Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты.

Работа содержит 1 файл

курсовойкаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

   Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына  мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

   Мемлекеттік бюджет – қаржы жүйесінің басты  саласы. Ол мемлекеттің де басты  саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері  мен шығыстарын біріктіреді.

   Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

   1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың  пайдасы 90,5 трлн,немесе мемлекеттік  бюджеттің 63% құрады.

   Қоғамның  сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып  отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін.Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

   Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей  Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.  
 
 
 
 

 

1 –  сызба. Ресей Федерациясының қаржы  жүйесі. 
 
 
 
 
 
 

2.2 Ресейдің негізгі  әлеуметтік –  экономикалық көрсеткіштері

 

   Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:

   Халық саны – 145,2 млн адам

   Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам

   Халықтың  ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.

   Халықтың  ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) 38,805 рубль.

   Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың  жылдық орташа саны – 65359 мың адам.

   Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль

   Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 75497,0 рубль

   Өнекәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль

   Негізгі капиталға күрделі салымдар – 175807 млн рубль

   Бюджет  табыстары – 3519,2 млрд рубль 

   Бюджет  шығындары – 3422,3 млрд рубль

   Экспорт – 106154,3 млн доллар

   Импорт  – 461530 млн доллар

   Ал, күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты.Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген. 
 

 
 
 
2004 2005
АҚШ – ң млн долл. %  АҚШ –  ң млн долл. %
Барлық  күрделі салымдар 14258 100 19780 100
Германия 1237 8,7 4001 20,2
Кипр 2331 16,3 2327 11,8
Ұлыбритания 1553 10,9 2271 11,5
Швейцария 1341 9,4 1349 6,8
Франция 1201 8,4 1184 6,0
Нидерланды 1249 8,8 1168 5,9
АҚШ 1604 11,2 1133 5,7
Жапония 408 2,9 441 2,2
Австрия 423 3,0 376 1,9
Швеция 72 0,5 139 0,7
Басқа да елдер 2839 19,9 5391 27,3

           Ресей Федерациясының бюджет құрылымы 

  2004 2005
  млрд рубль ЖІӨ - ге % млрд рубль ЖІӨ - ге %
1 2 3 4 5
Табыстар 2683,7 29,7 3519,2 32,4
Оның  ішінде:        
Салықтық  табыстар 2345,0 25,9 3136,8 32,4
Олардан:        
Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 513,8 5,7 463,3 4,3
Жеке  тұлғалардың табысына салынатын  салық 255,8 2,8 358,1 3,3
Қосылған  құнға салынатын салық 639,0 7,1 752,7 6,9
Акциздер 243,3 2,7 264,1 2,4
Мүлікке салынатын салықтар 89,6 1,0 120,5 1,1
Табиғи  ресурстарды пайдалану үшін төлемдер 135,7 1,5 330,8 3,0
Сыртқы  сауда мен сыртқы экономикалық операцияларға  салынатын салық 331,3 3,7 323,4 3,0
Бірыңғай  әлеуметтік салық 0,0 0,0 339,5 3,4
Салықтық  емес табыстар 198,7 2,2 266,4 2,4
Олардан:        
Сыртқы  экономикалық саладан 51,5 0,6 65,4 0,6
Мемлекеттік немесе муниципалды меншік иелігіндегі  мүліктерден түскен табыстар 115,8 1,3 160,5 1,5
Қайтарымсыз аударымдар -15,0 - -56,7 -
Мақсатты  бюджеттік қорлардың табыстары 146,7 1,6 160,3 1,5
Кәсіпкерлік саладан табыстар 8,3 0,1 12,4 0,1
Шығыстар: 2419,4 26,8 3422,3 31,5
Оның  ішінде        
Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі  басқару 111,0 1,2 149,0 1,4
Халықаралық іс 23,8 0,3 34,2 0,3
Ұлттық  қорғаныс 247,7 2,7 295,4 2,7
Құқық қорғау және мемлекет қауіпсіздігін  қамтамасыз ету  183,9 2,0 240,4 2,2
өнеркәсіп, энегетика және құрылыс 237,4 2,6 324,5 3,0
Ауыл  шаруашылығы және балық аулау 67,4 0,7 59,8 0,6

2.3 Ресейдің бюджет  жүйесі мен бюджет  құрылымы

 

   Қандай  мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде  басты орынға ие – мемлекеттік  бюджет.

   Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:

   Мемлекет  өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет – мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындырған болатын.

   Дегенмен, 80 – 90 жылдардағы Ресейдегі саяси  өзгерістер Ресей экономикасын толығымен  өзгертіп жібергені анық. Меншіктің  жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау мәселесі туындайды.

   Мемлекет  қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны – дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:

         федералды бюджет;

         федерация субъектілерінің  бюджеті;

         жергілікті бюджеттер.

   Сондай  – ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиалды түрде өзгертті.

   Осылайша  бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:

   Бірінші деңгейРесей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;

   Екінші  деңгейРесей Федерациясының субъектілер бюджеті және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;

   Үшінші  деңгейжергілікті бюджеттер.

   Ескере  кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК – сі қабылданғанға дейін бюджеттен  тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.

   Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша  осы бюджеттер жиынтығы – жиынтық  немесе құрама бюджет деп аталады.

   Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекітілген мемелекеттің басты қаржы  жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖҰӨ - ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық  дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.

   Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды  бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаоажаттарының қорлары.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайына әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.

   Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен құралады.

   Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералдықазыналығымен жүзеге асырылады.

   Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:

  - Ресей Федерациясының зейнетақы  қоры;

  - Ресей Федерациясының әлеуметтік  сақтандыру қоры;

  - Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;

  - Ресей Федерациясының халықты  еңбекпен қамту қоры;

  - Ресей Федерациясының жол қоры;

  - Ресей Федерациясының экономикалық  қоры;

  - Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес  қоры;

  - Ресей Федерациясының шекара  қызметін дамыту қоры;

  - Ресей Федерациясының атом энергиясы  министрлігінің қоры;

  - Ресей Федерациясының кеден жұмысын  дамыту қоры;

  Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды  қоры жаңа заңдылық бойынша мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлар құрам құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі