Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Сақтандырудың экономикалық мәні..................................................................5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................12
II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау......................................................................................................................15
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері................................-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................21
III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.........................................................................................24
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Табиғаттың төтенше күштері, кездейсоқ құбылыстар, өндірістік факторлар мен ақшалай кірістер есебінен қатерлердің орнын толтырумен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөледі.
Сақтандырудың мақсаты азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе ұжымды қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді қорғау болып табылады.
Сақтандыруға тән қасиеттер:
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық заттай тасушылары болып қоғамдық ұдайы өндіріс элементтері, сақтандыру қорлары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаржылары, ерікті аударымдары мен қайырымдылық қаржылары және басқа да сақтандыру қатынастарының қатысушылары тарапынан төленетін арнайы төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай және заттай құралдар резерві түрінде сипатталатын сақтандыру қоры табылады.
Нарықтық экономикада сақтандыру қатынасының маңызды бөлігі коммерциялық болып табылады. Біріншіден, бұл жеке және мүліктік сақтандыруға қатысты. Өйткені, олардың қызметтері өзіндік сақтандыру қызметтеріне трансформацияланып, қызметтердің еркін нарығында ұсынылады. Мұндай қызметтің бағасы сақтандыру тарифтері мен салымдар түрі ретінде көрінеді. Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне байланысты анықталады. Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне байланысты анықталады. Сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту үшін қызметін жақсартады, оның ассортиментін кеңейтеді, шығындарды өтеу туралы кепілдіктерді жоғалтады. Сақтандырушылар салымдары есебінен қалыптасқан сақтандыру қорлары белгілі бір уақытта өздерінің тікелей мақсаты бойынша сақтандыру - төлемдері үшін қолданылмайды. Мұндай жағдайларда сақтандыру қорының қаражаттары табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберіледі. Сонымен бірге, бұл табыстардың бір бөлігі клиенттерді тарту үшін сақтандыру қызметіне бағаларды мақсатты түрде төмендетуге бағытталады. Сақтандыру ұйымының мұндай операцияларды жүргізуі (клиенттерді тартуы) сақтандыру нарығында бәсекенің пайда болуына әкеледі. Өйткені, көптеген адамдар жағымсыз жағдайлар кезінде шығындардан тиімді шығу жолын іздейді.
Сақтандыру
ұйымының қызметі, пайда табу мақсатында
аралас салаларға қаражаттарды инвестициялауы
сақтандыру ісі деп аталады. Осылайша
салаларға бөлініп, олар қазіргі кезде
өз қызметтерін атқаруда.
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сақтандыру қызметі - сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сатыларды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Жоғарыда аталып өткендей сақтандырудың өзіне тән қасиеті бар және де сол қасиеттерге байланысты бөлініп, әр түрлі әдістер мен ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты жұмыс атқарады.
Қатынастардың
бір бөлігі сәйкес ақша қаражаттар
қорының бағыты кең мақсатты резервтік
қорларды қолдану, қоғамдық қорғау жүйесі
арқылы жалпы салыстырмалы сипатқа ие
болады. Бұл қатынастар мен қорлар жалпы
ұлттық сипат алатын төтенше құбылыстарды
жою мен алдын алу үшін бағытталған және
олармен байланыста болады. Мұндай жағдайларда
тұрақты қорлардан басқа (жалпы қоғамдық
материалдық резервтер, Үкіметтің резервтікқорлары)
кәсіпорындар, ұйымдар, қайырылымдылық
есебінен қосымша қаражаттарының жұмылдырылуы
мүмкін. Бұл қорлар халық залалының орнын
толтыру үшін, инфрақұрылым мен өндіріс
объектілерін қайта құру, экологиялық
тепе - теңдік қалыптастыру шараларын
іске асыру үшін қолданылады. Қатынастардың
екінші жағы әлеуметтік сақтандыру және
әлеуметік қамтамасыз ету тәрізді салыстырмалы
тар мақсатты қорларды құру және пайдалану
арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын
қорғауға бағытталады. Бұл қатынастар
халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен
байланысты болып келеді. Қатынастардың
үшінші бөлігі халықтың денсаулығы мен
әл - ауқатын, мүлігін, сондай - ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілердің мүлігін сақтандыруды
және осы жиынтық шеңберінде қатынастардың
баламалылығына қол жеткізуді сипаттайды.
Бұл азаматтарды мүліктік және жеке сақтандыру,
сондай - ақ шаруашылық субъектілерінің
мүлігін сақтандыру.
Жалпы сақтандыру 4 салаға бөлінеді.( Қосымша А)
Жалпы сақтандыру жүйесінің дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәніне осы категорияның қоғамдық мақсатының сипатталуы ретіндегі қызметтері сәйкес келеді. Бөлу қызметі: оның ерекшелігі - ол қайта бөлу ретінде қатысады. Ол ескерту қызметіне қосылады, мысалы, сақтандыру жағдайының бөлу мүмкіншілігін ескерту шараларын қаржыландыру жолымен болдырмау. Жеке сақтандыруда бөлу қызметі жинақтау қызметіне қосылады. Бақылау қызметі сақтандыру қорының мақсатты қолдануы мен сақтандыру қорының мақсатты төлемдерінің жұмылдыруын қамтамасыз етуі бойынша нақты қатынастарда көрінеді.
Сақтық келісімшарттарын жасауғы және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі. Сақтық нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу, сату объектісі «ерекше тауар» сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Сақтандыруда сақтандыру резервтері мен қорларды құруының негізгі екі тәсілі қолданылады: бюджеттік және сақтандырушылық. Ірі катастрофалар мен апаттардың нәтижелерін жою үшін қосымша әдіс ретінде қайырымдылық жинау қолданылады. Сонымен бірге өзін - өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарының немесе материалдық запастардың құрылу әдісі болуы мүмкін, яғни бір азамат немесе бір шаруашылық субъект шегінде. Мұндай әдіс ауыл шаруашылық (запасы - фураждар қоры, дән, жем, жанармай), материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындарда (шикізат, жартылай фабрикаттар және тағы басқа материалдар запасы) қолданылады: азаматтардың жеке жинақтары оларды сақтандыру запастары (қорлары) ретінде қарастырылуы мүмкін. Сақтандыру түріне және заңға немесе сақтандыру қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім - шартқа байланысты анықталады. Сақтандыру қатынасының бірінші бөлімі - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс қолданылады, екінші бөлім - әлеуметтік сақтандыруда екеуі де, үшінші бөлім - мүліктік және жеке сақтандыруда тек сақтандыру әдіс қолданылады.
Ал
сақтандыру нысандарына келетін
болсақ, сақтандыру нысандары жайлы
бізге көбінесе ақпарат беретін еліміздің
Азаматтық Кодексі болып табылады.
Сақтандыру нысандары.
1.Сақтандыру нысандары:
2.
Сақтандыру қызметін
1.3 Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қазіргі кездегі сақтандыру нарығы өздерінің түрлері мен көлемі бойынша күллі әлемде өзіне теңін таба алмайтын шығар.
Қазіргі кезде АҚШ монополиялары бүкіл әлемдегі сақтандыру нарығының 50 % бақылап отыр. Тек АҚШ өзінде ғана 10 мыңға жуық сақтандыру компаниялары бар, соның ішінде 8 мыңға жуығы мүліктік сақтандыру бойынша жұмыс жасайды. АҚШ өзіміз білетіндей әрбір штаттың өзіне тән заңнамалық құжаттары бар, сол сияқты сақтандыру саласында да әрбір штаттың өзіне тән сақтандыру жөніндегі заңнамалық құжаттары бар, сондықтан сақтандыруды бақылайтын жалпы мемлекеттік немесе федералдық орган жоқ.
Әрине, әр штат өзіне тән жарғылық капиталын және сақтандырудағы ұсынатын қызметтерінің түрлерін бекітеді. Бақылаушы сақтандыру ұйымы сақтандыру компанияларын, брокерлерін, агенттерін тексере отырып, оларға лицензия береді.
Сақтандыру ұйымдарының екі типтері бар олар: акционерлік қоғамдар, өзара сақтандыру ұйымдары. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары әрине жоқ. Компанияның акцияларын заңды және жеке тұлғалар арасында үйлестіріледі. Негізінде АҚШ өзара сақтандыру ұйымдары тарихи тұрғыдан қарағанда ертерек қалыптасып қалған, бірақ акционерлік компаниялар оларға қарағанда көбірек.
Америкада сақтандырудың үш типтері бар:
Көптеген штаттардың заңнамасында сақтандыру компанияларының мүлікті және өмірді сақтандыру бойынша жүргізілетін операцияларының специализациялары жазылған. Қазіргі кезде АҚШ сақтандыру компанияларының активтері 1,6 триллион долларды құрайды немесе бір сақтандыру компаниясына 950 миллион доллардан келеді. Сақтандыру индустриясының антимонополиялық заңнамаға келмейтіні тек АҚШ тән қасиет болып келеді.
Барлық
сақтандырушылар үнемі
Брокерлік компаниялардың да өздеріне тән спецификалық бөлімшелері бар. Олар да басқа компаниялардың қаржылық жағдайларын зерттеп, қызмет көрсету деңгейі, қызметтердің бағалары жайлы сараптама жасап үнемі хабарлап отырады.
Әрбір сақтандыру компанияларының криттерийлері ретінде шығыстардың деңгейі, табыстардың және инвестициялар бойынша түсім коэффициенттері, дебиторлық қарыз деңгейі саналады.
Өмірді сақтандыру АҚШ сақтандыру компанияларында үлкен беделге ие болып табылады. Сондықтан да өмірді сақтандыру саласына үлкен қаржылық құралдардың түсімі ағылуда, ал олар әртүрлі зейнетақы қорларына келіп түсуде. Бұл қаржылық құралдарды басқару үшін де үлкен комиссиондық төлемдер алынуда, олар да миллиондаған табыстар әкелуде (0,1 % мөлшерінде).
Американдық сақтандыру қоғамында инвестициялардың ағылуы үлкен орын алады. Өйткені жылдық қорытындылар бойынша инвестициялардан түскен түсім негізгі болып табылады.
Осыдан
инвестициялық ресурстар
Ежелден қазіргі күнге дейін Американың аты әйгілі сақатндыру компаниялары келесілер: «Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани» (1922 жылы Техас штатында негізі қаланды) негізгі қызметі транспорттарды сақтандырумен айналысады, өздерінің алған алғыстары бойынша бүкіл әлемде бірінші орын алады.
Тағы
бір аты әйгілі компаниялардың бірі
«Метрополитен Лайф иншуранс Компани»,
(1868 жылы Нью - Йоркте негізі қаланған,
ал 1915 жылдан бастап өмірді сақтандыру
бойынша жұмыс жасауда).
Америка Құрама Штаты | Қазақстан Республикасы |
АҚШ нарығында 10 мыңнан астап сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Олардың 8000 мүліктік сақтандыру мен айналысады. Әр штаттың жеке сақтандыру заңы бар. Сонымен бірге сақтандыру үйымдарының екі түрпаты бар. Бірінші акционерлік қоғам. Екіншісі өзарасақтандыру қоғамы.Акционерлік қоғамды жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Сондықтан мемлекеттік сақтандыру ұйымдары болмайды. Сақтандыру қызметі үш бағыт бойынша жүреді;
|
Дүние жүзілік тәжірибе бойынша сақтандыру катигориясы екі бағытта қызмет атқарады: 1.Монопольді; 2.Бәсекелестік сақтандыру нарығы. Қазақстан сақтандыру нарығында 41 сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары өз қызметтерін жүзеге асыруда. Негізінен сақтандыру нарығында жеке меншік сақтандыру компаниялары қалыптасқан. 2004 жылдан бастап, сақтандыру нарығын реттеумен айналысатын жеке меншік мамандандырылған орган құрылған. «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша агенттік» |