Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовойкаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

  Осылайша, Ресей Федерациясыныңбюджеттен  тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кірде.

  Осылайша  мемлекет қолындағы қалып ресурстарын  орталықтандыру процесі қызу қарқынмен  жалғасуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды  

   Менің курстық жұмысымның тақырыбы –  «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері». Курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады.

   Курстық жұмысымның І – бөлімінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, оның ерекшеліктері туралы қарастырдым. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

         Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы  қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

         мемлекеттің бюджет жүйесі;

         арнаулы бюджеттен  тыс қорлар;

         мемлекеттік несие;

         жергілікті қаржы;

         шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы;

         халықтың қаржысы.

         Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

  Ал  ІІ – бөлімінде Ресей Федерациясының қаржы жүйесі туралы қарастырдым. Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

  Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы  қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

  - мемлекеттік бюджет;

  - сақтандыру қорлары;

  - қор нарығы;

  - мемлекеттік несие;

  - шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің  қаржылары;

  - бюджеттен тыс қорлар.

   Жоғарыда  келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу  субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

    1. Аубакиров Я.Ә. «Экономикалық теория» Алматы, 1999ж

  2. Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С, Жалпы экономикалық теория. Алматы Ақтөбе. 2002 ж.

   3. Крымова В. «Экономикалық теория»: кестелі оқу құралы, Алматы, 2003ж.

   4. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.

   5. Экономикалық теория. Әкімбеков

   6. Банк ісі. Мамыров

   7. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. –  Алматы:ИздатМаркет 2004ж.

   8. Сейіткасымов Ғ.С. Ақша, несие, бакнтер. Алматы: Экономика, 2001.

   9. Көшенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика. 2000ж.

   10. Экономикалық теория. Әкімбеков 
 
 
 


Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі