Жәнеде, зейнетақы қорлдарының инвестициялық
мүмкіншілігінің дамуына әсер
ететін тағы бір жағдай - қаржы
нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз
саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда
инвестицияның қандай инструменттеріне
немесе мерзіміне қарамастан
тәуекелділігі жоғарылайды.
Қазіргі кезде мұндай жағдайдан
шығу үшін портфель құрылымын
тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл
қазір қиынға түседі – зейнетақы
қорларының активтері өз бетімен
таратылмайды, ол активтерді басқару
компанияларына қаражат жіберу
арқылы жүзеге асырылады және
компания инвесторларды инвестициялау
процесіне қатыстырмауына да
болады. Портфельдік инвестициялауды
дамыту қазір орынды және инвестициялық
саясатты басқару компаниясымен
бірлесіп істеу нысанын және
оның қызметін бақылау мерзімімен
қайта –қайта қарастырылуы қажет.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы
қорларының инвестициялық қызметінің
ерекшеліктерін ескере отырып ,
мемлекет тарапынан зейнетақы
қорларының қаражатын ел зкономикасы
үшін өте маңызды инвестициялық
бағдарламаларға орналастырған
орынды болар еді. Зейнетақымен
қаматамасыз ету жүйесінің қызметін
реттейтін нормативтік құжаттардың
зейнетақы қорларының инвестициялық
қызметінің дамуына ешқандай
жағдай жасамағанын көрсетеді.
Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде
инвестициялық қызметке салық
салудан жеңілдік беру немесе
инвестициялық тәуекелділіктен
сақтандыруды қарастыруға болады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы
қорларының сенімділігін көрсететін
негізгі және шындыққа негізделген
тәсілдердің арасынан, қазіргі
кезде әлеутеттік – экономикалық
жағдайға байланысты мына факторларды
бөліп көрсетуге болады:
- әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру
- мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру
- өзіндік резервтік өорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру