, 14 сақтандыру брокерлеріне, 78 актуарилерге, 34 сақтандыру бойынша аудиторлық қызмет атқаратын мекемелері алды. 2011 жылдың сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 39,1 млрд теңгеге өсті, жиынтық есптік меншік капиталы 29,3 млрд теңгеге ұлғайды, сақтандыру резервтері - 10,2 млрд теңгені өсті.

    Нарықтық  экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Ол қоғамға кездейсоқ жағдайларда туындаған шығындардың барлығын өтеуге көмектеседі. Сақтандырудың басты атқаратын қызметі - халықтың қауіпсіздікке деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Ең алғаш сақтандыру келісім - шарттарын Ежелгі Сирияда, Индияда, Вавилонда, Палестинада табылған.

    Қазақстанда сақтандыру компаниялары 1990 - жылдары  пайда бола бастады. Олар жоғарыда аталып, мысалға келтірілген АҚШ акционерлік қоғам түрінде қалыптаса бастады. Сол кезді алып қарайтын болсақ, ел ішінде коммерциялық шағын сақтандыру компаниялары болғанымен, халықтың көңілі бәрі - бір де мемлекеттік сақтандыру компаниясында болды.

    Сол кездердегі сақтандыруда заңнамалық үрдістің нашар болуы сақтандыру нарығының дамуын тежеп отырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тек 1992 жылдың шілдесінде ғана «Сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының алғашқы заңы жарық көрді. Осы заңға сәйкес сақтандырушының жарғылық қоры кемінде 100 000 рубльге тең болу керек болды. Егер де еліміздің сақтандыру нарығын сол кездегі Ресей Федерациясының сақтандыру нарығымен салыстыратын болсақ олардың жарғылық қоры 2 миллион рубльге теңестірілді. Сол заңнамаға сәйкес сақтандырушыларға үлкен көлемде салықтық жеңілдіктер болды. Сол кездің өзінде ғана олардың саны бүкіл республикада 600 жетті.

    Қазіргі таңда еліміздің аумағында көптеген шетел сақтандыру компаниялары да тіркелген, олар: ағылшын компаниялары - «Александр Хауден», «Седжвик», неміс - «Альянс», «Мюнхен - Ре», кәрістік - «Самсунг», ресейлік АСКО және т.б.

    Тек 2000 жылдардың басында ғана елімізде резиденттік емес компаниялар саны 2000 жж - 4, 2001 - 5, 2002 - 3 және 2003 - 6 болған.

    Қазақстанның сақтандыру нарығында үлкен орын алатын компанияның бірі - "СК "Еуразия" АҚ оның үлесі - 18, 9 % құрайды ( жиынтық активтері – 69,3 млрд теңгені құрайды). Келесісі "СК "Виктория" АҚ - 13, 7 % құрап, екінші орынды иеленіп отыр ( жиынтық активтері – 50,2 млрд теңге). Үшініші орында «Халық- Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ - 8,5 % ( 31,2 млрд теңге).

    Қазіргі күнде Қазақстанның сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша өз көшбасшысы бар. Оның бірі - “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ. Компания 1999 жылы ұйымдастырылған. Бұл компания өмірді сақтандыру бойынша қазіргі кездегі ең қолайлы сақтандыру өнімдерін ұсынады. “БТА Өмір” сақтандыру жөніндегі міндеттерін бірнеше рет атқарды. Соның бір мысалы, «31 канал» ТРК сақтандырылған журналисті жол апаты кезінде қайтыс болғаны үшін компенсация төледі.

    Қазіргі кезде компания Қазақстанның әрбір  аумағында өзінің білікті мамандары қаржылық агенттері бар. “БТА Өмір” іскерлігін жүргізгеннен бастап Қазақстанда көптеген адамдар өз өмірін әртүрлі апаттардан сақтап қалды.

    Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай сақтандыру нарығы экономикаға пропорционалды дамып келеді. Бұл жағынан Қазақстанның сақтандыру нарығын дәстүрлі түрде дамытуы жөнінде үлкен мүмкіндіктері бар.

    Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруды дамыту үшін барлық жағынан қолайлы шарттар қарастыру қажет (экономикалық, қаржылық, құқықтық). Осының арқасында ғана еліміздің сақтандыру нарығы дұрыс жолға қойылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары. 

    3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер. 

    Қазақстанда жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары санының көптігі мен жалпы көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы эканомикада және халықтың өмірінде элі маңызды ролге ие болған жоқ әрі өзінің бастапқы даму сатысында тұр деген қорытындыға келуге болады.

    Бүгінгі күні сақтандыру қызметінің сапасы төмен  болып отыр, ал олардың тізбесі көптеген сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген.

    Отандық сақтандыру компанияларының ірі  шығынының орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанарсыз, бұл сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды арттыру мен оларды ірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді. Қазақстанның қаржы регионының басқа бөліктердегі регионалдау тәжірибесі көрсеткендей, дәрменсіз қаржы ұйымдары индустрияның кейбір міндеттерін шеше алмайды және олардың халақаралық стандарттарға қол жеткізу айтарлықтай шектеулі.

    Республикадығы  сақтандыру әзіріне инвестициялық климатты жақсартудың негізгі құралы, ол сақтандыру ұйымдарының өздері нақты институционалдық инвесторлар бола алмай отыр.

    Қазіргі кезге дейін көбіне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға бағдарланған сақтандырудағы халық белсенділігінің төмен болу проблемасы бар және сақтандыруға тиісті қызығушылық тудырмай отыр. Мемлекеттік бюджет есебін және сақтандыру арқылы халықты әлеуметтік қорғау түрлерінің қолдану алсын шектеу осы проблеманы шешуге ықшам етуі тиіс. Халықты мемлекеттік емес әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең маңызды әлеуметтік құрал бола отырып, азаматттардың өмірі мен еңбек қабілеттілігін сақтау жөніндегі индустрия әлі күнге дейін тиісті түрде дамымай келеді. өмірді сақтандыру бойынша дамыған индустрия болмай, республикада жүзеге асырылып жатқан зейнетақымен қамтамасыз ету реформасынан толық пайда келуі мүмкін емес.

    Істің қалыптасқан жағдай сонымен қатар сақтандырушы жеке түлғаларға және олардың жеке сақтандыру жөніндегі жұмыс берушілеріне қазіргі салық салу тұрғысынан да әсер етеді. Атап айтқанда, сақтандыру шартында көзделген салыған төлеудің мерзімін ұзарту тетігі пайдаланылмайды. Жеке жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін көбейтуге бағытталған сақтандыру ұйымдарының инвеститциялық кірістерінің жинақтаушы зейнетақы қорларынан айырмашылығы жиынтық жылдың кірісіне енгізіледі және табыс салығы ұсталатын болады.

    Қазіргі жұмыс істеудің сақтандыру ұйымдарының  елеулі бөлігінде білікті мамандардың саны жеткіліксіз. Республиканың сақтандыру нарығындағы кәсіби сақтандыру делдалдарының ролі елеусіз. Қазақстанда қазір бар болғаны 6 брокерді сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Сақтандыру бойынша мамандарды оқытуды қазіргі заманғы жүйесін құру, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының қоғамдық біртестіктерін оны іске белсенді түрде қатыстыру қажет.

    Сақтандыру  регионындағы мәселелердің елеулі бөлігі сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі туралы заң актілерінің жетілдірілілуінен туындайды. Атап айтқанда, азаматтық заңдардың жекелеген ережелері өмірді сақтандыру, жинақтаушы түрлері мен аннуитенттер жүйесін дамытуды ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

    Сақтандыру  компанияларының қаржы тұрақтылығы транс қайта сақтандырусыз бола алмайды. Транс сақтандырудың көлемінің төмендеу тенденциясы қалыптасып келеді. Мемлекет жасаған жағдайлар, сақтандырушыларға өз активтерін өсіруіне, бірақта олар сақтандырушылармен қолданылмайды. Осы тенденцияны өзгерту үшін, сақтандыру компаниялырына нарықтық әдістермен әсер еткен жоқ. 18-бап 5-пункт «Сақтандыру ісі туралы» заңына сәйкес: Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру компанияларына берілетін, сыйақыларының максималды лимитін 80 пайызға төмендету.

    Шетелдарде  қабылданатын қайта сақтандырудың  көлемін кеңейту, себебі шетелдерде қайта сақтандыру компанияларына берілетін және қайта сақтандырудан қабылданатын сыйақыларының арасындағы балансты сақтау керек. Сондықтан Қазақстандық сақтандыру компанияларының халақаралық сақтандыру нарығына белсенді араласуын ынталандыру керек. 
 
 
 
 

    3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары.

    Елімізде    сақтандыруды    дамытудың   негізгі    мақсаты   -   мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердІң мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толықтыруды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.

    Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мұндай міндеттерді шешу көзделді:

  • әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаларын нақтылау;
  • сақтандыруды қолдау аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін 
    нақтылау;
  • сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфроқұрылымын қалыптастыру 
    және оның қатысшыларының - сақтық ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық 
    агент,   сақтанушы,   сақтандырушы,  пайда   алушы,   актуарий,   уәкілетті 
    аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты 
    кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалардың 
    қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
  • халықаралық сақтандыруды ескере отырып, сақтық қадағалауының жүйесін ұйымдастыру;
  • сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша талаптарды көшейту;
  • осы заманға сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
  • сақтандыру саласында кадрлар даярлау,  қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін арттыру.

    Сақтандыруда  дамыту, өз кезеңінде заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-несие саясатын жетілдіруге, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымдыры жұмысының сенімділігіне байланысты болады.

    Қазіргі заманғы сақтандыру нарығының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен қатар актуарийлер (сақтық міндеттемелерінің эканомикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.

    2005 жылғы 1 шілдеден бастап «Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулар)

       Енді еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілсе, онда зиян шеккен қызметкер, ал ол қайтыс болған жағдайда, асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтетуте құқығы бар адамдар мынадай төлемдерге:

Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары