Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2011 в 21:49, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
* шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен мазмұнын ашу;
* шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтерін қарастыру;
* Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасын талдау;
* Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау;
* шағын және орта бизнестің даму перспективасы ашып көрсету;
* шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.
КІРІСПЕ .................................................................................................................3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны ...........5
1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтері...............................................................................................................8
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы........................................................................................................11
2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау......................................................................................................................12
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнестің даму перспективасы..................................15
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру ................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын
және орта бизнестің даму перспективасы
Қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.[5, 235б]
Шағын және орта бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, шағын бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлік бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі.
Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.[5, 236б] Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:
Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын бизнес жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2007 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2008 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2007 жылдың екінші тоқсанында 7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2008 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін:
Қазақстан Республикасындағы
3.2 Шағын
бизнесті басқарудың экономикалық
механизмдерін жетілдіру
Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.
Қазіргі кезде бұл касіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық - несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорынның несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың, қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері санын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары:
Бағдарламаның міндеттері:
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.
Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын кәсіпорындар кадрларды даярлау, банктік несие алу және информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, т.б. салаларда орын алып отыр. Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі